Презентация На тему "Перифериялық жүйке жүйесі" - скачать презентации по Медицине онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему На тему "Перифериялық жүйке жүйесі" - скачать презентации по Медицине абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 20 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Юриспруденция » На тему "Перифериялық жүйке жүйесі" - скачать презентации по Медицине



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    20 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    2.42 MB
  • Просмотров:
    59
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Содержание слайда:

№2 слайд
Содержание слайда:

№3 слайд
Содержание слайда:

№4 слайд
Шетк жйкелер. рылысы жаынан
Содержание слайда: Шеткі жүйкелер. Құрылысы жағынан миалинді және миалинсіз болып бөлінеді. Кейбір жүйкелердің құрамында жеке жүйке жасушалар мен оны қоршаған майда глиоциттер де болады. Жүйке бағаналарының көлденең кесіндісінде біліктік цилиндрі мен оны сыртынан қоршаған глиальды қабығы көрінеді. Әрбір жүйке талшықтарының арасындағы борпылдақ талшықты дәнекер тінді қабыршақтары эндоневрий деп аталады. Ал жүйке талшықтарының топтаса орналасқан жігінің сыртын периневрий қоршайды. Периневрийдің құрамында кезектесіп орналасқан жасушалармен жіңішке фибриллалы құрылымдар бар. Фибриллалар жүйке талшықтарын бойлай өтіп жатады. Жалпы жүйке бағаналарының сыртын қоршайтын тығыз талшықты дәнекер тіні фибробластарға, макрофагтарға, май жасушаларына өте бай, мұны эпиневрий дейді. Эпиневрийдегі көптеген қан тамырлары периневрийге, одан эндоневрийге өтіп трофикалық қызмет атқарады.

№5 слайд
Содержание слайда:

№6 слайд
Содержание слайда:

№7 слайд
Жлын жйкелер лат. nervi
Содержание слайда: Жұлын жүйкелері (лат. nervi spinales nervus — жүйке, spinalis s. medulla spinalis — жұлын) - жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан құралған. Жұп жұлын жүйкелері адамда жұлынның алдыңғы (қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) және артқы (сезімтал жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің, ал жануарларда жоғарғы (сезімтал жүйке талшыктарынан құралған) және төменгі(қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің қосылуынан пайда болып, омыртқа өзегінен оң және сол омыртқааралық тесіктері арқылы шығады. Құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары болғандықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Бұлардың құрамында симпатикалық жүйке талшықтары да болады. Жұлын жүйкелері омыртқа өзегінен шыққан бойда-ақ байланыстырғыш (симпатикалық) және жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақтарды қосып алып, содан соң, адамда алдыңғы және артқы, жануарларда вентральды және дорсальды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды. Жұлынжүйкелерінің дорсальды тармақтары (адамда — артқы тармақтар) омыртқа бағанынан жоғары (адамда — омыртқа бағанының артқы жағында) орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буындар, тері, олардың тамырлары), ал вентральды тармақтар омыртқа бағанынан төмен (адамда — алдыңғы жағында) жатқан дене бөліктерін жүйкелендіреді. Аталған тармақтар өз кезегінде латеральды (беткей орналасқан мүшелерге) және медиальды (терең жатқан мүшелерге) тармақтарға тарамдалады. Жұлын жүйкелері омыртқа бағаны бөлімдеріне сәйкес: мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардың саны мойында 8-жүп, құйрықта 5-6 жүп, қалған бөлімдерде адам мен жануарлардың омыртқалар санына сәйкес келеді. Алдыңғы (қол) және артқы аяқтарды жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды (адамда — алдыңғы) тармақтары түзетін: иық, бел және құйымшақ жүйке тораптарынан шығады

№8 слайд
Содержание слайда:

№9 слайд
Мойын р м Мойын р м , plexus
Содержание слайда: Мойын өрімі Мойын өрімі, plexus cervicalis, төрт жоғарғы мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Олар өзара үш доға ілмектермен байланысып, көлденең өсінділердін бүйірінен медиалды жағынан омыртканың алдыңғы бұлшықеттері, ал латералды жағынан омыртқа бүлшықеттері, scalenus medius, m. levator scarulae, m. splenius cervicis арасында орналасып, n. accessorius пен n. hypoglossus және tractus sympaticus-пен анастомозданады. Өрімді алдыңғы жағынан m. sterno-cleidomastoideus жауып тұрады. Өрімнен шығатын тармақтар терілік, бұлшықеттік және аралас болып бөлінеді. 1. Кіші шүйде нерві, n. Occipitalis minor екінші және үшінші мойын нервтерінен түзіліп m. Sternocleidomastoideus артқы жиегіне бағытталып, бұлшықеттен шыққан соң екі тармаққа бөлінеді . 2. Үлкен құлақ нерві n. aurycularis magnus ,мойын өрімінің ең ірі нерві басталып m. Sternocleidomastoideus артқы жиегімн жүріп, оны кіші шүйде нервтен төмен орап бұлшықеттің сыртқы бетіне шығады. 3. Мойынның көлденең нерві, r. transuersus coli немесе мойынның терілік нерві, n.cutaneus coli түзіледі , ол жоғарыда көрсетілген нерв сияқты m.sternocleidomastoideus артқы жиегіне бағытталып , жиектен шыққан соң , оны орап, аталған бұлшықеттің сыртқы бетімен көлденең бағытта және төсбұғана- емізіктәрізді бұлшықет пен m. Platysma арасында алға жүреді.

№10 слайд
Содержание слайда:

№11 слайд
Иы р м Иы р м , plexus
Содержание слайда: Иық өрімі Иық өрімі, plexus brachialis, төрт төменгі мойын нервтерінен және бірінші кеуде (Тһ) нервісінің үлкен бөлігінен құралады; көбіне Су-ден жіңішке тармақ косылады. Иык өрімі алдыңғы және ортаңғы сатылық бұлшықеттер аралығынан бұғана үсті щұңқырына шығып, а. subclavia-дап жоғары және артқа қарай орналасады. Одан қолтық шұңкырына баратын және a. axillaris-іі үш жуан нерв будасы пайда болады: латералды жағынан (латералды буда), медиалды жағынан (медиалды буда) және артерия артынан (артқы буда). Өрімде бұғана үсті, pars supraclavicularis және бұғанаасты, pars infr-aclavicularis бөліктерін ажыратады. Шеткі тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар өрімнің бұғанаүсті бөлігінің түрлі жерлерінен шығып, ішінара мойын, сондай-ақ иық белдеу (m. trapezius-ті коспағанда) мен иық буыны бұлшықеттерін нервтендіреді. ¥зын тармақтар жоғарыда аталған үш будадан пайда болып, қолды бойлай өтіп, оның бұлшықеттері мен терісін нервтендіреді. Қысқа тармақтар. 1. N. dorsalis scapulae (Су-ден) жауырынның медиалды жиегін бойлай өтеді. Ол m. levator scapulae және mm. rhom-boidei-ні нервтендіреді. ¥зын тармақтар. Олардың ішінен алдыңғы тармақтарды - бүккіштер мен пронаторлар үшін nn. musculocutaneus, mcdianus et ulnaris-ті және артқы тармақтарды - жазғыштар мем супинаторлар үшін n. radialis-xi бөліп көрсетуге болады.

№12 слайд
Содержание слайда:

№13 слайд
Кеуде нервтер н алдыы
Содержание слайда: Кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары Кеуде нервтерінің, пп. thoracici, алдыңғы тармақтары - rami ven-trales, қабырғааралық нервтер, nn. intercostales, деп аталады. Өйткені олар қабырға аралықтарымен өтеді, тек XII тармақ ғана XII қабырғаның төменгі жиегімен өтеді (m. subcostalis). Жоғарғы алты қабырға аралық нерв төстің жиегіне дейін жетеді. Төменгі алты нерв іш қабырғасы қабатына өтіп, сол жерде көлденең және қиғаш бұлшықеттер арасымен қынабы арқылы өтіп, іштің тік бұлшықетіне барады. М. quadratus арқылы өтетін XII қабырға аралык нерв, қасаға симфизіне жақын келіп, тік бұлшықетпен m. pyramidal is-тің төменгі бөлігінде аяқталады. N. intercostales өз жолында кеуде және іш қуыстары қабырғаларын-дағы барлық вентралды бұлшықеттер үшін, сондай-ақ арқадағы вентралды пайда болған бұлшықеттер: mm. serrati posteriores superiores et inferiores және m. levator costaram үшін rami musculares-ті береді. Олар сондай-ақ өкпе қап пен іш астарды нервтендіруге қатысады. Сонымен бірге п. intercostales-тен екі қатар тесіп өтетін тармақтар шығады: кеуде мен іштің латералды бетіндегі теріні жабдықтайтын екі rami cutanei laterales (pectorales et abdominales) және алдыңғы бетіндегі теріге rami cutanei anteriores шығады. Олардан сүт безіне: бүйір тармақтарынан rami mammarii laterales және алдыңғы тармақтардан rami mammarii mediales-тер кетеді. Теменгі алты кабырғааралық нервтер rami cutanei anterior-дың жалғасы ретінде іштің тік бұлшықетін және оның қынабының алдыңғы жапырақшасымен тесіп өтіп, іштің осы аймақтағы терісінде тармакталады.

№14 слайд
Содержание слайда:

№15 слайд
Содержание слайда:

№16 слайд
Бел-сег зкз р м Бел, сег зкз
Содержание слайда: Бел-сегізкөз өрімі Бел, сегізкөз және кұйымшақ нервтерінен бел-сегізкөз өрімі, plexus lumbosacralis, түзіледі. Бұл бел, сегізкөз және құйымшақ болып және бөліктерге немесе өрімдерге бөлінеді. Бел өрімі Бел өрімі, plexus lumbalis, үш жоғарғы бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және IV нервтің жоғарғы бөлігінен, сондай-ақ XII қабырғааралық нерв тармақтарынан түзіледі. Бұл өрім бел омыртқаларының көлденең өсінділері алдында қабатында жайғасып, бірқатар тармақтар береді. Олардың бір бөлігі осы бұлшықеттің латералды жиегінен, бір бөлігі медиалды жиегінен шығып, бір бөлігін оны тесіп өтіп, оның алдыңғы бетінен шығады.

№17 слайд
Содержание слайда:

№18 слайд
Сег зкз р м Сег зкз р м ,
Содержание слайда: Сегізкөз өрімі Сегізкөз өрімі, plexus sacralis, өрімдердің ішіндегі ең маңыздысы, IV (төменгі бөлігі) және V бел нерві алдыңғы тармақтарынан және сегізкөз алдыңғы тесіктерінен шығатын төрт сегізкөз нервтерінің (S, - SIV) дәл осындай тармақтарынан құралады. Өрім нервтері бір-бірімен қосылып, foramen in-frapiriforme арқылы жамбас астау куысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді, Сегізкөз өрімінен шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын, ал ұзын тармақтар оның бел өрімі тармақтарымен жабдықталған бөлігінен қоспағанда бүкіл аяқты нервтендіреді. Құйымшақ өрімі Құйымшақ өрімі, plexus coccygeus, V сегізкөз және құйымшақ нервтерінің алдыңғы тармақтарынан құрылады. Одан жіңішке nn. аnоcoccygei шығып, құйымшақ нервінің артқы тармағымен қосылып, кұйымшақ ұшы жанындағы теріде тармақталады.Құйымшақ өрімі m. coccygeus сіңірлі бөлігінің алдыңғы бетінде және lig . sacrospinale орналасады ; ол жыныстық өріммен және симпатикалық сабаудың соңғы бөлімімен байланысады. Құйымшақ өрімінің тармақтары : 1. Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, m.coccygeus, m.levator ani, m. sacrococcygeus anterior бағытталады. 2. Артқы өтіс-құйымшақ нервтері, nn. anococcygei, үштен бесеу мөлшерінде жіңішке тармақтар, құйымшақ бұлшықетінің алдыңғы беті бойымен, аталмыш бұлшықетпен және m. levator ani арасында, құйымшақ ұшында жүріп, теріге кіріп, артқы өтіске дейін құйымшақ аймағында тармақталады.

№19 слайд
Содержание слайда:

№20 слайд
Содержание слайда:

Скачать все slide презентации На тему "Перифериялық жүйке жүйесі" - скачать презентации по Медицине одним архивом: