Презентация Сапа тәжірибесі (GCP) ережелері бойынша жаңа дәрі-дәрмектердің клиникалық зерттеулер принциптері онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Сапа тәжірибесі (GCP) ережелері бойынша жаңа дәрі-дәрмектердің клиникалық зерттеулер принциптері абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 15 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Здоровье и Медицина » Сапа тәжірибесі (GCP) ережелері бойынша жаңа дәрі-дәрмектердің клиникалық зерттеулер принциптері



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    15 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    3.49 MB
  • Просмотров:
    75
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Орындаан Молдал Ж.Б. абылдаан
Содержание слайда: Орындаған: Молдақұл Ж.Б. Қабылдаған:Қайдауов М.К. Тобы:Фа-12-003-01 Сапа тәжірибесі (GCP) ережелері бойынша жаңа дәрі-дәрмектердің клиникалық зерттеулер принциптері. Жаңа дәрілік заттарды пайдалану және дамыту, тіркеу және бақылауды жүзеге асырудағы ҚР ДСМ Фармакологиялық және фармакопея комитеттерінің орны.

№2 слайд
Жоспар К р спе GCP алыптасуы
Содержание слайда: Жоспар: Кіріспе GCP қалыптасуы Сапалы КС (GCP) принциптері Экономикалық көлеңкесі Сапалы клиникалық сынақтың принциптері Фармакологиялық және фармакопея комитеттерінің орны Фармакопеялық және Фармакологиялық комитет қызметтері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

№3 слайд
К р спе Эксперимент тж рибе
Содержание слайда: Кіріспе Эксперимент (тәжірибе) — зерттелетін құбылыстың қалыпты ағымда бақыланатын араласулар көмегімен жүретін себеп-салдар гипотезасын тексеретін жалпы ғылыми әдіс. Эпидемиологиялық экспериментальді зерттеу мақсаты – дәрілік заттардың потенциалды және шынайы тиімділігі мен қауіпсіздігін, аурудың емдеу сұлбасы мен әдістері, диагностикасы мен алдын алуын бағалау. Клиникалық сынақ (КС) бұл – зерттелуші профилактикалық, диагностикалық немесе терапиялық заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін алатын қадағаланатын эксперименталді зерттеу.

№4 слайд
Gcp АЛЫПТАСУЫ Адамны
Содержание слайда: Gcp ҚАЛЫПТАСУЫ Адамның қатысуымен жүргізілетін КС жалпы ережесі Нюрнберг кодексі мен түпкілікті Бүкіләлемдік медициналық ассоциациясының Хельсинск декларациясынан туындаған. Кейіннен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы клиникаға дейін және клиникалық зерттеулер жүргізуді реттеу үшін 1974 жылы «Адамдарда қолдануға берілген дәрі-дәрмектерді бағалау жөнінде әдістемелік нұсқау» дайындалған. Кейінірек осы құжаттың негізінде АҚШ-та 1977 жылы «Қатерсіз клиникалық тәжірибе ережесі» (Good clinical practice, GCP) атты КС жүргізудің ұлттық ережесі қабылданды. Содан кейін осыған ұқсас ережелер басқа да мемлекеттерде (Евроодақ, Япония, Канада, Австралия) қабылданды. Олардың үйлесімділігі мақсатында халықаралық конференциялар (ең бірінші 1991ж.,www.ich.org қара) өткізілді, яғни мұнда аса маңызды ролді дәрілік заттарды өндірушілер алды, сондықтан GCP Хельсинк декларациясының талаптарына мүлде сәйкес келмейді. Әрине бұл құжаттардың тілдік ерекшелігі бар

№5 слайд
Егер зерттеуш лер медициналы
Содержание слайда: Егер зерттеушілер медициналық араласуларды араласулардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауға бағытталған зерттеу деп айтқан болса, ICH құжаттарында «зерттеу» деген жалпы термин қолданылады. 1998 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «Халықаралық стандарттарды Орталық және Шығыс Европа елдерінің тәжірибесіне клиникалық сынақтарды енгізу» жобасын жүзеге асырды. Егер зерттеушілер медициналық араласуларды араласулардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауға бағытталған зерттеу деп айтқан болса, ICH құжаттарында «зерттеу» деген жалпы термин қолданылады. 1998 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «Халықаралық стандарттарды Орталық және Шығыс Европа елдерінің тәжірибесіне клиникалық сынақтарды енгізу» жобасын жүзеге асырды. Осылайша зерттелушілерге КС мәліметтері мен нәтижелері нақты, құқығын қорғайтын, дербестік пен құпиялықты және сенімділікті қамтамасыз ету үшін GCP ережесі әзірленген.

№6 слайд
Жаа др л к заттарды клиникалы
Содержание слайда: Жаңа дәрілік заттардың клиникалық сынақ үрдісі өзара байланысқан төрт фазадан тұрады. Эксперименталді эпидемиологиялық зерттеулердің жіктелуі. Рандомизирленген клиникалық зерттеу: иммунобиологиялық заттардың және дәрі-дәрмектің әлеуетті тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау. Рандомизирленген түздік (полевое) зерттеу: иммунобиологиялық заттардың әлеуетті тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау. Бірыңғай түздік (полевое) зерттеу: иммунобиологиялық заттардың және дәрі-дәрмектің шынайы әлеуетті тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.

№7 слайд
Сапалы КС GCP принциптер КС
Содержание слайда: Сапалы КС (GCP) принциптері: КС негізін қалаушы Хельсинк декларациясының этикалық принциптеріне, GCP стандартына және күшіне енген нормативтік талаптарға сәйкес жүргізу керек. · КС басталмас бұрын зерттелуші мен қоғамға пайдасы мен жорамал қауіптің ара қатынасын бағалау қажет. Күтілетін пайда қауіптен басымырақ болған жағдайда КС басталуы мен аяқталуы болуы мүмкін. · Зерттелушінің құқық, қауіпсіздік мен денсаулық принциптері ғылым мен қоғам қызығушылығынан гөрі басымдырақ болады. · Жоспарланған КС зерттелетін дәрінің клиникаға дейінгі және клиникалық мәліметтері негіз болуы қажет. · КС ғылыми негізделген, зерттеу хаттамасында толық және анық сипатталған болу керек. · Эксперттік кеңеспен/Этика жөніндегі комитетпен уақытылы бекітілген/мақұлдаған хаттамаға сәйкес жүргізіледі.

№8 слайд
Зерттелуш ге медициналы кмек
Содержание слайда: · Зерттелушіге медициналық көмек көрсетуге жауапкершілікті тек қана білікті дәрігер алуы қажет. · Зерттелушіге медициналық көмек көрсетуге жауапкершілікті тек қана білікті дәрігер алуы қажет. · КС жүргізуге қатысатын барлық тұлғалар қойылған мақсаттарға сай кәсіби білім мен тәжірибе алу қажет. · Зерттелушіні зерттеу материалдарымен түбегейлі таныстырағаннан кейін, тек ерікті ақпаратты келісім беру негізінде ғана қосу мүмкін. · КС барысында алынған ақпараттарды жинақтау, өңдеу және сақтау мәліметтерді нақты және дұрыс көрсететін түсініктемелер мен дәлелдерді қамтамасыз ету қажет. · Зерттелуші тұлғаны растайтын құжаттарды өкілетті емес тұлғалардан құпия түрінде сақтау қажет. · Зерттеліп жатқан дәріні дайындап шығару мен сақтау, сонымен қатар олармен жұмыс істеу ДЗ өндіру мен сапасын бақылауды ұйымдастыру ережелеріне немесе Good Manufacturing Practice (GMP) сәйкес іске асырылуы қажет. Дәріні бекітілген зерттеу хаттамасына сәйкес қолданады.

№9 слайд
Экономикалы клекес ДЗ жасап
Содержание слайда: Экономикалық көлеңкесі ДЗ жасап шығару және оларды КС – өте қымбат процедура. Сынақтың құнын төмендетуге талпынатын кейбір фирмалар дәріні жасап шығарушы мемлекеттің фирмасынан гөрі, сынақты бағасы мен талаптары өте төмен мемлекеттерде жүргізеді. Солай көптеген вакциналар алғашқыда Үндістан, Қытай және басқа да үшінші әлем елдерінде сыналған. КС 2-3 сатысы ретінде вакциналарды қайырымдылық түрінде Африка мен Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне жіберу арқылы жасалған.

№10 слайд
Сапалы клиникалы сынаты
Содержание слайда: Сапалы клиникалық сынақтың принциптері Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі зерттеу, медико-биологиялық эксперимент және клиникалық сынақтар жүргізуережесін бекіту туралы» N 442 25.07.2007 жылғы бұйрығы күшіне енген. " Осы стандарт клиникалық тәжірибеде (Consolidated GC.) қажетті Басшылық құжатына ұқсас. Адамдарда қолданылуға арналған фармацевтік өнімдерді тіркеудің техникалық талаптарының үйлесімділігі жөнінде Халықаралық конференциясы (International Conference on Harmonization of Technical Requirements for Registration of Pharmaceuticals for Human Use; ICH). Олхалықаралық фармацевтік өндірушілердің Ассоциациясымен, Тұтынушылар қауымдастығының халықаралық конфедерациясымен (КонфОП), РМҒА (РАМН) дайындалған. Қажетті клиникалық тәжірибе: жоспарлаудың халықаралық этикалық және ғылыми стандарттары мен субъект ретінде адамның қатысуымен зерттеу жүргізу, сонымен қатар осындай зерттеуді құжатқа негіздеп және нәтижелерді ұсыну. Берілген стандартты сақтау бұл - зерттеу субъектісінің құқығы, қауіпсіздігі мен игілігі қорғалатыны, Бүкіләлемдік медициналық Ассоциациясымен қаланған Хельсинк декларациясы принциптерімен келісілгендігі және КС мәліметтері шек келтірілмейтіндігі қоғам үшін кепілдік бола алады. Осы ұлттық стандарртың мақсаты – төменде аталған мемлекеттердің өкілетті органдарымен КС мәліметтерін өзара қабылдауға ықпал жасайтын Европалық Одақ, АҚШ және Жапония мемлекеттерімен біртұтас ережені орнықтыру.

№11 слайд
Фармакологиялы жне фармакопея
Содержание слайда: Фармакологиялық және фармакопея комитеттерінің орны Фармакопеялық комитет - дәрілік заттар сапасына бақылау жүргізу арқылы , нормативті құжаттарды талаптарға сәйкес келетіндігін заңды растайтын ресми сараптамалық орган. Фармакологиялық комитет - дәрілік заттарды медициналық практикада тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сараптық бағалауды жүзеге асыратын ҚР ДСМ дәрілік заттар және медициналақ техника сапасын бақылау жөніндегі Бас басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады

№12 слайд
фармакологиялы комиссия - др
Содержание слайда: фармакологиялық комиссия - дәрілік заттың қауіпсіздігіне, тиімділігіне, ғылыми мамандандырылған сараптаманы жүргізу, уыттылығын, өсіп-өну (эмбриоуыттылығы, тератогендігі, мутагендігі) қызметін, клиникаға дейінгі клиникалық және басқа сынақтардың қорытындылары бойынша канцерогендігін, сондай-ақ дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандарға арналған және дәрілік затты қолдану жөніндегі тұтынушыларға арналған (аннотация-қосымша бет) нұсқаулықтарда көрсетілген деректердің дұрыстығын бағалау жөніндегі сараптау комиссиясы;        фармакопеялық комиссия - өндірілген дәрілік заттардың ұқсастығы, маңыздылығы, тазалығы, бактериологиялық тазалығы, пирогендігі, эндоуыттылығы, сондай-ақ химиялық, фармацевтикалық, биологиялық бара-барлығы сапа көрсеткіштерінің, дайындаушы зауыттың дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатының сапа көрсеткіштерінің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі тұрғысында таңбалануына және қаптамасына дәрілік заттар сапасын сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткіліктілігі тұрғысында ғылыми мамандандырылған сараптаудан өткізу жөніндегі сараптау комиссиясы.  фармакологиялық комиссия - дәрілік заттың қауіпсіздігіне, тиімділігіне, ғылыми мамандандырылған сараптаманы жүргізу, уыттылығын, өсіп-өну (эмбриоуыттылығы, тератогендігі, мутагендігі) қызметін, клиникаға дейінгі клиникалық және басқа сынақтардың қорытындылары бойынша канцерогендігін, сондай-ақ дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандарға арналған және дәрілік затты қолдану жөніндегі тұтынушыларға арналған (аннотация-қосымша бет) нұсқаулықтарда көрсетілген деректердің дұрыстығын бағалау жөніндегі сараптау комиссиясы;        фармакопеялық комиссия - өндірілген дәрілік заттардың ұқсастығы, маңыздылығы, тазалығы, бактериологиялық тазалығы, пирогендігі, эндоуыттылығы, сондай-ақ химиялық, фармацевтикалық, биологиялық бара-барлығы сапа көрсеткіштерінің, дайындаушы зауыттың дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатының сапа көрсеткіштерінің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі тұрғысында таңбалануына және қаптамасына дәрілік заттар сапасын сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткіліктілігі тұрғысында ғылыми мамандандырылған сараптаудан өткізу жөніндегі сараптау комиссиясы. 

№13 слайд
Фармакопеялы жне
Содержание слайда: Фармакопеялық және Фармакологиялық комитет қызметтері: Дәрілік затты, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және тіркеу құжаттары жинағына өзгерістер енгізуді Фармация комитеті жүзеге асырады. Дәрілік затты, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу осы Ережеге1 , 2 -қосымшаларға сәйкес Фармация комитетіне берілген өтініш негізінде жүргізіледі.  Фармация комитеті мемлекеттік тіркеу туралы өтініш алғаннан кейін Қазақстан Республикасының рыногында мемлекеттік тіркеуге өтініш жасалған дәрілік заттың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың аналогтарының болуына, олардың салыстырмалы бағасына, өндірілу жағдайларын бағалауға талдау жүргізеді.      Өндірістің жағдайын және сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау, Фармация комитетінің сараптама ұйымдарының мамандарымен бірлесе отырып, өндіруші кәсіпорынға баруы арқылы жүзеге асырылады.  Фармация комитеті ведомстволық мұрағатқа дәрілік затқа, медицина техникасына, медициналық мақсаттағы бұйымға арналған тіркеу құжаты жинағының бір данасын, тіркеу куәлігінің көшірмесімен, бастапқы сараптама қорытындысын, Фармакопея сарапшылары, Фармакология комиссиясы және Медицина техникасы, медициналық мақсаттағы бұйымдар жөніндегі комиссия қорытындыларын, сынақ зертханасының есебін, бекітілген дәрілік заттарды медициналық қолдану туралы нұсқаулық, медициналық мақсаттағы бұйымдарды орамдар мен жапсырмалардың макеттерімен бекітілген медициналық мақсаттағы бұйымдағы қолдану жөніндегі нұсқаулықты береді. 

№14 слайд
орытынды Сыраттарды пайда
Содержание слайда: қорытынды Сырқаттардың пайда болу себебі мен таралуын анықтау жетістіктері олардың диагностикасында, емдеу және алдын алуда жаңа әдістер ойластыруға негіз болды, көбісі ең алдымен жұқпалы аурулардың төмендеуін қамтамасыз етті. Осының барлығы медицинадағы эмпиритикалық әдісті нығайтуға мүмкіндік туғызды. Әдістің ерекшелігі – құбылысты тікелей бағдарлап меңгеру. Әдісті қолдану сапасында шынайы бағдарлау. Әдіс ретінде шынайы байқаулар қолданылады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, тек қана осындай әдіс аурулардың диагностикасында, емдеуінде және алдын алуда қолданылатын әдіс тиімді екеніне кепілдік береді.

№15 слайд
Мл меттер алынан кздер http
Содержание слайда: Мәліметтер алынған көздер: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V030002496_ http://ww.lektsii.com/4-23679.html

Скачать все slide презентации Сапа тәжірибесі (GCP) ережелері бойынша жаңа дәрі-дәрмектердің клиникалық зерттеулер принциптері одним архивом:
Похожие презентации