Презентация Ұлттық діндер және олардың түрлері онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Ұлттық діндер және олардың түрлері абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 34 слайда. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Образование » Ұлттық діндер және олардың түрлері



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    34 слайда
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    1.18 MB
  • Просмотров:
    86
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Содержание слайда:

№2 слайд
Таырыбы лтты д ндер жне
Содержание слайда: Тақырыбы Ұлттық діндер және олардың түрлері

№3 слайд
Жоспары .нд стандаы лтты д
Содержание слайда: Жоспары 1.Үндістандағы ұлттық діндер-индуизм және сикхизм. 2.Қытайдағы ұлттық діндер: конфуцийшылдық және даосизм. 3.Жапондардың ұлттық діні-синтоизм 4.Еврейлердің ұлттық діні-иудаизм

№4 слайд
нд стан Отст к Азияда нд стан
Содержание слайда: Үндістан — Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде Үндістан — Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел.  

№5 слайд
Индуизм нд станда пайда
Содержание слайда: Индуизм – Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр. Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан асады деген деректер бар. Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылы-ғының 83%-ы, Непалда, Шри-Ланкада, Бангладеште индуизмді ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың кейбір өңірлер-інде де аздап таралған. ХХ ғасырдан бастап индуизм Еуропа мен Америка елдерінде тамыр жайып, жаңаша ерекшелігімен жұртшы-лықтың бірден назарын аударды. Бұған осы дінді зерттеуге арналған 18 томдық "Индуизм” атты энциклопедияның дайындалып дайындалып жатқандығы дәлел десе де болады.Бұл энциклопедияға көптеген елдерден 1250 ғалымның 10000-нан астам ғылыми мақалаларын енгізу көзделіп отыр.

№6 слайд
Индуизмн тыш ауымы адживака
Содержание слайда: Индуизмнің тұңғыш қауымы – «адживака»тақуалық жолын тұтып, тән құмар-лығымен күресті . Бірақ , Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті . Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды . Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті . Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті . Бірақ , көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды. Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концептия тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух – пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді.

№7 слайд
Индуизм термин Синдху зен н
Содержание слайда: Индуизм термині Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы "Хинду” деген сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен мен оның жағасындағы Үнді елін ғана білдірмей, сол елдегі халықтың атауына айналған. Индуизм дінінің ерекшелігі, мұнда құдайлардың саны өте көп, бәріне ортақ бір құдай жоқ. Діннің негізін салушы да, белгілі пайғамбар да жоқ, бірақ көптеген жеке білімдерді таратушы, рухани ұстаздар бар. Бір ортақ қасиетті кітап жоқ, оның орнына әр бағыттың негізі болып саналатын жазбалардың беделі өте күшті. Бұл дінде жалпы мойындалатын сенім символдары мен талаптары болмағанымен, индуистердің дүниетанымында ерекше орын алатын ұғымдар (дхарма, карма, сансара, мокша, Брахман, атман, варна, каста т. б.) бар.

№8 слайд
Индуизмдег дайларды б р атпен
Содержание слайда: Индуизмдегі құдайларды бір атпен атау, бір түрге біріктіру мүмкін емес. Мұнда құдай тұжырымдамасы әр түрлі, себебі индуизм Үндістанда ғасырлар бойы жинақтал-ған жазбалардың барлығын өзінің қасиетті кітаптары ретінде қабылдаған, сондықтан да осы кітаптарда аталған 33 құдайдың (11-і аспандағы, 11-і ауадағы, 11-і жердегі) бәрі индуизмде мойындалады. Брахман – әлемді жаратушы, бастапқы бірліктің барлық тірі және өтпелі шындықтың мәңгілігін жүзеге асырушы. Бірақ Брахманның адам алдында-ғы еңбегі дәстүрлі индуистік түсінік бойынша көрнекті болмады. Сондықтан да Брах-манға онша сыйынбайды, оған арналған храмдар саны да санаулы ғана. Индуистер-дің көпшілігі Шива мен Вишнуға табынғандықтан, шиваиттер мен вишнуиттер болып екіге бөлінеді. Шиваның негізгі қызметі жою және өзгерту, сонымен қоса ол – өмірлік күштің және еркектік бастаманың иесі.

№9 слайд
Индуизмн асиетт жазбалары
Содержание слайда: Индуизмнің қасиетті жазбалары Ведалар болып есептеледі. Олар шрути – "тыңдау, естілу” деп аталады. Оның екі себебі бар: олар жоғарғы құдайдан естілген және шәкірттер ұстаздарының әңгімелерінен осы текстерді қабылдаған. Қазіргі индуизмде құдайға құлшылық еткенде осы ведалық мәтіндерден мантралар оқылады. Мантраларды (қасиетті сөздерді) тек санскрит тілінде оқу керек. Брахмандар – абыздардың сыйыну мен құлшылық ету оқулығы қара сөзбен жазылған. Бұлар ведалық әдебиеттердің екінші бөлігі болып есептеледі. Абыздар жеті Брахмандық мәтіндерді ерекше бөліп айтады. Келесі Араньяки мәтіндері де Құдайға құлшылық, медитация туралы айтады. Ал Упанишадтарда индуизм философиясының мистикалық тұжырымдамасы берілген. Упанишад – қатар отыру деген ұғымды білдіреді. Гуру (рухани ұстаз) қасына отырған таңдаулы шәкіртіне қасиетті ілім туралы кеңес берген.

№10 слайд
Содержание слайда:

№11 слайд
Индуизмде отбасында жасалатын
Содержание слайда: Индуизмде отбасында жасалатын діни ғұрыптар – самскаралар ерекше орын алады. Индуистердің көпшілігі мойындайтын он алты самскара мыналар: балалар дүниеге келгенге дейін: ұрықтану, құдайдан ұл сұрап жалбарыну, шашты тарау; бала жасындағы рәсімдер: баланың дүниеге келуіне байланысты жасалатын ғұрып, балаға ат қою, баланың алғаш үйден шығуы, баланың ең алғашқы жеген қатты тағамы, ер баланың алғаш шашын алуы, оң құлағының жоғарғы жағын тесу, шәкірттік мирас қабылдау, қасиетті жазбаларды оқуды бастау, Ведалық білімді меңгерудің аяқталуы; ересектерге арналған рәсімдер: некелесу, отбасы қызметін атқару кезеңі, қызметтен кету кезеңі, 60 жасқа толғанда жасалатын рәсім, кремация (денені отқа беру). Индуистердің діни ұғымы бойынша вегетериан¬дықты ұстану қажет. Әйтсе де кейбіреулерінің қойдың етін тамаққа пайдалана-тындығы кездеседі. Бұл діндегілер аюрведалық медицинамен емделеді. Себебі, мұнда табиғи өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер қолданылады. Мемлекетте аборт жасау заңмен рұқсат етілгендіктен, индуистер қыз баланың дүниеге келуіне бөгет жасауды, қалаусыз болған жүктілікті тоқтатуды дұрыс деп қабылдайды. Индуистер үшін адамның өзіне-өзі қол жұмсауы ерсі әрекет емес, себебі, бұл аскетизмнің соңы, діни кемелденудің шыңы деп қабылданады.

№12 слайд
дайа жетуд б рден-б р жолы
Содержание слайда: Құдайға жетудің бірден-бір жолы оған қажетінше құлшылық ету. Индуистердің осы жолдағы діни рәсімдері үш категорияға бөлінеді: нитья, наймиттика, камьия.  Нитья – бұл күн сайын жасалатын рәсім. Әр үндіс таңертең Күнге арнап сумен құрбандық шалады немесе отбасы құдайларының алдында пуджи (құдайларға құрмет көрсету) өткізеді.  Наймиттиканы адам өмірінің ерекше кезеңдерінде жасайды. Бұл отбасына кіріс болғанда, балаға есім бергенде, некелескенде өткізілетін рәсім.  Діни рәсімдердің үшіншісі – камьия – діни саяхат. Бұл діни парызды орындау қажет деп есептесе де, әркімнің таңдауына ерік беріледі. Индуистер үшін діни саяхат табиғи өмір салтына айналған десе де болады. Діни мейрам кездерінде, әсіресе ана құдайға арналған қысқа діни саяхатты индустар жаяу жасайды. Қасиетті қалалар мен әулиелер орналасқан алыс жерлерге ұзақ саяхатқа шығады. Индуизмде Ганг, Ямуна, Синдху (Инд), Сарасвати (жер астында орналасқан), Нармада, Гадавари және Кавери өзендері қасиетті деп есептеледі, сондықтан осы өзендерге шомылу адамның күнәсінен арылып, рухани тазаруына әкеледі. Кейбір қасиетті жерлер Гималай тауларында орналасқан.

№13 слайд
Сикхалар - XV-XVI . нд
Содержание слайда: Сикхалар - XV-XVI ғғ. Үндістандағы мұсылмандар мен үнділіктерді бірік-тіруге шақырған жаңа ілім негіздерін уағыздаған Нанак есімімен байланысты ілім, ол сикхалар ілімінің негізін қалаушы болып есептеледі. Нанак ислам дінінен құдай - бұл жақсылық пен махаббат, жетекші гурудің басшылығымен құдаймен бірігуге ұмтылу қажет идеясын алды. Сикха - оқушылар, яғни гуру Нанак ізбасарлары дегенді білдіреді. Сикхалар барлық адамдардың құдай алдында теңдігін, осыдан келіп касталық жікке бөлушіліктен толығымен азаттықты уағыздады.

№14 слайд
Сикхалар касталы пен
Содержание слайда: Сикхалар касталық пен брахмандарға, олардың салт-жораларына қарсы. Олар әйелдер мен еркектердің өмірге белсене араласуын уағыз-дады. Гуру Нанак каста бүғауынан босаудың белгісі ретінде ортақ асхана мен ортақ тамақтану принципін енгізген. Сикхалар мешіт сияқты гурд-валарда жиналатын болған. Гуру Нанак әйелдер теңсіздігіне, көп әйел алушылыққа және өзін-өзін өртеуге қарсы шықты.

№15 слайд
Гуру Нанак пен оны
Содержание слайда: Гуру Нанак пен оның ізбасарларының уағыздары Пенджаб түрғындары-ның арасында кеңінен тарады. Барлығы Сикхалар бір-бірін ауыстырған 10 ұстаз-гуруды мойындайды. Кейін Сикхалар - діни сектасы қалыптасып, ал оларды моңғол императорларының қолдауына байланысты беделі мен ықпалы да күшейеді. Сикхалар сектасы өздерінің ерекше ережелері бар көптеген адамдардың қауымдастығына айналады.

№16 слайд
Содержание слайда:

№17 слайд
Ек Онкар жалыз дай б р ана
Содержание слайда: Ек Онкар» (жалғыз құдай): бір ғана құдай бар, оның есімдері мен сипаттары сансыз, барлық діндерде айтылатын құдай осы. Оған жыныс тән емес, барлық уақытта, барлық жерде бар болып табылады.Ерте тұру және ой жіберу, күн шықпай тұрғандағы уақыт құдаймен бір болуды сезіну мен медитацияға, дұғаға арналады.Адал табыс табу, адал өмір сүру. Өзгелердің арқасында арам пайда таппау, адал еңбектену.Өзгелермен бөлісе білу үйдің есігін қашанда өзгелерге ашық ұстап, келгендерді жылы қабақпен қарсы алу. Адал табысының белгілі бір мөлшерін өзгелермен бөлісу.Қайта туылу, карма және құтқарылу: барлық заттардың жаны бар, өлген соң жан басқа денеге ауысады. Бұл рух толық азаттық алғанға дейін жалғасады.Құдайды еске алу құдайды жақсы көру, оған ерекше құрмет көрсету.Адамдық пенделердің барлығы тең, бәріміз құдайдың балаларымыз, құдай біздің қамқор ата-анамыз (Бұл бірақ христиан дініндегі Иса құдайдың баласы дегендей емес).Адами құндылықтарды ұстану: барлық тіршілік иелерінің құқық қорғау, сақтау, әсіресе өз жақындарыңның. Отбасы құндылықтарын сақтау.Жеке құрбандық: жоғарғы құндылықтар үшін өз өміріңді қиюға әзір болу.

№18 слайд
дайа апаратын жолдарды кпт г
Содержание слайда: Құдайға апаратын жолдардың көптігі: сикхтар өзге дін өкілдері де тура жолда болуы мүмкін деп сенеді, тек өздерімен шектемейді.Сикх-тарда мұсылмандардағы Жұма не христиандардағы Жексенбі секілді белгілі бір құлшылық күні жоқ, батыста христиан елдерінде өмір сүретін сикхтар жамағат болып атқаратын құлшылықтарын Жексенбі күні өткізеді. Сикхизм сырттай қарағанда Ислам мен Индуизм арасынан пайда болған синкреттік дін секілді көрінсе де, өздері бұл діннің синкреттік екенін қабылдамайды. Өйткені құдайдан келген деп біледі. Сихк дәстүрінде Ислам мен Индуизмдегі қажылық, ораза және құрбан секілді құлшылықтар жоқ. Сүндетке отырғызу дәстүрі де оларға жат. Бұған қоса, сикхтер кейбір үнді дәстүрінде орны бар аскетизм, кезбелік, қайыршылық немесе өлген күйеулерінің артынан жесірлерін қоса өртеу (сати) дәстүрін де қабылдамайды. Десе де Нанак дәріптеген сенім исламдағы тәухид түсінігіне жақындау келетінін айтуға болады.Бүгінгі күні бұл сенімнің 23 миллион ұстанушылары бар деп білінеді. Біздің мақсат: Үндістандағы көп құдайшылық жүйенің арасында бір құдайшылық сенімді дәріптеушілердің барын көрсету. Әрине, ол сенімнің қаншалықты тазалығы, дұрыстығы өз алдына бөлек әңгіме.  

№19 слайд
Конфуцийшылды. Бл философиялы
Содержание слайда: Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыпта-суы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.

№20 слайд
Кун-фу-цзы б.д.д. жж.
Содержание слайда: Кун-фу-цзы (б.д.д. 551—479 жж.) кедейленген ақсүйек әскер-басы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырым-дарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізі шығармасын дүниеге келтірді. 

№21 слайд
Кун-фу-цзыны л м нше, е жоары
Содержание слайда: Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы — ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», — деуінің өзі осыған айғақ. Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі — адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл беледі: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш үғым бірігіп, «дао» (дүрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.

№22 слайд
Содержание слайда:

№23 слайд
Содержание слайда:

№24 слайд
Содержание слайда:

№25 слайд
Чжуан-цзыда конфуцийш л кке
Содержание слайда: «Чжуан-цзыда» конфуцийшілікке қас идеялар айтылып, табиғат қоғамға карсы қойылады. Адам өзін қоршаған міндеттерден босанып, табиғатқа жақын тұрмысқа қайтса, Дао (әлемнің түпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырған идеялар Қытайда алғашқы іліми түсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады.«Лао-цзыда» дао түсінігі әлемнің маңызы және жаратылыс себебі деген мағына береді. Адам күрес пен қалаулардан бас тартып, өзі менен өзі болып, саяси істерге қатыспау, өкімет елдің тұрмысына зиян келтірмеуі керек деген көзқарастар айтылады. Даосизмнің негізін қалаушы Лао Цзы . Ол  VI –V б.ғ.д өмір сүрген . Басты бұлақ көздері Даоцизм мен Дэцзин философиялық трактаты. Даосизмның  екі мағынасы бар. 1. Дүниенің өмір сүруін қамтамасыз ететін, әмбебап әлемдік заң  адам мен табиғаттың өз дамуындағы жолы. 2. Бұл алғашында энергетикалық бос кеңістікті көрсеткен, әлемнің шыққан субстанциясы  Дэ – игілік, жоғарыдан келген  даоның қоршаған ортада пайда болуына әсер еткен күш.

№26 слайд
Содержание слайда:

№27 слайд
Синтоизм - жапон. синто -
Содержание слайда: Синтоизм - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау акті идеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Джиммутенно барлық жапон императорларының аңыздық бастауы болған.

№28 слайд
Синтоизм жапонды дниетанымды
Содержание слайда: Синтоизм жапондық дүниетанымды қалыптас­тыруда маңызды рөл атқарды, ол басты бес концепцияға негізделді. Бірінші концепцияға сай,  әлем өздігінен пайда болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен реттеліп отырады. Екінші концепция жер бетіндегі өмір қуатын сипаттайды. Үшінші концепцияда табиғат пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі және тірі емес деп бөлінбеуі (себебі табиғаттың барлық құбылыстары мен адамда камилер өмір сүреді) айтылады. Камилер осы әлемде тіршілік ететіндіктен, о дүниеден пана іздеудің қажеттілігі жоқ. Төртінші концепция көпқұ­дайлықты көрсетеді, себебі синто­ның өзі жергілікті табиғат культ­терінен, жергілікті, рулық және тайпалық құдайларға табынудан пайда болған. ХХ ғасыр тізімде­месіне сәйкес синтоның құдайлар пантеоны 3132 құдайдан тұрған, кейінірек олардың саны едәуір өскен. Бесінші концепция бойынша синто жапон ұлтымен етене байланысты, дегенмен, бұл жақындық жапондыққа кез келген басқа дінді ұстануына кедергі жасамайды.

№29 слайд
Содержание слайда:

№30 слайд
Содержание слайда:

№31 слайд
Иврит т л нде Иудаизм термин
Содержание слайда: Иврит тілінде «Иудаизм» термині XIX ғасырдың соңында кең тарала бастады. Давид патша Иуда тайпасынан болатын. Давид тұсында біріккен Израиль-Иуда патшалығының күш-қуаты арта түсті. Бұл б.з.б. XI ғасырдың соңында болды. Иудаизм дін ретінде және кұкықтык, моральдык-этикалык. философиялық және діни түсініктер кешені ретінде төрт мың жыл бойы және бүгінгі уакытта еврейлердің өмір салтын айқындап отыр. Танах үш бөлімнен тұрады. Тора Мұса (г.с.) (бес кітабі Нэбним (Пайғамбарлар), Кэтувішм (Жазба), Танах б.з.б. X гаеырдаи б.з.б. II ғасыр аралығында калыптасты. Тадмуд екі бөлімшеден тұ-рады. Бірінші бөлім — Мишна (Қайталау). Бұл — Тораға гүсіндір-ме. Екінші бөлімі — Гемара (толык гүсіндіру). Бұл — Мишнаның түсіндірмссі. Талмудта. кылмыстык жоне азаматтык сипаттағы зандар, адамғершілік заңдар отбасылык жоне жске адам өміріне катысты кенестер бар. Талмудта 365 тыйым жэнс 248 бұйрык эмір жннакталған иудей әдет-ғұрыптар жүиесі бар.

№32 слайд
Содержание слайда:

№33 слайд
Ежелг тс н к бойынша дай атын
Содержание слайда: Ежелгі түсінік бойынша Құдай атын атау – бұл ажалға алып келеді. Яхвенің орнына Адонай ("менің әміршім”), "Менің Құдайым – Яхве” сөзі қолданы­ла­ды. Алғашқыда ежелгі еврей құдайлар пантеонында Яхве жерді түзеуші, жай атқыш, жаңбыр беруші ретінде көрінеді. Аман-есендік игілік Яхвемен байла­ныс­тырылды. Тек кейінірек Яхве басты Құдай атанды. Яхве культін орталықтандыру үдерісі және Яхвені барлық еврейлердің жалғыз құдайы ретінде мойын­дату үшін күрес ұзаққа созылды.Кез келген иудей үшін Құдай, Тора және еврей халқы ең маңызды мағынаға ие. Бұл әлемнің барлық еврейлерін біріктіруші діни және ұлттық идея. Еврей­лердің құдайдың таңдаулы халқы екендігі идеясы догматикалық сипат алды. Яхве еврейлермен айрық­ша одақ құрып, тек еврейлерді өз халқы деп есептей­ді. Бұл идея сионизмнің діни негізін құрайды.Зайырлы және діни Иудаизмнің ерекшеліктері бар. Зайырлы Иудаизм ұғымы белгілі бір Иудей құндылықтарын, тіпті кейде діни мағына берілмейтін діни негіздегі еврейлердің философиясын сипаттайды.

№34 слайд
орытындыны Конфуцийд н мына
Содержание слайда: Қорытындыны Конфуцийдін мына сөзімен аяқтасақ: « Әр адамды өзіңді құрметтегендей құрметтеуден , өзіңе тілегенді тілесең, одан биік ештеңе жоқ». Қай халықтың дінін алсақ ол дін сол халық үшін мәдениетінің түп негізі болып есептеледі. Қай халықтың тұрмысы, өмір сүру тәртібінің барлығы діни сана сезімімен байланысты болады. Қорытындыны Конфуцийдін мына сөзімен аяқтасақ: « Әр адамды өзіңді құрметтегендей құрметтеуден , өзіңе тілегенді тілесең, одан биік ештеңе жоқ». Қай халықтың дінін алсақ ол дін сол халық үшін мәдениетінің түп негізі болып есептеледі. Қай халықтың тұрмысы, өмір сүру тәртібінің барлығы діни сана сезімімен байланысты болады.

Скачать все slide презентации Ұлттық діндер және олардың түрлері одним архивом: