Презентация Дәрілердің әсерінің ағзаның қасиетіне тәуелділігі онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Дәрілердің әсерінің ағзаның қасиетіне тәуелділігі абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 42 слайда. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Здоровье и Медицина » Дәрілердің әсерінің ағзаның қасиетіне тәуелділігі



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    42 слайда
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    461.32 kB
  • Просмотров:
    100
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Фармакология, фармакотерапия
Содержание слайда: Фармакология, фармакотерапия және клиника  Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы лық фармакология кафедрасы. Презентация Тақырып: Дәрілердің әсерінің ағзаның қасиетіне тәуелділігі. Орындаған: Келдібек А. Тобы: 303 Б ФК Қабылдаған:             2016 ж  

№2 слайд
ЖОСПАР . К р спе . Нег зг бл
Содержание слайда: ЖОСПАР І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Дәрілердің ағзаға әсерлерінің түрлері Қайта қабылдағанда пайда болатын эффект Енгізу жолдары мен эффектілері   ІІІ. Қорытынды VI. Пайдаланылған әдебиеттер  

№3 слайд
К р спе Фармакодинамика жне
Содержание слайда: Кіріспе Фармакодинамика және фармакокинетика Фармакалогилада дәрілік заттардың фармакокинетикалық  және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады.Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі болып табылады. Дәрілік заттарды емдік және алдын алу мақсатында  қолдану, оларды ағзаға енгізуден немесе дене бетінен жанастырудан басталады. Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды. Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының өлшеміне байланысты болады.Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік заттардың құрылымын және рецептормен жанасу дәрежесін молекулалық байланыстың беріктігіне тәуелді болады.зат рецептормен өзара әсерлесу үшін,олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды.  

№4 слайд
Др л к заттарды адам азасына
Содержание слайда: Дәрілік заттардың адам ағзасына әсері. Дәрілік заттардың әсерлеріне байланысты бөлінуі: Сандық Сапалық Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде олардың химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты  болды. Заттардың химиялық құрылысы  және олардың химиялық биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Сонымен қатар бірдей типті әсерлі әр түрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық құрылысын сәйкес келтіру үшін дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде мәлімет алуға болады.

№5 слайд
Содержание слайда:

№6 слайд
Содержание слайда:

№7 слайд
Дозаа байланысты сер н даму
Содержание слайда: Дозаға байланысты әсерінің даму жылдамдығы, оның айқындығы, ұзақтығы, кейде сипаты өзгереді.Әдетте дозаның жоғарылауыменн латентті кезеңі азаяды және әсерінің айқындығы мен ұзақтығы ұлғаяды.

№8 слайд
Кейб р жадайларда препаратты
Содержание слайда: Кейбір жағдайларда препараттың дозасы курстық емге көрсетіледі, әсіресе микробтарға қарсы химиотерапиялық заттарды қолданғанға маңызды.

№9 слайд
Содержание слайда:

№10 слайд
Др лерд азаа серлер н трлер .
Содержание слайда: Дәрілердің ағзаға әсерлерінің түрлері.

№11 слайд
Содержание слайда:

№12 слайд
Содержание слайда:

№13 слайд
Альдегиддегидрогеназа ген н
Содержание слайда: Альдегиддегидрогеназа генінің мутациясы этил спиртінің метаболизміи бұзады. Бұл кезде этанолдың тотығу өнімі - сірке альдегиді сірке қышқылына тотықпайды. Сірке альдегидінің корлаты оның улы әсерімен білінеді, бұл жағдай алкогольды ішімдіктерді қолданудан бас тарту керектігіне мәжбүр етеді. Жүре пайда болған дәріге үйрену негізінде фармакокинетикалық және фармакодинамикалык механизмдер орын алады.

№14 слайд
.айта абылдаанда пайда
Содержание слайда: 2. Қайта қабылдағанда пайда болатын эффект Дәрілік заттарды кайталап колданғанда олардың әсері әр түрлі бағытта өзгереді, соның бірі-кумуляция. Кумуляция (латынша cumulatio- көбею, жиналу)- ағзада дәрілік заттардың молекулаларының (материалды кумуляция) және олардын әсерлерінің (кызметті кумуляция) қорлануы, Материалды кумуляция төмен бауырлық немесе бүйректік бар және ұзақ жартылай шығарылу кезеңі бар липофильді дәрілік заттарды қабылдағанда пайда болады. Клиникада фенобарбиталдың, бромидтердің, жүрек гликозидтерінің (дигитоксин, целанид, дигоксин), тікелей әсерлі антикоагулянттардың кумуляциясын есепке алу кажет.

№15 слайд
Кумуляция о жне тер с мнд
Содержание слайда: Кумуляция оң және теріс мәнді болуы мүмкін. Кумуляциянын оң мәні дәрілік заттың ұзартылған әсерімен, оларды сирек қабылдау мүмкіндігімеи байланысты болуы мүмкін, мысалы ауыр жүрек жетімсіздігімен ауыратын науқастар түнде жүрек гликозидтерін кабылдамаса да болады. Теріс мәнді кумуляция қайталап енгізген препараттың және алғашкы енгізген препараттың дозаларының косылуы нәтижесінде улану каупінің болуына негізделген. Уыттануды болдырмау үшін, кумуляцияланатын дәріні бір калыпты дозада қабылдау кажет. Бұл доза бір тәулікте шығарылатын препараттың мөлшеріне тең болады.

№16 слайд
Содержание слайда:

№17 слайд
ЭК - элиминация коэффцент б р
Содержание слайда: ЭК - элиминация коэффңценті (бір тәулікте шығарылатын пайызбен берілген дозаның бөлігі). Шамалы материалды кумуляция бауыр мен бүйрек ауруларында, балалар мен карт адамдарда кездеседі. Бауырдың патологиясында дәрілік заттардың белсемді метаболиттерінің кумуляциясы болуы мүмкін. Кызметті кумуляцияның мысалдары - созылмалы алкоголизм, қорғасынмен уланған кездегі сопақша ми орталыктарының салдануы.

№18 слайд
Дадылану - бл др л к заттарды
Содержание слайда: Дағдылану - бұл дәрілік заттарды қайталап кабылдаған кездегі әсерінің әлсіреуі. Емдік дозаны жаңалау үшін дозаны жоғарылату қажет. Мәселен, үрейге, қорқынышқа қарсы транквилизатор сибазонның (диазепам) дозасы күніне 5-10 мг/, ал дәріге үйрену кезінде дозасы күніне 1000мг-ға дейін жоғары- лайды. Дәріге дағдылану туа және жүре пайда болған болуы мүмкін. Туа пайда болған (тұкымқуалаушылық) дағдылану энзимопатияға негізделген. Негізінен дәрінің циторедепторлармен байланысуына аз дәрежеде - мүшелер мен ұлпаларда таңдамалы қорлануына байланысты.

№19 слайд
Дадыланудын
Содержание слайда: Дағдыланудын фармакокинстикалык механизмдері.

№20 слайд
Дадылануды фармакодинамикалы
Содержание слайда: Дағдыланудың фармакодинамикалық механизмдері.

№21 слайд
Содержание слайда:

№22 слайд
Содержание слайда:

№23 слайд
Тахифилаксия грек т л нен
Содержание слайда: Тахифилаксия (грек тілінен tachys - тез, phylaxis - қорғаныс)- бұл бірнеше сағаттар ішінде дәріге тез үйрену. Тахифилаксия синапс ұштарындағы медиатор қорларының таусылуына негізделген. Дағдылану бір уакытта дәрілердің әртүрлі әсерлерінен пайда болуы мүмкін. Мәселен фенобарбиталды ұзақ қабылдағанда оның ұйкы шақыратын әсеріне үйрену қалыптасады, бірақ препараттың тырысуға қарсы әсері сақталынады. Транквилизаторларды қолданғанда оның бұлшық етті босаңсытатын әсері төмендейді, бірақ қоркынышқа қарсы әсері өзгермейді.

№24 слайд
мартушылы - бл наркотикалы
Содержание слайда: Құмартушылық - бұл наркотикалық әсері бар психоактивті дәрілерді қайталап қабылдауға ұмтылу, яғни эйфорияға жету мақсатында немесе наркотиктерді қолданғанда пайда болатын психикалық немесе физикалық дискомфорпы азайту мақсатында қолдану. Эйфорияның белгілері - қанағаттану сезімі, елестеулер, жұмысқа қабілеттіліктің және өмірлік күштердің жоғарылауы немесе жеңіл тыныштану, босаңсу, ауырсынудың жоғалуы. Наркоманияда психикалық және физикалық тәуелділік және дағдылану қалыптасады.

№25 слайд
Психикалы туелд л к кез нде
Содержание слайда: Психикалық тәуелділік кезінде наркотикалық дәрілерден адамдарды айыру психикалық бұзылыстарға - тұнжырауға, озбырлыққа, ұйқысыздыққа, қорқынышқа, тітіркенушілікке әкеледі. Физикалық тәуелділікте наркотикті қабылдауды тоқтату немесе оның антагонистерін енгізу доғару синдромның дамуымен сипатталады. Доғару синдром - бұл қайтарым синдромы түріндегі (наркотик шақыратын функцияның қарама - қарсы бұзылыстары) психопатологиялық. неврологиялық және соматовегетативті бұзылыстардың кешені. Мысалы, морфин ауырсынуды басады, тыныс алу орталығын тежейді, керісінше морфинді қолданбағанда іште, сүйектерде, буындарда, бұлшык еттерде кенеттен ауырсыну және алқыну пайда болады. Наркотикалық затты қайта қабылдағаннан соң абстинентті синдром жойылады.

№26 слайд
Физикалы туелд л кте
Содержание слайда: Физикалық тәуелділікте катехоламиндердің терең тапшылығы өмірге қауіп төндіреді. Теңгеру механизмі ретінде катехоламиндердің синтезі күшейеді, олардың метаболизмінің ферменттері тежеледі, ең алдымен дофамин - (3-гидроксилаза (бұл фермент дофамин мен норадреналинді тотықтырады) және моноаминооксидазалар, қосымша циторецепторлар пайда болады, жасырын синапстар және өткізгіш жолдар іске қосылады.

№27 слайд
Абстинентт синдромны ауырлыы
Содержание слайда: Абстинентті синдромның ауырлығы қандағы дофамин деңгейімен байланысты. Дофаминнің 2 есе көбеюі ауыр абстинентті синдром белгілерімен сипатталады, ал дофаминнің 3 есе көбеюінен жіті психикалық күй дамиды. Физикалық тәуелділіктегі нашақорларда ремиссия фазасында дофаминнің деңгейінің толқуы байқалады: бастапқы кезеңде дофамин біраз жоғарылайды, сонан соң қалыптыдан төмендейді.

№28 слайд
Наркотикалы туелд л к.
Содержание слайда: Наркотикалық тәуелділік. патогенезінде опиоидты, серотонинергиялық және ГАМК-ергиялық нейромедиатор жүйелері, кортикотропин - рилизинггормон қатысады. Кортикотропин - рилизинг гормон стресс кезінде гипоталамо- гипофиз кешенінің серпілісін бақылайды, лимбикалық құрылыстарды белсендендіріп, ағзаның нашақорлыққа бейімділігінде нейромедиатор қызметін атқарады. Көптеген медико-генетикалық зерттеулерде егер, баланың әке- шешесі нашақорлықтан зардап шексе, оның балаларының нашақор болу қаупі және олардың мінез құлықтарында бұзылыстар (агрессия, тұнжырау) дамиды. Әйелдің жүктілік кезінде наркотиктерді қабылдауы, оның сәбиінің қалыптасқан наркотикалық тәуелділікпен дүниеге келуіне алып келеді.

№29 слайд
Бер лу синдромы. серп л стерд
Содержание слайда: Берілу синдромы. серпілістерді және үрдістерді басатын дәрілік заттарды тоқтатканнан соң басқарушы үрдістер мен жеке серпілістердің тежелуі негізінде дамиды. Аурудың өршуі суперкомпенсациясы қызметі орын алады.

№30 слайд
йы шаырушы др барбитурат
Содержание слайда: Ұйқы шақырушы дәрі барбитурат қышқылының туындысы тез ұйқының гипногенді жүйесін басады. Емді біткеннен соң тез ұйқының құрылысы бұзылады, науқастар корқынышты түстер көреді және ұйқы оларға демалу сезімін бермейді. Стенокардияны емдегенде β-адреноблокаторларды ұзақ тағайындағанда миокардта жаңа β - адреңорецепторлар түзіледі, препаратты қабылдауды тоқтатканнан соң норадреналин медиаторы және адреналин гормоны бұрын болған «жаңа» адренорецепторларды коздырады. Науқастарда жүректің оттегіге сұранысы жоғарылайды, стенокардияның жаңа ұстамалары пайда болады, типті миокард елеттенуі дамиды.

№31 слайд
Содержание слайда:

№32 слайд
Содержание слайда:

№33 слайд
Енг зу жолдары мен эффект лер
Содержание слайда: Енгізу жолдары мен эффектілері I. Энтеральды енгізу жолдары (асқазан ішек жолдары (АІЖ) арқылы). а) Пероральды енгізу жолы - дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы енгізу (рег-арқылы, os-ауыз). Басқа енгізу жолдарына қарағанда ең қарапайым және ыңғайлы әдіс (әсері 30-60 мин. соң басталады) болып табылады. Кейбір препараттар (мысалы, бензилпенициллин, эритромицин, адреналин) асқазан сөлі, тұз қышқылы ферменттерінің әсерінен бұзылып, нашар сіңіріледі. АІЖ-да сіңіріліп болған соң, бауырдан қан айналым жүйесіне түседі. Науқастың ес-түссіз жағдайында және үздіксіз құсуда бұл әдіс тиімсіз.

№34 слайд
б Сублингвальды sub lingua -
Содержание слайда: б) Сублингвальды (sub lingua - тіл астына) және трансбуккальды (ұртқа) енгізу жолы. Бұл жолмен тек белсенді запар сіңіріледі. Мысалы, нитроглицерин. Бауырдан тыс, тіл астындағы майда қан тамырларына сіңіріліп (әсері 1 -3 мин. соң басталады), одан ірі қан тамырларға етеді, қан тамырларды кеңейтіп, жүректі оттегімен қамтамасыз етіп, жүректің жұмысын жеңілдетеді.

№35 слайд
в Т к шекке енг зу жолы - per
Содержание слайда: в) Тікішекке енгізу жолы - (per rectum - тік ішек арқылы) бұл жолмен суппозиторийлер, дәрілік клизмалар және жағылмалар енгізіледі. Ауыз қуысы арқылы енгізу жолына қарағанда әсері (әсері 15-30 мин. басталады) тезірек. Тік ішектен дозаның 50% бауырға соқпай төменгі қуыс вена жүйесіне түседі, ал 50% қақпалық көктамырға түсіп, бір бөлігі бауырда инактивацияланады (белсенділігі төмендейді). Ректальды жолдың кемшілігі: тік ішекггің дәрілерге тітіркендіргіш әсеріне (проктит тудыру қаупі) сезімталдығы, сіңіру бетінің ауданының аздығы, шырышты қабықшамен дәрінің жанасу уақытының аздығы, сондай-ақ емдеу клизмапары үшін ерітіндінің көлемінің аз болуы (50-100 мл), ем-шараларды жұмыс уақытында, жол жүргенде енгізудің ыңғайсыздығы.

№36 слайд
II.Парентеральды енг зу жолы
Содержание слайда: II. Парентеральды енгізу жолы (АІЖ-нан тыс)

№37 слайд
Содержание слайда:

№38 слайд
Баса да парентеральды енг зу
Содержание слайда: Басқа да парентеральды енгізу жолдарына: артерия ішіне, жүрек ішіне, сүйекке, тері ішіне, интраназальды, конъюктивальды, кеудеге, плевраға және буынға енгізу жатады.  

№39 слайд
орытынды Др л к заттара туелд
Содержание слайда: Қорытынды Дәрілік заттарға тәуелділік – бұл наркотикалық әсері бар психобелсенді дәрілерді қайталап қабылдауға ұмтылу, яғни эйфорияға жету мақсатында немесе наркотиктерді қолданбағанда пайда болатын психикалық немесе физикалық дискомфортты азайту мақсатында қолдану. Эйфорияның белгілері – қанағаттану сезімі, елестеулер, жұмысқа қабілеттің және өмірлік күштердің жоғарлауы немесе жеңіл тыныштану, босаңсу, ауырсынудың жоғалуы. Психикалық тәуелділік – наркотикалық дәрілерден адамдарды айыру психикалық бұзылыстарға, тұнжырауға, озбырлыққа ұйқысыздыққа, қорқынышқа әкелу. Физикалық тәуелділік – наркотикті қабылдауды тоқтату немесе оның антогонистерін енгізу абстинеттік синдромның дамуымен сипатталады. Дәрілік заттар тек қана емдеп қана қоймай, сонымен қоса, ағзаға кері әсерлерін тигізетіндігін, өкінішке орай, барлық адамдар біле білмейді. Дәрілік заттарды қолдану бойынша нұсқамада мүмкін болатын жанама әсерлер жекелеп көрсетіледі.

№40 слайд
Дние жз л к денсаулы сатау
Содержание слайда: Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, аурудың алдын алу, диагностикалау, емдеу мақсатында тағайындалған препараттың ағзаға кез келген кері жағымсыз әсерін дәрілік заттардың жанама әсері деп атайды. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері көбіне полипрагмазия, өз-өзін емдеу, дәрілік затты мөлшерден тыс қолдану салдарынан күшті фармакологиялық әсердің дамуынан (мысалы, қан қысымын төмендететін препараттарды мөлшерден тыс қолдану салдарынан гипотензияның дамуы), бір-бірінің әсерін күшейтетін бір бағытта әсер ететін дәрілік затты бірге қабылдау (мысалы варфарин мен аспирин), туа біткен сезімталдылық, генетикалық бейімділік салдарынан дамуы мүмкін.

№41 слайд
Др л к препараттарды абылдау
Содержание слайда: Дәрілік препараттарды қабылдау салдарынан дамитын шамамен 60% жуық жағымсыз әсерлердің дамуына жол бермеуге болады. Жағымсыз әсерлер қаупі төменде көрсетілген жағдайларда туындайды: * науқас жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау; * дәрілік затты тиісті мөлшерде тағайындамау; * ағзаның күтпеген реакциясын туындататын, анықталмаған медициналық, генетикалық немесе аллергиялық жағдайлар; * рецепт бойынша жіберілетін дәрілік заттарды өздігінен алып қабылдау; * дәрілерді қабылдау тәртібін бұзу; * қабылдап жатқан дәрілік заттың басқа дәрілік заттармен (сонымен қоса, биологиялық белсенді заттармен), кейбір тағамдармен өзара әсерлесу ерекшеліктерін ескермеу; * емді тиімсіз тіпті болмаса өмірге қауіпті ететін, құрамы ғылыми талаптарға және стандартқа сай емес дәрілік заттарды қолдану; * тиімсіз, қауіпті, құрамында белсенді заттары жоқ жасанды дәрілік заттарды қолдану.

№42 слайд
Пайдаланылан дебиеттер
Содержание слайда: Пайдаланылған әдебиеттер 1) Орманов Н.Ж. Орманова Л.Н. «Фармакология» І-ші кітап Шымкент 2010 2)Сұлтанов М.Ә., Ербасова А.А. «Фармакология» Шымкент 2008 жыл. 3)Интернет желісі (www.google.kz, www.yandex.kz) 4)Орманов Н.Ж., Кудабаев А.К., Кадеева М.С., Ибрагимова А.Г., Орманов Т.Н., 5)Пернебекова Р.К., «Справочник лекарственных средств» - Шымкент, 2003жыл. 6)Уикипедия ашық энциклопедиясы

Скачать все slide презентации Дәрілердің әсерінің ағзаның қасиетіне тәуелділігі одним архивом:
Похожие презентации