Презентация Экономиалық өсу және нарық экономикасының циклділігі онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Экономиалық өсу және нарық экономикасының циклділігі абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 14 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Экономика и Финансы » Экономиалық өсу және нарық экономикасының циклділігі



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    14 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    66.86 kB
  • Просмотров:
    137
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Др с Экономиалы су жне нары
Содержание слайда: Дәріс 13 Экономиалық өсу және нарық экономикасының циклділігі

№2 слайд
Жмыссызды мн , себептер мен
Содержание слайда: Жұмыссыздық: мәні, себептері мен нысандары. Оукен заңы. Жұмыссыздық – еңбек нарығының құрамдас элементі болып табылады. Еңбекке қабілетті адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге жарамды адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын - нарықтық емесе құрылымда істейтіндер (мемлекеттің әскері органдарда, милицияда, мемлекеттік аппаратта), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдар саны сияқты көрсеткіштер сипаттайды. Макроэкономикада осы көрсеткіштердің дәрежесі мен динамикасы бірнеше факторларға: демографиялық, жыныстық, жастық этникалық, халықтың әлеуметтік құрамына, жекелеген аймақ пен салалардағы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді болады.

№3 слайд
Жмыссызды деген м з бл ебекке
Содержание слайда: Жұмыссыздық дегеніміз – бұл еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылмауы. Нарықтық экономикада жұмыссыздық негізінде дағдарыстар кезінде көбейеді. Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мынадай типтерге бөлінеді: 1. Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың бір орнынан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіптен екінші кәсіпке ауысуымен байланысты болатын уақытша жұмыссыздық. Фрикциондық жұмыссыздықтың дәрежесі жаңа жұмыс іздеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді.

№4 слайд
. рылымды жмыссызды -
Содержание слайда: 2. Құрылымдық жұмыссыздық - экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Бос жұмыс орындарының арасындағы кәсіби біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістерді тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады, капиталдар нарығындағы сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымында өзгерістер пайда болады - бұл жұмыс күшінің тұрақты түрде аумақтық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. Фрикциондық жұмыссыздықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте қатарынан 6 айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе мамандығы ескірген жұмысшылар ұшырайды және мұның өзі экономикалық жағынан артта қалған аудандар халықтарын қамтиды.

№5 слайд
. Маусымды жмыссызды - нд р
Содержание слайда: 3. Маусымдық жұмыссыздық - өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс, т.с.с. Мұнда еңбекке сұраныс жыл бойында елеулі түрде өзгеріп отырады. 4. Циклдық жұмыссыздық – бұл негізінде экономикалық құлдырау мен дағдарыс кезінде орын алатын жұмыссыздық түрі. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады. 5. Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, яғни бұл біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді; Құрылымдық және функциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықтың «табиғи» деңгейін жоғарылатады. Жалпы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі АҚШ-та ХХғ. 90 жылдары 6-7% болса, экономикасы дамыған басқа елдерде ол біршама төмен.

№6 слайд
Жмыссызды нарыты экономикаа
Содержание слайда: Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ, оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып кетсе экономикаға залалын келтіреді. Ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды. Шамадан тыс жұмыссыздықтың кері әсерлері: біріншіден - әлеуметтік, яғни, жұмысшылардың ешқандай жұмыс істемеуі, олардың мамандығының жойылуына, тұлғалық азғындалуына, әлеуметтік және саяси шиеленіске әкеледі. Екіншіден, экономикалық - яғни, өнім шығарылмайды.

№7 слайд
Инфляцияны мн , трлер ,
Содержание слайда: Инфляцияның мәні, түрлері, типтері және пайда болу себептері Инфляция – бұл өндіріс үрдісінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі, әрі көп факторлы құбылыс. Инфляция - дегеніміз баға деңгейінің тұрақты көтерілуі салдарынан ақшаның құнсыздануы. Инфляция мынадай себептерден туындайды: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу үшін қағаз ақшаларды шығару; мемлекеттің өндірістік емес шығындарының артуы; тауар тапшылығының негізінде бағаның өсуі; кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы; жалақының еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және т.б. Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуіне және артық ақша эмиссиясының пайда болуына алып келеді.

№8 слайд
Дниежз л к тж рибеде
Содержание слайда: Дүниежүзілік тәжірибеде инфляцияны мынадай шартты түрлерге бөленді: - экономиканы қамтитын аумағына байланысты – жергілікті, ұлттық және әлемдік инфляция; - қозғалыс қарқынына байланысты – біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы (бір қалыпты емес) инфляция; бағаның жылдық өсу қарқынына қарай баяу, қарқынды және ұшқыр инфляция деп бөлінеді: баяу инфляция - онда бағаның өсу қарқыны жылына орта есеппен 5-10%-дан аспайды; қарқынды инфляция (галопирующая) - онда бағаның өсуі орта есеппен 10%-дан 100%-ға дейін өседі; ұшқыр инфляция (гиперинфляция) - онда бағаның өсуі жылына 100%-дан асады. Халықаралық Валюта Қорында баға айына 50%-ға өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыры (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляцияның өсуі жұмыссыздықтың өсуімен және өндірістің құлдырауымен ұштасса, ондай құбылысты стагфляция деп атайды.

№9 слайд
Ерк н баа белг леу
Содержание слайда: Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ашық инфляция нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен, оны толық бүлдіре алмайтын көрсетеді. Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция бағалар реттелетін экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинауда, астыртын экономикада, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді.

№10 слайд
Сраныс инфляциясы нег з нен
Содержание слайда: Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалай факторларға байланысты туындайды, яғни, айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп, жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне әкеледі. Шығындар инфляциясы – өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды.

№11 слайд
Инфляция баа индекс кмег мен
Содержание слайда: Инфляция баға индексі көмегімен өлшенеді.   Баға индексі ═ ағымдағы баға–базистік баға * 100% базистік баға   Инфляция салдарын бейтараптандыру мақсатында мемлекет инфляцияға қарсы экономиканы сауықтыру және тұрақтандыру, ақша эмиссиясын жою, ақша реформасын жүргізу сияқты саясаттар жүргізеді. Сонымен қатар, инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін ақша айналымын тұрақтандыру мақсатында мынадай тәсілдер қолданылады: нөлдендіру (нульификация), девальвациялау, ревальвациялау және деноминациялау.

№12 слайд
Нлденд ру мемлекет нсызданан
Содержание слайда: Нөлдендіру – мемлекет құнсызданған қағаз ақшаны жарамсыз деп жариялауы керек, және ескі ақша белгілері жаңасына белгілі бағамен айырбасталады. Яғни, құнсызданған ақша бірлігін айналымнан шығару. Девальвация – бұл ұлттық валюта курсын шет ел валютасымен салыстырғанда төмендету. Ревальвация – бұл ұлттық валюта курсының шет ел валютасы қатынасына қарай көтерілуі. Дефляция – айналыстан артық ақшаны алып тастау арқылы оның көлемін азайту. Деноминация – ескі ақша белгілерін жаңаға айырбастау және баға масштабын өзгертіп, ұлттық валютаны нығайту шарасы.

№13 слайд
Инфляция жне жумысызды
Содержание слайда: Инфляция және жумысыздық арасындағы қарым қатынас. Филлипса сызығы. P U В результате темпы роста цен сократятся до уровня Р3, а безработица возрастет, её норма составит U3. Практика экономического регулирования показала, что кривая Филлипса может быть применена для экономической ситуации в короткие периоды, поскольку в долгосрочном плане (5-10лет), несмотря на высокий уровень безработицы, инфляция продолжает нарастать, что объясняется целым комплексом обстоятельств.

№14 слайд
дебиеттер т з м Нег зг
Содержание слайда: Әдебиеттер тізімі Негізгі Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы «Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» 18.01.2014ж Назарбаев Н.Ә. 100 нақты қадам./ Стратегиялық даму жоспары.02.2015 ж. Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан экономикасының дамуының басты бағыты». //Егемен Қазақстан 2012ж. 27 қаңтар. Доғалов А. Экономикалық теория негіздері/ Оқу құралы. Алматы, Экономика.-2014 ж. Экономика теория негіздері. Оқулық. Алматы, Қазақ Университеті 2002ж. Қосымша Борисов Е.Ф. Экономическая теория: Учебник.- М.:Юристъ,1997. Курс экономической теории. Общие основы экономической теории, микроэкономика, макроэкономика, переходная экономика: Учебное пособие/Руководитель авторского коллектива и научный редактор профессор Сидорович А.В. – М.:МГУ им. М.В.Ломоносова, Изд-во «ДИС»,1997. Мельдаханова М.К. Занятость населения и экономический рост: методология, стратегия и механизм регулирования. – Алматы,1999 Нурланова Н.К. Формирование и использование инвеститций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. – Алматы: Ғылым,1998. Мамедов О. Политическая экономия. Элективное пособие по курсу «Основы экономической теории».-Ростов н\д: изд-во «Феникс», 1999. Экономика: Учеб. Пособие / Под ред. Проф. О.И.Волкова, В.К.Скляренко. – М.: ИНФРА-М., 2000

Скачать все slide презентации Экономиалық өсу және нарық экономикасының циклділігі одним архивом: