Презентация Науқастың жеке бас гигиенасы онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Науқастың жеке бас гигиенасы абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 21 слайд. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Здоровье и Медицина » Науқастың жеке бас гигиенасы



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    21 слайд
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    376.99 kB
  • Просмотров:
    131
  • Скачиваний:
    1
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Науасты жеке бас гигиенасы
Содержание слайда: Науқастың жеке бас гигиенасы Елубай мадияр 307 топ Клиникага кіріспе

№2 слайд
Жоспар К р спе Науасты жеке
Содержание слайда: Жоспар: Кіріспе Науқастың жеке бас гигиенасын жүргізуге қойылатын талаптар Науқастың көзінің, құлағының, ауыз қуысының, мұрнының күтімі, науқастың шашын жуу. Науқастың жыныс мүшесін жуу Қорытынды

№3 слайд
Алы сз аз рг кездег медицина
Содержание слайда: Алғы сөз: Қазіргі кездегі медицина саласындағы жаңа технологиялардың алуан түрлілігіне қарамастан, науқас күтіміні ең маңызды мәселе болып қала береді. Дұрыс күтім ауыр хадегі науқастардың тез арада жазылып кетуіне зор ықпалын тигізеді. Сондай-ақ науқасқа дұрыс емес күтім науқас халіне кері әсерін тигізіп, оның денсаулығына улкен зардап келтіретіні сөзсіз. Науқастың жеке бас гигиенасын жүргізуге қойылатын талаптар Науқастың дұрыс күтімі үшін тек дәрігердің ғана емес, медбикенің де жауапкершілігі мол. Медбике білімді әрі білікті ғана емес, сондай-ақ моральдық тұрғыда адамгершілік қасиеті мол болуы керек. Бірақ, түрлі науқастардың арасында үнемі жақсы көңіл-күйде болу айтарлықтай оңай емес. Сонда да, медбике науқасты емдеуде белгілі талаптарды, ретті қадағалауы тиіс. Медбикеге қойылатын талаптар: науқастың ауруханаға түскеннен жазылып кеткенге дейінгі уақыт аралығында үнемі науқас халін бақылап, науқас гигиенасын қадағалау - оның уақытында киімдерін ауыстыру, ауыз қуысының, мұрнының, терісінің, құлағының, шашының тазалығын қадағалау.

№4 слайд
Кзд жуу Кзден бл нген заттар
Содержание слайда: Көзді жуу: Көзден бөлінген заттар кірпіктерді жапсырады, сондықтан, көзді жуып отыру керек: 1. Қолды жуу 2.8-10 залалсыздандырылған шариктерді сулау керек 3.Тампонды сығып, кірпіктерді көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүрту керек 4.4-5 рет қайталау керек 5.Құрғақ тампондармен құрғату керек. 6.Тамызатын дәрісінің сыртын бірнешерет оқып (жарамдылық мерзімі,аты,сақталуы т.б) көзіне тамызу керек

№5 слайд
Кзге тамшы тамызу Емшараны
Содержание слайда: Көзге тамшы тамызу: Емшараны орындау: Қолды жуу, қолғап кию. Пациентті отырғызу немесе жатқызу, басын шалқайтып көзін жоғары қаратуын өтіну. Сол қолдың үлкен саусағымен мақталы тампонды қысып ұстау, төменгі қабақты төмен тарту, сол қолдың сұқ саусағымен жоғарғы қабақты ұстап тұру. Пипетканың ұшын кірпікке және қабаққа тигізбей (пипетканы көзден 1,5 см алыста ұстау), 1 тамшы ерітіндіні қабақпен көз алмасының арасындағы кеңістікке көз саңылауының ішкі бұрышынан 1 см қашықтықта тамызады. Көзден аққан көз тамшыларын құрғақ тампонмен құрғатып сүрту. Көз тамшыларын екінші көзге осындай реттілікпен тамызу. Пипетканы залалсыздандырылған ерітіндісі бар ыдысқа салу.

№6 слайд
Содержание слайда:

№7 слайд
лаыны кт м Жабдытар пипетка
Содержание слайда: Құлағының күтімі: Жабдықтар: пипетка құлақ тамшылары құйылған құты стерильді мақта

№8 слайд
Емшараны орындау Тамшыны
Содержание слайда: Емшараны орындау: Тамшыны адамның дене температурасына дейін жылыту. Науқастың басын дәрі тамызатын құлаққа қарама-қарсы бұру. Пипеткаға қажетті мөлшерде тамшы сору. Сол қолмен науқастың құлақ қалқанын артқы және жоғары қаратып тарту, ал оң қолмен есту жолдарына пипеткамен тамшы тамызу. 15-20 минут пациент осы қалыпта жата тұру қажет(сұйықтық құлақтан ағып кетпеу үшін) Сыртқы есту жолына мақта тампонын тығындау.

№9 слайд
Мрын кт м Мензуркаа вазелин
Содержание слайда: Мұрын күтімі: Мензуркаға вазелин майын құю (немесе глицерин). Турунданы пинцетпен алып майға батырып шамалы сығады. Мұрын жолдары жақсы көріну үшін пациенттің басын шалқайтады. Турунданы мұрын қуысына айналдыра енгізіп 1-3 минутқа қалдырады. Турундны айналдыра қозғалтып мұрын қуысынан қабыршақтармен қоса алады. Емшараны қайталау.

№10 слайд
Ауыз уысы кт м Егер науас
Содержание слайда: Ауыз қуысы күтімі Егер науқас ес-түссіз болған жағдайда ауыз қуысының күтімін күндіз және түнде де әрбір 2 сағат сайын жүргіземіз. Еріндердің кебуінің және хейлиттің алдын алу мақсатында ерінге фурациллин ертіндісіне малынған (1:5000) дәке майлығын салып қоямыз

№11 слайд
Ауыз уысыны кт м н алгоритм
Содержание слайда: Ауыз қуысының күтімінің алгоритмі: Жабдықтар: клеенка, резенкелі қолғап, сумен стакан, тіс пастасы, жұмсақ тіс шөткесі, вазелин, зарарсызданған дәке түйіршіктері, шайынды суды жинайтын ыдыс, қоқыс салатын қап; 

№12 слайд
Емшараны орындалуы Науаса
Содержание слайда: Емшараның орындалуы: Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіру.  Науқасты дұрыс қалыпқа отырғызу: 45° градусты бұрышпен арқасына; қырымен немесе ішімен жату (немесе арқасында), басын бүйірге қарату. Науқас мойыны мен кеудесін клеенкамен жабу, иек астына астауша қою.  Қолды жуып, қолғап кию.  Науқасты қолымен ыдысты ұстап тұруын, аузына суды жинауын және шаюды жүзеге асыруын өтіну. Тіс шөткесін суға малып, оған тіс пастасын жағу.  Тіс тазалауды жүргізу. Әрбір тісті иегінен бастап, азу тістерінен кескіш тістерге қарай тазалау (тісті жоғарғы жақтан бастап тазалаған дұрыс). Ретпен ішкі, шайнау тістерін және тістердің сыртқы беткейін тазалайды. Іс-шараны екі рет қайталайды. Науқасқа тілін шығаруын өтіну (немесе ауыздан абайлап зарарсызданған дәке майлығымен тарту). Тілді антисептикалық ертіндіге малынған дәке түйіршіктерімен тіл түбірінен ұшына қарай бағытта сүрту Дәке түйіршіктерін ауыстырып ұртты және тіл астын, қызыл иекті сүрту.   Науқасқа ауызын сумен шаюға көмектесу (немесе груша баллонымен шаю).  Иегін сүрту, науқас еріндеріне май жағу, жарықты 1% бриллиант көгі ертіндісімен өңдеу.  Ыдысты, клеенканы жинау, қоқысты қапқа салу және дезинфекцияға жіберу. Резенкелі қолқапты шешу, қолды жуу. 

№13 слайд
Ес жо жадайдаы пациентт ауыз
Содержание слайда: Есі жоқ жағдайдағы пациенттің ауыз қуысының күтімі: Жабдықтар: 2 сүлгі, резеңкелі қолғап, астауша, су құйылған стақан, дәке салфеткасы, лейкопластырь, қайшы, шпатель, жұмсақ тіс ысқыш, вазелин (ерінге жағуға жақпа), ыдыс, қоқыс салатын қап.

№14 слайд
Емшараны орындау . Пациентке
Содержание слайда: Емшараны орындау: 1. Пациентке емшара барысын түсіндіру.  2. Ағаш шпательге салфетаны орау және оны лейкопластырьмен бекіту. 3. Ауыз қуысын шаюға арналған антисептикалық ерітінді құйылған ыдыс. 4. Пациентті бір жақ қырына жатқызу, пациенттің беті жастықтың қырынан шығып тұру керек. 5. Пациенттің басының астына сүлгіні жаю. 6. Екінші сүлгіні ашып кеудесіне жаю. 7. Астаушаны пациенттің иегінің астына қою.  8. Күш көрсетпей жайлап пациенттің аузын ашу. 9. Төменгі және жоғарғы жақ тістерінің арасына ауызды кеңейткішті салып, және абайлап жоғарғы және төменгі жақ тістері арасын ашамыз. 10. Тістердің арасына ағаш шпательді салып қою, ауызы ашық тұру үшін. 11. Сұқ саусаққа салфетканы орып үлкен саусақпен қысып тұрып фурациллиннің 0,02% ерітіндісіне немесе 2 пайызды натрий гидрокарбонаты ерітіндісіне малу. 12. Таңдайды, ұрттың ішкі бетін, тістерді, қызыл иекті, тіл, еріндерді салфетка былғанғанша сүрту. 13. Қолданған салфеткаларды қоқыс салуға арналған қапқа салу. 12. Пациенттің тісі жұмсақ ысқышпен тазалау (тіс пастасын қолданбай). 13. Еріндерін вазелинмен майлау 14.Сүлгілерді жинау. 15. Пациентті шалқасына жатқызу. 16. Қолғапты шешу, қолды жуу. 

№15 слайд
Шаш кт м Жабдытар жылы суы
Содержание слайда: Шаш күтімі: Жабдықтар: жылы суы бар суқұйғыш. Таза шара, жайма, сусабын, сүлгі, шаш кептіргіш, шаш тарайтын тарақ, медициналық қолғап, алжапқыш, қоқыс салатын қап. а – науқастың шашын тарау б – кереуетте науқастың басын жуу

№16 слайд
Емшараны орындау Орындалатын
Содержание слайда: Емшараны орындау: Орындалатын емшараның барысын пациентке таныстыру.  2. Қолды жуу, алжапқыш және қолғапты кию.  3. Пациенттің басын қарап, шашын дұрыстау. 4. Пациентті шалқасынан жатқызып, жастығын алып, желке-мойынның астына жапқыш төсеу. 5. Пациенттің иығының астына басын көтеретін жастықша салу және шара қою. 6. Науқастың басын шалқайтып шараның үстіне қарай жақындатады. 7. Басына суқұйғышпен жылы су құйып шашын сулайды. 8. Шамалы сусабын тамызып басын шашын көпіртіп жуады. 9. Құлақтарының артын және шашын мұқият жуады. 10. Басына таза су құйып сабын көпіршіктерін жуады. 11. Шашын таза сумен шаяды. 12. Шашын, құлағын таза сүлгімен сүртеді. 13. Шаш кептіргішті қолданып шашын кептіреді. 14. Жай және абайлап шашын тарайды. 15. Шараны алып, жайманы жинайды, суды төгіп сүлгіні кір жаймаларға арналған қапқа салады. 16. Таза тыс кигізілген жастыққа науқасты жатқызады. 17. Алжапқыш пен қолғапты сүртіп қоқыс салатын қапқа тастайды.  18.Қолды жуады.  

№17 слайд
Ер науасты жуындыру алгоритм
Содержание слайда: Ер науқасты жуындыру алгоритмі: Жабдықтар: Залалсыздандырылған астауша, корнцанг, зарарсыздандырылған мақта тампондары, клеенка, судно, таза жаймалар, суқұйғыш (жылы 30-35°С сабынды ерітіндімен), жылы су немесе антисептик толтырылған Эсмарх түтікшесі (фурациллин ерітіндісі 1:5000), қолғап, клеенкалы алжапқыш, жойылатын қап.

№18 слайд
Емшараны орындау Пациентт
Содержание слайда: Емшараны орындау: Пациентті шалқасынан жатқызу, аяғын тізе буынында бүгіп, жамбас сан буынының арасын ашуды өтіну. Клеенканы төсеп үстіне суднаны қою, жамбасының астына төсеу. Алжапқыш, қолғап кию. Пациенттің оң жағынан тұрып, сол қолға сабынды суы бар суқұйғышты алу, ал оң қолға корнцангпен мақта тампонын ұстау. Жыныс мүшесінің ұшын абайлап кері тартып ұшын шығару. Сабынды сумен суланған мақта тампондарымен жыныс мүшесін және шап аралығын былғанған мақтаны ауыстыра отырып мұқият жуу. Жууды сыртқы жыныс мүшесінен тік ішекке қарай бағыттау керек, анус аймағындағы инфекцияны таратпау үшін келесі реттілікті сақтау қажет: жыныс мүшесінің басы, жыныс мүшесінің терісі, шап аралық, ұма және артқы тесік аймағы. Эсмарх түтікшесінен аққан ағынды сумен осы реттілікпен шаяды Шаю жүргізілген бағытпен құрғақ мақта тампондарымен жыныс мүшесінің терісін және шап аралығын құрғатып сүртеді. Судно және клеенканы жинау. Пациентті ыңғайлы етіп жатқызу. Судно және клеенканы дезинфекциялық ерітіндіге салу, мақта тампондарын утилизацияланатын қапқа салу. Алжапқыш және қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге батыру. Қолды жуу. СУРЕТ(A/Б)

№19 слайд
Кереуетте йел адамдарлы
Содержание слайда: Кереуетте әйел адамдарлы жуындыру: Пациентті шалқасынан жатқызу, аяғын тізе буынында бүгіп, жамбас сан буынының арасын ашуды өтіну. Клеенканы төсеп үстіне суднаны қою, жамбасының астына төсеу. Алжапқыш, қолғап кию. Пациенттің оң жағынан тұрып, сол қолға сабынды суы бар суқұйғышты алу, ал оң қолға корнцангпен мақта тампонын ұстау. Сабынды сумен суланған мақта тампондарымен жыныс мүшесін және шап аралығын былғанған мақтаны ауыстыра отырып мұқият жуу. Жууды сыртқы жыныс мүшелерінен анусқа қарай бағыттайды, анус аймағындағы инфекцияны таратпау үшін келесі реттілікті сақтау қажет: кіші жыныс еріндері, үлкен жыныс еріндері, шап аймағы, аралық, артқы тесік аймағы. Эсмарх түтікшесінен аққан ағынды сумен осы реттілікпен шаяды Шаю жүргізілген бағытпен құрғақ мақта тампондарымен жыныс мүшесінің терісін және шап аралығын құрғатып сүртеді. Судно және клеенканы жинау. Пациентті ыңғайлы етіп жатқызу. Судно және клеенканы дезинфекциялық ерітіндіге салу, мақта тампондарын утилизацияланатын қапқа салу. Алжапқыш және қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге батыру. Қолды жуу. СУРЕТ(В.Г.Д)

№20 слайд
Содержание слайда:

№21 слайд
орытынды Науасты баылап, оны
Содержание слайда: Қорытынды: Науқасты бақылап, оның жеке бас гигиенасын сақтау оңай емес. Бұл баптылықты, мұқияттылықты, аса зор жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан, науқасқа тиесілі қызмет атқару үшін, оны орынды емдеу үшін, біз науқастың жеке бас гигиенасын сақталуын білуге міндеттіміз.

Скачать все slide презентации Науқастың жеке бас гигиенасы одним архивом: