Презентация Балалардың физикалық дамуының бағалау көрсеткіштері ретінде қолданылатын центильді шкалалар және регрессия шкалалары онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Балалардың физикалық дамуының бағалау көрсеткіштері ретінде қолданылатын центильді шкалалар және регрессия шкалалары абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 23 слайда. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Здоровье и Медицина » Балалардың физикалық дамуының бағалау көрсеткіштері ретінде қолданылатын центильді шкалалар және регрессия шкалалары



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    23 слайда
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    1.50 MB
  • Просмотров:
    133
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Семей мемлекетт к медицина
Содержание слайда: Семей мемлекеттік медицина университеті СӨЖ Тақырыбы: Балалардың физикалық дамуының бағалау көрсеткіштері ретінде қолданылатын центильді шкалалар және регрессия шкалалары (бойы бойынша) Орындаған: Махатова Гүлжан МПД 402-топ Тексерген: Амантаева Г.Қ. Семей – 2015 жыл

№2 слайд
Жоспар К р спе Нег зг бл м
Содержание слайда: Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Балалардың дене дамуын зерттеу. Дене дамуын бағалау әдістері. Даму үйлесімділігін анықтау. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

№3 слайд
Дене дамуы баланы денсаулы
Содержание слайда: Дене дамуы баланың денсаулық жағдайының ең ақпаратты және сезімтал критерийлерінің бірі болып табылады. Дене дамуы деп әрбір нақты жас кезеңінде, баланың өсу және даму үрдістерін көрсететін, ағзаның морфологиялық және функционалдық сипаттамаларының жиынтығы. Дене дамуы баланың денсаулық жағдайының ең ақпаратты және сезімтал критерийлерінің бірі болып табылады. Дене дамуы деп әрбір нақты жас кезеңінде, баланың өсу және даму үрдістерін көрсететін, ағзаның морфологиялық және функционалдық сипаттамаларының жиынтығы. Дене дамуын зерттеу үшін 2 зерттеу әдісі қолданылады: жекелендірілген және жалпыландырылған.

№4 слайд
Балаларды дене дамуын зерттеу
Содержание слайда: Балалардың дене дамуын зерттеу үшін көрсеткіштердің 3 тобы қолданылады: Соматоскопиялық; Соматометриялық; Физиометриялық. Алынған мәліметтерді бағалауды жасына байланысты, нақты аймақтарға арналып дайындалған стандарттармен салыстырып жүргізеді, себебі әр түрлі климаттық – географиялық жерлерде тұратын балалардың дене дамуының өзіндік ерекшеліктері болады.

№5 слайд
Баланы су жне биологиялы жет
Содержание слайда: Баланың өсуі және биологиялық жетілуі – баланың физикалық және психикалық дамуы деп аталады. Баланың физикалық дамуын бағалау үшін төмендегілер қажет: Антропометрия жүргізу; Центиль аймағында орнын анықтап, бағалау; Психикалық дамуын жасына байланысты бағалау.

№6 слайд
Дене дамуын баалау ш н р трл
Содержание слайда: Дене дамуын бағалау үшін әр түрлі әдістер қолданылады: Индекстер; Сигмалық ауытқулар; Z – score шкаласы бойынша; Регрессия шкалалары бойынша; Кешендік Центильдік шкалары бойынша т.б.

№7 слайд
Индекстер д с Дене дамуын
Содержание слайда: Индекстер әдісі Дене дамуын бағалаудың ең алғашқы әдістерінің бірі, ол әр түрлі соматометриялық көрсеткіштердің, көбінесе дене массасы мен ұзындығы шамаларының арасындағы арақатынасы болып табылатын индекстерді санауға негізделген. Индекстердің 100-ден астамы белгілі, солардың ішінде кеңінен тарағандары Брок индексі мен Кетле-2 индексі.

№8 слайд
Сигмалы ауытулар д с Баланы
Содержание слайда: Сигмалық ауытқулар әдісі Баланың дене дамуының көрсеткіштерін (массасын, дене ұзындығын, көкірек торының шеңберін т.б.) жас – жыныс топтарына тиісті стандарттармен (М) салыстырып жүргізеді. Бұл көрсеткіштер стандарттан қанша σ-ға (σ- орташа квадраттық ауытқу) ауытқығанын анықтайды да, ауытқу мөлшеріне байланысты дамуды 5 дәрежеге бөледі: Орташа (М±1σ); Орташадан жоғары (1σ˂М˂+2σ); Жоғары (М˃2σ); Орташадан төмен (-1σ˂М˂-2σ); Төмен (М˃-2σ).

№9 слайд
Z score шкаласы жаса дей нг
Содержание слайда: Z – score шкаласы 10 жасқа дейінгі балалардың тамақтану статусын сипаттау үшін БДДҰ ұсынған, баланың дене дамуын бағалау әдісі. Бұл әдісте зерттелінетін көрсеткіш стандартты популяция медианасынан қанша сигмаға айырмашылығы бар екендігін анықтайды.

№10 слайд
Регрессия шкалалары Бойынша
Содержание слайда: Регрессия шкалалары Бойынша дененің дамуын бағалау әдісінің сигмалық ауытқулар әдісінен айырмашылығы, дене ұзындығы мен дене массасы арасындағы, дене ұзындығы мен кеуде торының шеңбері арасындағы корреляциялық байланыстылықты есепке алады. Регрессия шкалалары – бұл әр түрлі жастағы балалардың дене ұзындығының әрбір мәнінің тұсында, осы ұзындыққа сәйкес болуы тиіс салмағы мен кеуде торы шеңберінің көрсеткіштері берілген бағалау кестелері болып табылады.

№11 слайд
Дене даму дегей н дене зындыы
Содержание слайда: Дене даму деңгейін дене ұзындығы бойынша: Орташа; Орташадан жоғары; Биік; Орташадан төмен; Төмен деп бөледі.

№12 слайд
Даму йлес мд л г н анытау ш
Содержание слайда: Даму үйлесімділігін анықтау үшін, белгілі бір жастағы баланың берілген бойының ұзындығы кезіндегі іс жүзіндегі массасы мен кеуде торы шеңберінің осы көрсеткіштердің бойының ұзындығына сәйкес болуы тиіс мөлшерінен, қанша регрессия сигмасына (δ R) айырмашылықтары бар екенін есептейді. δ R – бұл, әрбір параметрге есептеліп қойылған статистикалық көрсеткіш. Оны басқа белгіге (бойының ұзындығына) байланысты жеке адам белгісінің (массасы, кеуде торының шеңбері) тиісті мөлшерден ауытқуының өлшемі ретінде қолданады.

№13 слайд
Егер масса мен кеуде торы
Содержание слайда: Егер масса мен кеуде торы шеңберінің көрсеткіштері ±1 σR мәнінен аспаса, онда дененің дамуы үйлесімді болып саналады. Егер масса мен кеуде торы шеңберінің көрсеткіштері ±1 σR мәнінен аспаса, онда дененің дамуы үйлесімді болып саналады. Сондай – ақ, май басу немесе басқа себептерден емес, бұлшық еттің жақсы дамуы мен қаңқа сүйектерінің ауырлығынан, дене массасы мен кеуде торының шеңбері тиісті болу керек мөлшерден 1σR артық болса да, дене үйлесімді деп санау керек. Егер дене массасы мен кеуде торының шеңбері тиісті мөлшерден 1,1 – 2,0 σR аз немесе артық болса, онда морфологиялық-функционалдық жағдай үйлесімді емес болып есептеледі.

№14 слайд
Дене дамуын баалауды кешенд д
Содержание слайда: Дене дамуын бағалаудың кешенді әдісі Баланың биологиялық даму деңгейімен қатар, морфологиялық-функционалдық көрсеткіштердің, олардың өзара байланысын бағалауға мүмкіндік беретін әдіс. Ол 2 кезеңнен тұрады: 1) баланың биологиялық жасын анықтау: Биологиялық жасы төл құжаттық жасына сай келеді; Төл құжаттық жастан артта қалған; Озып кеткен. 2) регрессия шкалалары бойынша даму үйлесімділігін анықтау.

№15 слайд
Содержание слайда:

№16 слайд
Содержание слайда:

№17 слайд
аз рг кезде дене дамуын
Содержание слайда: Қазіргі кезде дене дамуын бағалаудың центильдік әдісі кеңінен таралған. Ол әдістің ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде объективтілігі, қарапайымдылығы және қолданылу ыңғайлығы, қосымша есептеулер жүргізудің қажеті болмауы жатады. Әдетте, әрқайсысы жеке қарастырылатын, бірнеше белгілері: дене ұзындығы мен массасы, кеуде торының шеңбері, тері асты май қабатының қалыңдығы, қол бұлшық етінің күші, ӨТС, артериалдық қан қысымы, пульс жиілігі және т.б. құрамына кіретін, бір өлшемді центильдік шкалалар қолданылады. Қазіргі кезде дене дамуын бағалаудың центильдік әдісі кеңінен таралған. Ол әдістің ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде объективтілігі, қарапайымдылығы және қолданылу ыңғайлығы, қосымша есептеулер жүргізудің қажеті болмауы жатады. Әдетте, әрқайсысы жеке қарастырылатын, бірнеше белгілері: дене ұзындығы мен массасы, кеуде торының шеңбері, тері асты май қабатының қалыңдығы, қол бұлшық етінің күші, ӨТС, артериалдық қан қысымы, пульс жиілігі және т.б. құрамына кіретін, бір өлшемді центильдік шкалалар қолданылады.

№18 слайд
Ек лшемд центильд к
Содержание слайда: Екі өлшемді центильдік шкалаларда даму үйлесімділігін анықтауға мүмкіндік беретін, дене дамуының 2 басты белгілері: дене ұзындығы мен массасының өзара байланысы берілген. Екі өлшемді центильдік шкалаларда даму үйлесімділігін анықтауға мүмкіндік беретін, дене дамуының 2 басты белгілері: дене ұзындығы мен массасының өзара байланысы берілген. Центильдік әдісте кез келген белгінің барлық мөлшерін, мысалы, белгілі бір жастағы балалардың дене массасының мөлшерін кіші мәнінен үлкеніне қарай өсу реті бойынша реттелген түрдегі қатарда орналастырады. Бұл қатарды 100 бөлікке (центильдерге) бөледі. Әдетте, центильдік кестелерде барлық центильдер емес, тек қана 7 белгіленген – 3, 10, 25, 50, 75, 90, 97 центильдер беріледі. Белгіленген центильдер арасында 8 – центильдік аралықтар түзіледі.

№19 слайд
центильдерге те тмен
Содержание слайда: 1) 0 – 3 центильдерге: өте төмен; 1) 0 – 3 центильдерге: өте төмен; 2) 3 – 10 центильдерге: төмен; 3) 10 – 25 центильдерге: төмендеген; 4) 25 – 50 центильдерге: орташа; 5) 50 – 75 центильдерге: орташа; 6) 75 – 90 центильдерге: жоғарылаған; 7) 90 – 97 центильдерге: жоғары; 8) 97 – 100 центильдерге: өте жоғары. Баланы тексеріп, оның даму көрсеткіштерінің мөлшері, аралықтарының қайсысына кіретінін анықтайды. Дене дамуының қалыпты түріне 3 – 6 аралықтар арасындағы, яғни 10 – 90 центильдер зонасында жататын және сау балалардың 80% - да кездесетін белгілер жатады.

№20 слайд
Содержание слайда:

№21 слайд
Центильд к кестелер бойынша
Содержание слайда: Центильдік кестелер бойынша жекелеген белгілер ғана емес, дамудың үйлесімділігін де бағалауға болады. Егер дене массасы мен ұзындығының өлшемдері бір аралықта немесе көршілес аралықтарда болса, онда дене дамуы үйлесімді болып саналады. Центильдік кестелер бойынша жекелеген белгілер ғана емес, дамудың үйлесімділігін де бағалауға болады. Егер дене массасы мен ұзындығының өлшемдері бір аралықта немесе көршілес аралықтарда болса, онда дене дамуы үйлесімді болып саналады. Егер олар орналасқан аралықтардың айырмашылығы 3 аралыққа жетсе, үйлесімді емес, ал айырмашылығы одан да артық болса - үйлесімділігі күрт өзгерген болып есептеледі. Дененің дамуын скрининг бағалау мақсатында екі өлшемді центильдік номограммалар кеңінен қолданылады.

№22 слайд
орытынды Сзс з артышылыына
Содержание слайда: Қорытынды: Сөзсіз артықшылығына қарамастан, центильдік әдіс баланың биологиялық дамуын бағалауға мүмкіндік бермейді. Бірақ, ол көп еңбекті талап ететін регрессия шкалалары бойынша морфологиялық – функционалдық жағдайды бағалау әдісін алмастыра отырып, дененің дамуын кешендік бағалауда ойдағыдай қолданылады. Биологиялық дамудың артта қалуы немесе озып кетуі және морфологиялық – функционалдық көрсеткіштердің үйлесімді еместігі денсаулық жағдайында ауытқулар бар екенін көрсетеді.

№23 слайд
Пайдаланылан дебиеттер Жалпы
Содержание слайда: Пайдаланылған әдебиеттер: Жалпы гигиена, оқулық – профессор Ү.И.Кенесариевтің редакциялық басқаруымен, Алматы 2013 жыл. Гигиена детей и подростков – В.Р.Кучма, 2003 г. Методы исследования физического развития детей и подростков в популяционном мониторинге: руководство для врачей/ А.А. Баранов, В.Р. Кучма, Ю.А. Ямпольская и др.; под ред. акад. РАМН А.А. Баранова и проф. В.Р. Кучмы. – М.: Союз педиатров России, 1999. – 226 с. Оценка физического развития детей и подростков г. Нижнего Новгорода: методические указания/ Е.С.Богомолова и др. – Н. Новгород: Изд-во НижГМА, 2011 – 80 с.

Скачать все slide презентации Балалардың физикалық дамуының бағалау көрсеткіштері ретінде қолданылатын центильді шкалалар және регрессия шкалалары одним архивом: