Презентация Қазақстандағы институттар, коледждер, училищелер және театрлардың ашылуы киномотографиның дамуы онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Қазақстандағы институттар, коледждер, училищелер және театрлардың ашылуы киномотографиның дамуы абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 10 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Искусство и Фото » Қазақстандағы институттар, коледждер, училищелер және театрлардың ашылуы киномотографиның дамуы



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    10 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    1.94 MB
  • Просмотров:
    98
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
азастандаы институттар,
Содержание слайда: Қазақстандағы институттар, коледждер, училищелер және театрлардың ашылуы киномотографиның дамуы Мұфтоллаев Дулат

№2 слайд
жылы су рде Сауатсыздыты жою
Содержание слайда: 1924 жылғы сəуірде “Сауатсыздықты жою” қоғамы құрылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс жүргізді. 1926 жылғы мамырда Халық Комиссарлар Кеңесі “Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын” қабылдады. Үш жылдық жəне төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұсталды. Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада ашылды. 1931 жылғы желтоқсанда “15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті сауат ашу” енгізілді. Ұлы Отан соғысы алдында еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою аяқталды.

№3 слайд
- оу жылында отырышы
Содержание слайда: 1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінде көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді. Барлық жерде жалпыға бірдей білім беру жөніндегі қоғамдық қорлар құрылды. Білім беру ісіне қамқорлық жасауды Қазақстан комсомолы мойнына алды. Ұлттық зиялы қауым қайраткерлері ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға кірісті. 1920-жылдардың ортасында республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс жəне эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді.

№4 слайд
Соыс арсаында жздеген мал
Содержание слайда: Соғыс қарсаңында жүздеген мұғалімдер ордендермен және медальдармен марапатталды. “Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі” атағын алғаш алған ұстаздар – С.Көбеев, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков т.б.

№5 слайд
азастанда тыш жоары оу орны
Содержание слайда: Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны – педагогикалық институт 1928 жылы ашылып, оған кейін Абайдың есімі берілді. 1929-1931 жылдары Алматы зоотехникалық-малдəрігерлік, ауылшаруашылығы және медициналық жоғары оқу орындары ашылды. 1931-1932 жылдары Орал жəне Қызылорда педагогикалық институттары ашылды. 1934 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Қазақ кен-металлургия институтының ашылуы республикада инженер-техник кадрларын даярлаудың негізін қалады. Кейіннен Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер инстуттары ашылып, олар педагогика институттары болып қайта құрылды

№6 слайд
Театрлар аз рг аза кс би
Содержание слайда: Театрлар Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. 1859 ж. Оралда, 1869 ж. Орынборда, 1875 ж. Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады. 1890 ж. Семей қ-нда “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” ұйымдастырылды. Алғашқы драм. шығармаларда Г.Д. Гребенщиков “Жақсы жігіт” пьесасының (1907) сюжетін қазақ тұрмысына құрса, Н.П. Анненкова-Бернар ұлттық дастан негізінде 1908 ж. “Бекет” атты драма жазып, кейін оны сахнаға шығарды. 1913 – 14 ж. Семейде қазақ мұғалімдері мен оқушы-жастар бірлесіп, “шығыс кеші” деген атпен ойын-сауық кештерін ұйымдастырды. Ұлттық театр өнері тарихында мәні зор ойын-сауықтар қатарында: Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арналған әдеби, этногр.-муз. кеш (1914), “Біржан мен Сара айтысы” (1915, екеуі де Семейде) және “Қазақша қыз ұзатудың” (1915, Атбасарда) сахнаға лайықталған нұсқасын атауға болады.

№7 слайд
азастан аумаындаы алашы
Содержание слайда: Қазақстан аумағындағы алғашқы киносеанс 1910 жылы болды, бірақ бұл комерсанттардың ақша табу мақсатындағы кәсібі болғандықтан ол елде кино өнерінің таралуына да, кино индустриясының орнауына да әкелген жоқ. Қазақстандағы киноның алғашқы қадамдары 1925 жылы жасалды. Осы кезде Қызылордада өткен Республика кеңестерінің V съездінің хроникалық түсірілімдері жасалды. Сол жылы Қазақстан туралы алғашқы деректі фильм — «ҚАКСР-ның мерейтойы» түсірілді.

№8 слайд
Востокфильм жылы Алматыда
Содержание слайда: Востокфильм 1929 жылы Алматыда Жалпы ресейлік «Востокфильм» өндірістік бөлімшесі болып табылатын алғашқы киностудия ашылды. Зертхана, монтаждық, мультипликациялық және жазбалар жасайтын цехтар салынды. Бөлімше өз күшімен «Соңғы хабар» деген жалпы атауға ие болған бірнеше хроникалық киножурнал жасап шығарды. Бірнеше қысқа метражды деректі фильм түсірілді: «Ауылдардағы кооперация», «Жаңа астана» (Алматы туралы), «Қызыл Әскер», «Жайлауға» және Түрксіб құрылысы туралы екі киноочерк. 1931 жылы жабылып қалды, ал «Востоккино» басшылығы жұмыстың бәрін Мәскеуге көшірді.

№9 слайд
Амангелд жылы Ленфильм
Содержание слайда: Амангелді 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясында алғашқы қазақ көркем фильмі — «Амангелді» түсірілді (сценаристтер: В. Иванов, Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов; режиссеры М. Левин; басты рөлді сомдаған Е. Өмірзақов). Бұл фильм Қазақстан кинематографының негізін қалады. Оның экранға шығуы Қазақ КСР-ның мәдени өміріндегі үлкен оқиға болды. Фильмнің көрермендерге ұнағандығы соншалық, көрермен залынан шыққан жұрт билетке кезекке қайтадан тұрған. БАҚ та фильмге жақсы баға берді, ал оның авторлары Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды

№10 слайд
Пайдаланылан дебиеттер http
Содержание слайда: Пайдаланылған әдебиеттер http://el.kz/ http://e-history.kz/ http://yvision.kz/

Скачать все slide презентации Қазақстандағы институттар, коледждер, училищелер және театрлардың ашылуы киномотографиның дамуы одним архивом: