Презентация Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 37 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Юриспруденция » Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    37 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    604.35 kB
  • Просмотров:
    154
  • Скачиваний:
    13
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Таырып оамды ау пс зд к пен
Содержание слайда: Тақырып: Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Пән: ҚР қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)

№2 слайд
Жоспар оамды ау пс зд к пен
Содержание слайда: Жоспар: 1) Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы ҚҚБ-дың түсінігі және жалпы сипаттамасы 2) Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы ҚҚБ-ды топтастыру 3) Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы ҚҚБ-дың жекелеген құрамдарын талдау 4) Қоғамдық тәртіпке қарсы ҚҚБ

№3 слайд
Таырып бойынша нормативт к
Содержание слайда: Тақырып бойынша нормативтік материал: 1) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңы. 2) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі ҚР Заңы. 3) «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 қаңтардағы ҚР Заңы. 4) «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңы. 4) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы ҚР Заңы.

№4 слайд
Таырып бойынша нормативт к
Содержание слайда: Тақырып бойынша нормативтік материал : 5) «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы нормативтік қаулысы. 6) «Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы сотының 1995 жылғы 21 шілдедегі нормативтік қаулысы. 7) «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы сотының 2009 жылғы 8 қаңтардағы нормативтік қаулысы.

№5 слайд
оамды ау пс зд к оам м р н ау
Содержание слайда: Қоғамдық қауіпсіздік қоғам өмірінің қауіпсіз шарттарын реттейтін, сондай-ақ қоғамның қалыпты өмір сүруі үшін жеткілікті деңгейдегі қорғалғандық жағдайын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы

№6 слайд
лтты ау пс зд к адамны жне
Содержание слайда: Ұлттық қауіпсіздік адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi

№7 слайд
оамды трт п оамды тынышты пен
Содержание слайда: Қоғамдық тәртіп қоғамдық тыныштық пен имандылықты, өзара сыйластықты, азаматтардың қоғамдық орындардағы тиісті мінез-құлқын, әлеуметтік қарым-қатынастарды қолдауға бағытталған құқық нормаларын сақтау негізінде қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесі

№8 слайд
оамды ау пс зд кке арсы Б-ды
Содержание слайда: Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ҚҚБ-ды топтастыру 1) Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ҚҚБ-дың жалпы түрлері (ҚР ҚК255-274 баптары) 2) Қауіпсіздіктің арнайы ережелерін бұзумен байланысты ҚҚБ (ҚР ҚК 276-282, 292-баптары) 3) Жалпыға қауіпті заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзумен байланысты ҚҚБ (ҚР ҚК 275, 283-291 баптары)

№9 слайд
Террорист к ылмыстар
Содержание слайда: Террористік қылмыстар: Терроризм актісі (255-бап) Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру (256-бап) Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу (257-бап) Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап) Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру (259-бап) Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту (260-бап) Адамды кепiлге алу (261-бап) Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (269-бап) Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу (270-бап)

№10 слайд
Экстремист к ылмыстар
Содержание слайда: Экстремистік қылмыстар: Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап) Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру (259-бап) Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту (260-бап) Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру (267-бап)

№11 слайд
Трл сипаттаы ылмысты топтар
Содержание слайда: Түрлі сипаттағы қылмыстық топтар құрумен байланысты қылмыстар: Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (262-бап) Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (263-бап) Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (264-бап) Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (265-бап) Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу (266-бап) Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру (267-бап) Бандитизм (268-бап)

№12 слайд
Терроризм кш олдану
Содержание слайда: Терроризм күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы

№13 слайд
Терроризм акт с Р К -бабы
Содержание слайда: Терроризм актісі (ҚР ҚК 255-бабы)  Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру 

№14 слайд
Терроризм акт с н объективт к
Содержание слайда: Терроризм актісінің объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттер : жарылыс жасау өрт қою адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау аталған әрекеттердi жасау қатерін төндіру

№15 слайд
Терроризм акт с н масаттары
Содержание слайда: Терроризм актісінің мақсаттары : қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу халықты үрейлендіру Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету соғысқа арандату халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру

№16 слайд
ылмысты жауаптылытан босатуды
Содержание слайда: Қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы түрі Терроризм актiсiн дайындауға қатысатын адам, егер ол мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертуiмен немесе өзге тәсiлмен терроризм актiсiн болғызбауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады

№17 слайд
Бандитизм Р К -бабы БАНДА
Содержание слайда: Бандитизм (ҚР ҚК 268-бабы) БАНДА – қаруды не қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздейтін алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамдардың тұрақты тобы (ұйымдасқан топ)

№18 слайд
Бандитизмн объективт к жаын
Содержание слайда: Бандитизмнің объективтік жағын құрайтын әрекеттер: БАНДАНЫ ҚҰРУ – кез келген белсендi де мақсатты iс-әрекеттердi жасаудың нәтижесiнде банданың шын мәнiсiнде құрылуы БАНДАҒА БАСШЫЛЫҚ ЕТУ – банданың қылмыстық iс-әрекеттерiн жоспарлауға, материалдық қамтамасыз етуге және ұйымдастыруға байланысты, сондай-ақ нақты қылмыстарға дайындалуға және оларды жасауға байланысты шешiмдердi қабылдау БАНДАҒА ҚАТЫСУ – банданың құрамына кiру және жоспарланған қылмыстарды қаржыландыруға, қарумен, көлiкпен қамтамасыз етуге, нысандарды iздестiруге, ақпараттарды жинастыруға және т.б. БАНДА ЖАСАҒАН ШАБУЫЛДАРҒА ҚАТЫСУ

№19 слайд
рт ауiпсiздiгi талаптарын бзу
Содержание слайда: Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу (ҚР ҚК 292-бабы) Объект – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық қатынастар Объективтік жағы: әрекет – өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу зардаптар – а) адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіру; б) азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiру Субъект (арнайы) – өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адам Субъективтік жағы: кінә – абайсыздық

№20 слайд
аруды, о-дрiлердi, жарылыш
Содержание слайда: Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы) ОБЪЕКТ – қару айналымы саласындағы қоғамдық қатынастар ЗАТЫ: Суық қару Атыс қаруы Газды қару Оқдәрі (патрон) Жарылғыш заттар Жарылыс құрылғылары

№21 слайд
аруды, о-дрiлердi, жарылыш
Содержание слайда: Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы) ҚАРУ – конструкциялық жағынан алғанда тiрi немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгi беруге арналған құрылғылар мен заттар СУЫҚ ҚАРУ – нысананы тiкелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық етi күшiнiң көмегiмен қозғалысқа келтiрiлетiн қару

№22 слайд
аруды, о-дрiлердi, жарылыш
Содержание слайда: Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы) АТЫС ҚАРУЫ – оқ дәрi немесе өзге де заряд қуатының әсерi нәтижесiнде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару ГАЗДЫ ҚАРУ – қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тiтiркендiргiш заттарды пайдалануға негiзделетiн қару

№23 слайд
аруды, о-дрiлердi, жарылыш
Содержание слайда: Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы) ОҚДӘРІ (ПАТРОН) – конструкциялық жағынан қарудың тиiстi түрiнен ату үшiн және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар

№24 слайд
аруды, о-дрiлердi, жарылыш
Содержание слайда: Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы) ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАР – оқдәрiлер, тротил, нитроглицерин, пироксилин, аммонал, жарылатын басқа да химиялық заттар және жарылғыштық қасиетке ие олардың алуға және сақтауға арнайы рұқсат талап етiлетiн қоспалары ЖАРЫЛЫС ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ – жарылғыш затпен оқталған және атылатын қарудан атуға арналған және жарылғыш заттармен жарақтандырылған, жинастырылған құрылғылар

№25 слайд
аруды, о-дрiлердi, жарылыш
Содержание слайда: Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы) Объективтік жағы: Алып жүру Иемдену Беру Өткізу Сақтау Тасымалдау

№26 слайд
Бзаылы Р К -бабы Бзаылы, яни
Содержание слайда: Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы) Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу

№27 слайд
Бзаылы Р К -бабы
Содержание слайда: Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы)

№28 слайд
Бзаылы Р К -бабы Бзаылыты
Содержание слайда: Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы) Бұзақылықтың ниеті – басқа адамдардың алдында өзінің артықшылығын, шектен тыс ерекшелігін көрсетуге ұмтылыс. Бұзақылықтың мақсаты – айналадағыларды өрескел дөрекілігімен, қоғамдық мораль нормаларын пысқырмайтындығымен таң қалдыру, азаматтардың санасына қорқыныш сезімін ұялату, осылайша бір сәтке болса да оларды өз еркіне бағындыру.

№29 слайд
Бзаылы Р К -бабы
Содержание слайда: Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы)

№30 слайд
Бзаылы Р К -бабы
Содержание слайда: Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы)

№31 слайд
Бзаылы Р К -бабы Бтен мл кт
Содержание слайда: Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы) Бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру әрекеттерін ҚР ҚК 202-бабы бойынша қосымша саралау қажет емес (егер ауырлатушы мән-жайлар болмаса). Азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауды ҚР ҚК 131-бабы бойынша қосымша саралау қажет емес.

№32 слайд
Кейс фабуласы Брын жымыру ш н
Содержание слайда: Кейс фабуласы Бұрын жымқыру үшін бірнеше рет сотталған Куликов азаматтарға шабуыл жасау мақсатында қылмыстық топ құрады. Ол ТТ жүйесінің тапаншаларын сатып алады және оларды топ мүшелері Захаров, Даулетов және Пимановқа үлестіріп береді. Кештердің бірінде қылмыстық топ мүшелері кәсіпкер Мавлюдовтың күні бұрын қарастырылып қойған пәтеріне шабуыл жасайды. Алайда пәтер иесі оларға пәрменді қарсылық көрсеткен соң Пиманов оны өлтіреді. Бұдан соң қылмыстық топ мүшелері пәтерді тінтіп, құнды заттарды алып кетеді. Қылмыстық топ мүшелерінің әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беріңіздер.

№33 слайд
Кейс шеш м Куликов ран
Содержание слайда: Кейс шешімі Куликов құрған қылмыстық топ банда (ҚР ҚК 3-бабының 7-тармағы) болып табылады – қаруды не қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ.

№34 слайд
Кейс шеш м Куликовты рекеттер
Содержание слайда: Кейс шешімі Куликовтың әрекеттері жиынтық бойынша сараланады: 1) Қылмыстық топ жасаған қарақшылық – ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы. 2) Тұрақты қарулы топты (банданы) құру және осындай топқа (бандаға) басшылық ету – ҚР ҚК 268-бабының 1-тармағы.

№35 слайд
Кейс шеш м Захаров, Даулетов
Содержание слайда: Кейс шешімі Захаров, Даулетов және Пимановтың әрекеттері жиынтық бойынша сараланады: 1) Қылмыстық топ жасаған жасаған қарақшылық – ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы. 2) Тұрақты қарулы топқа (бандаға) және ол жасаған шабуылдарға қатысу – ҚР ҚК 268-бабының 2-тармағы.

№36 слайд
Кейс шеш м Пимановты рекеттер
Содержание слайда: Кейс шешімі Пимановтың әрекеттері қосымша пайдакүнемдік ниетпен жасалған адам өлтіру деп сараланады – ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағы. Пиманов қатысушының шектен шығушылығына (эксцесс) жол берді (ҚР ҚК 30-бабы), яғни басқа қатысушылардың пиғылында болмаған қылмысты жасады. Сондықтан адам өлтіргені үшін тек қана ол жауап береді.

№37 слайд
Кейс шеш м Банда мшелер н
Содержание слайда: Кейс шешімі Банда мүшелерінің банданы ұйымдастыруға және оның жұмыс iстеуiне байланысты қаруды заңсыз айналымға түсiру әрекеттерi банданың мiндеттi белгiсi – оның қарулануымен – толық қамтылады. Сондықтан олардың әрекеттерін ҚР ҚК 287-бабы бойынша қосымша саралау қажет емес («Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы нормативтік қаулысының 10-тармағы).

Скачать все slide презентации Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар одним архивом: