Презентация Ұлттық экономика жүйе ретінде онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Ұлттық экономика жүйе ретінде абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 6 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Экономика и Финансы » Ұлттық экономика жүйе ретінде



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    6 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    82.89 kB
  • Просмотров:
    114
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
лтты экономика жйе рет нде
Содержание слайда: Ұлттық экономика жүйе ретінде

№2 слайд
Макроэкономикалы теорияда
Содержание слайда: Макроэкономикалық теорияда ұлттық экономика шеңберінде табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы туралы зерттеледі.  Нарықтық қатынастар жағдайында алуан түрлі тауарлар мен қызметтердің көптеп өндіріледі, ал олардың өндірісіне әртүрлі фактор-лар қатысады. Нарықтың белгілі субъектілері әртүрлі факторлардың иелері ретінде табыстарды алып отырады. Бірақ осындай субъектілердің табыстары бір уақытта нарықтағы басқа бір субъектілердің шығындары ретінде көрінеді. Сондықтанда, макроэкономикалық талдау тұрғысынан табыстар мен шығындардың айналымы туралы қарастырудың маңызы зор болып табылады.  Негізінен, ұлттық экономика шеңберінде айналатын табыстар мен шығындардың қалыптасуына нарықтың барлық субъектілері қатысады. Ол қарапайымнан күрделіге қарай кете береді. Осындай айналымның бірнеше түрлері орын алады. 1.    Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуынсыз табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.  2.    Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуымен табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.  3.    Ашық экономикадағы табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.

№3 слайд
лтты шоттар жйес ндег нег зг
Содержание слайда: Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері Экономикалық теория ұлттық өндірістің жиынтық көлемі мен нәтижелерін өлшеу үшін ұлттық шоттар жүйесін және оның құрамындағы агрегатталған макроэкономикалық көрсеткіштерді қолданады.  Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) – бұл елдің экономикалық қызметінің жалпы нәтижелері туралы көрсеткіштерді алу үшін құрылатын кестелер мен есеп-шоттар түріндегі өзара байланысқан статистикалық көрсеткіштердің жүйесі. ҰШЖ-н алғаш рет американдық экономист, Нобель сыйлығының иегері (1901-1985) Саймон Кузнец жасаған. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап ол Біріккен Ұлттар Ұйымымен мақұлданып, барлық елдерге стандартты жүйе ретінде ұсынылды. ҰШЖ-не кіретін әртүрлі көрсеткіштер ұлттық өндірістің деңгейін белгілі бір уақыт мезетінде өлшей алады, экономиканың қызмет етуіне әсер ететін факторларды ашып көрсете алады, экономиканың болашақтағы даму үрдістерін анықтай алады, мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыруға және оны жүргізуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, ҰШЖ ұлттық экономиканың тепе-теңдік жағдайын және оның жағдайына әсер ететін экономикалық саясаттың жай-күйін анықтайды.

№4 слайд
Ж - бл б р жыл ш нде белг л б
Содержание слайда: ЖІӨ - бұл бір жыл ішінде белгілі бір елдің территориясында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық ақшалай құны. ЖІӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар: 1. Қосылған құн әдісі. Қосылған құн көрсеткіші ЖІӨ-де қос есептеуді болдырмайды. Ол дайын игіліктерді сату құны мен материалдарды, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, басқа да ресурстарды сатып алу құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Басқаша айтқанда, қосылған құн – бұл фирманың басқа фирмалардан сатып алып тұтынған шикізаттары мен материалдардың құнын алып тастағандағы өнімінің нарықтық бағасы. Елдегі барлық фирмалардың өндірген қосылған құндарын қосу арқылы ЖІӨ-ді анықтауға болады, яғни ол соңғы нәтижесінде шығарылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын сипаттайды. 2. Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептеу. Шығындар негізінде ЖІӨ-ді есептеу кезінде ұлттық экономика масштабындағы барлық экономикалық субъектілердің шығындары есепке алынады: 1) Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (C). 2) Фирмалардың жалпы жеке инвестициялары (I). 3) Мемлекеттік шығындар (G). 4) Таза экспорт (NX). Осы шығындар ЖІӨ көлемін (Y) құрайды және ол жылдық өндірістің нарықтық бағасын көрсетеді: Y = C + I + G + NX. Бұл формула негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.

№5 слайд
. Табыстар бойынша Ж -д
Содержание слайда: 3. Табыстар бойынша ЖІӨ-ді есептеу әдісі. ЖІӨ-ді осы әдіс арқылы факторлық табыстардың жиынтық сомасы деп қарастыруға болады. Жалақы, пайыз, рента, пайда сияқты факторлық табыстардың есепке алынуымен қатар, жанама салықтар, амортизация, меншіктен түскен табыстар, бөлінбеген пайда көрсеткіштері де ЖІӨ-ге жатқызылады.  ЖІӨ-ді есептеу әдістері Шығындармен есептелген ЖІӨ    Табыстармен есептелген ЖІӨ 1. Тұтыну шығындары (С)    1. Жалақы (w) 2. Жалпы жеке инвестициялар (І)    2. Пайыз (r) 3. Мемлекеттік шығындар (G)    3. Рента (R) 4. Таза экспорт (NX)    4. Пайда (P)     5. Жанама салықтар (Tindirect)     6. Амортизация (d) Осы екі әдіс арқылы ЖІӨ бойынша шығындар мен табыстар бір-біріне тең болады, яғни нәтижесінде бірдей шаманы көрсетуі тиіс. ҰШЖ-гі екінші макроэкономикалық көрсеткіш – ол жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖҰӨ - бұл ел азаматтарының ел ішінде және оның сыртында ұлттық факторлардың көмегімен өндірген соңғы тауарлар мен қызметтерінің жылдық құны. 

№6 слайд
ШЖ-г Ж мен Ж-нен баса
Содержание слайда: ҰШЖ-гі ЖІӨ мен ЖҰӨ-нен басқа макроэкономикалық көрсеткіштер бар. Оларға таза ішкі өнім (ТІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ) және қолда бар табыс (ҚБТ) жатады. ТІӨ - ЖІӨ мен амортизациялық аударымдар арасындағы айырма.  ТІӨ көрсеткіші тозған құрал-жабдықтарға амортизациялық аударымдарды аударып болғаннан кейінгі тұтынуға қажетті түпкілікті өнімдер мен қызметтердің соңғы нарықтық құнының жиынтығын көрсетеді. ТІӨ-нің құрамында акциздер, кедендік салықтар және қосылған құн салығы сияқты жанама салықтардың түрлері болады. Осы салықтарды ТІӨ-нен азайтсақ, макроэкономикалық көрсеткіштің келесі түрін аламыз. ҰТ – ел тұрғындарының еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет сияқты ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының иелері ретінде жалақы, пайыз, рента және пайда түрінде тапқан табыстарының жиынтығы. Алайда осындай табыстардың барлығы түгелімен тұтыну мен жинақтауға кетпейді. Олай болса, ҰТ-тан жеке табыс көрсеткіші алынады.   ЖІӨ-нің екі түрін бөліп көрсетеміз: 1. Атаулы ЖІӨ - ағымдағы нарықтық бағалармен есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі. 2. Нақты ЖІӨ - бағалар деңгейінің шамасын (инфляция және дефляция) есепке ала отырып түзетілген немесе тұрақты бағалармен есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі. Осыған байланысты ЖІӨ дефляторы төмендегі формуламен есептеледі: ЖІӨ дефляторы = атаулы ЖІӨ / нақты ЖІӨ.

Скачать все slide презентации Ұлттық экономика жүйе ретінде одним архивом: