Презентация Сәкен Сейфуллин (1894-1938) онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Сәкен Сейфуллин (1894-1938) абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 4 слайда. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Образование » Сәкен Сейфуллин (1894-1938)



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    4 слайда
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    94.52 kB
  • Просмотров:
    107
  • Скачиваний:
    2
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Скен Сейфуллин -
Содержание слайда: Сәкен Сейфуллин (1894-1938)

№2 слайд
м рбаяны Скен Сейфуллин жылы
Содержание слайда: Өмірбаяны Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры – болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рахатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы. XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика каламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин — қоғамдык ой-пікір, әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын жарқын тұлға. Сәкен Сейфуллин кейін өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған өлкеде — Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы) орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Сәкен қарбалас, аласапыран күндері тынышталып, бейбіт өмір арнасына түскен уақытта негізгі өмірлік мұраты қаламгерлік екенін әбден ұғынады. Барлық қайрат – күшті талант-дарын, жігерді көркем сөзбен туған халқына қызмет етуге жұмсайды. Оның қаламынан туған «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс»(1926), «Тұрмыс толқындары» (1928), «Көкшетау» (1929), «Альбатрос» ()1933 , «Қызыл ат» (1933), «Социалистан» (1927), «Жер қазғандар» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920), драмалары туды. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931), «Батырлар» (1933), «Қазақ әдебиеті» (1932) зерттеу еңбектері – қазақ фольклоры мен әдебиетінің көп материалдарын жүйелеп, озық әдебиеттану принциптері негізінде жазылған, танымдық – тәрбиелік мәні жоғары туындылар. Сазгер ретінде Сәкен Сейфуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты. 1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Сталиннің жеке басына табыну кеселінен жазықсыз жалаға – репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 26 ақпанда мерт болды. Әкесі Сейфолла репрессияға ұшырады.

№3 слайд
Б л м алуы жылдан бастап жыла
Содержание слайда: Білім алуы 1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола Ақмола үшсыныптық қалалық училищеде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған. «Айқап» журналында қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді. 1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болды. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады. 1916 жылы Сәкен сырттай мүлікті заңдастыру комиссиясының Ақмола уезі бойынша 12 елді мекенде жұмыс істейді. Сонда 1916 жылы ол қазақ халқының Амангелді Иманов бастаған көтеріліске арналған дастан «Толқулар» деген өлең жазды. 1916 жылдан 1 қыркүйектен бастап Сейфуллин негізі қалануына өзі тікелей қатысқан, Бұғылы мектебінде оқытушы болып қызмет атқарады. 1917 жылы 9 наурызда ол Ақмола, көшіп келіп, онда Ақпан төңкерісі туралы «Біз асығыс жиналдық» атты өлең жазған. 1917 жылдың сәуір айында, Сәкен Сейфуллин, «Жас қазақ» («Жас қазақ») саяси және әлеуметтік-мәдени қоғамын құрады. 1917 жылғы шілдеде Сәкен газетін «Тіршілік» шығаруға қатысады. Қыркүйек айынан бастап Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.

№4 слайд
Скен Сейфуллийд Тергеген
Содержание слайда: Сәкен Сейфуллийдің «Тергеген болсаң айтатың» Маржандай тізген жырымды Айтайын болсаң, тергеген Домбырадай күйленіп, Ән тасып көкірек кернеген. Махаббат толып жалында Лүпілдеп жүрек тербеген. Шаттанып күйлер қауласып, Қосылған әрбір пернеден. Дүниеге жайып құшақты , Күштерім құлаш сермеген. Шаттанған тасып өлеңді Айтпауға ерік бермеген. Кейде толып көкірекке Кектер толып кернеген. Жігер қайнап зұлматқа, Дүниеден шындық көрмеген. Көз жасын көріп сорлының, Екпінді қызу өленді Көкірегім жылап еңіреген Айтпауға ерік бермеген.

Скачать все slide презентации Сәкен Сейфуллин (1894-1938) одним архивом: