Презентация Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 18 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Юриспруденция » Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    18 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    962.71 kB
  • Просмотров:
    152
  • Скачиваний:
    9
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
ЫЛМЫСТЫ СОТ С Н ЖРГ ЗУ
Содержание слайда: ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Орындаған: Байғараева Жұлдыз

№2 слайд
-бап. ыты кмек крсету трт б
Содержание слайда: 557-бап. Құқықтық көмек көрсету тәртібімен жүргізілетін процестік және өзге де әрекеттер       1. Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттердің құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету тәртібімен құжаттарды табыс ету, жекелеген процестік әрекеттерді орындау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды уақытша ұстап беру (экстрадициялау), транзиттік тасымалдау, адамдарды уақытша беру, сотталғандарды және психикасының бұзылуынан зардап шегетін, өздеріне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру, үкімдерді тану және орындау жүргізілуі мүмкін.       2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында қылмыстық іс бойынша өзара іс-қимылдың осы Кодексте көзделмеген өзге де нысандары көзделуі мүмкін.       3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелерi осы Кодекске қайшы келетiн болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

№3 слайд
Содержание слайда:

№4 слайд
Содержание слайда:

№5 слайд
-бап. ыты кмек крсету туралы
Содержание слайда: 560-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу 560-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу       1. Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) құзыретті орган осы Кодекстің және (немесе) Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартының талаптарына сәйкес жасайды.       2. Сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) және оған қоса берілген құжаттар тиісті бланкіде жазбаша нысанда жасалып, уәкілетті лауазымды адамның қолымен және тиісті органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады.       3. Сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) және оған қоса берілген құжаттар Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартында айқындалған тілге, ал ол болмаған кезде – сұрау салынатын тараптың ресми тіліне немесе осы тарап үшін қолайлы басқа тілге аудармасымен қоса жіберіледі.       4. Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) шет мемлекетке поштамен, ал кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда – электрондық, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралымен жіберіледі. Мұндай жағдайда сұрау салудың түпнұсқасы оны электрондық поштамен, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралымен жіберген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей поштамен жіберіледі.

№6 слайд
. Срау салуды тапсырманы, т н
Содержание слайда: 5. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) жіберуден бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы түзетілуі керек кемшіліктерді жазып немесе тапсырманы жіберудің мүмкін болмау себептерін түсіндіріп, барлық материалдарды процесті жүргізетін тиісті органға қайтарады.       6. Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салушы тараптан электрондық, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралы арқылы келіп түскен сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарауға қабылдай алады. Осындай сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау оның түпнұсқасы жөнелтілгені немесе берілгені расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Шет мемлекеттің құзыретті органына орындалған сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) материалдары Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салудың түпнұсқасын алғаннан кейін ғана жіберілуі мүмкін.

№7 слайд
. Срау салынатын тарап
Содержание слайда:       1. Сұрау салынатын тарап Қазақстан Республикасы құзыретті органының сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) орындау тәртібімен берген заттай дәлелдемелер осы Кодексте белгіленген тәртіппен сақталады және өзгеше уағдаластыққа қол жеткізілмесе, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғаннан кейін сұрау салынатын тарапқа қайтарылады.       2. Сұрау салушы тараптың құзыретті органына сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тәртібімен заттай дәлелдемелерді беру кезінде Қазақстан Республикасының құзыретті органы, егер Қазақстан Республикасының аумағында оларды басқа қылмыстық іс жүргізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы үшін пайдалануға қажеттілік болмаған немесе үшінші адамдардың тиісті мүлікке құқығына қатысты құқыққа сыйымды талаптары болмаған немесе оған қатысты дау сотта қаралып жатқан жағдайда, сұрау салушы тараптан оларды қылмыстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтаруды талап етуден бас тарта алады.

№8 слайд
-бап. Ресми жаттарды
Содержание слайда: 562-бап. Ресми құжаттардың жарамдылығы       1. Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) байланысты жіберілетін құжаттар, егер оларды сұрау салушы немесе сұрау салынатын тараптың құзыретті органының ресми адамы тиісті нысанда жасаса, куәландырса және құзыретті органның мөрімен бекемделсе, Қазақстан Республикасының аумағында қосымша куәландырусыз (заңдастырусыз) қабылданады.       2. Шет мемлекетте жүзеге асырылатын қылмыстық іс жүргізуге қатысушының процестік мәртебесі Қазақстан Республикасында сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде осы Кодекстің қағидалары бойынша қосымша анықтауды қажет етпейді.

№9 слайд
-бап. Шет мемлекетт аумаында
Содержание слайда: 563-бап. Шет мемлекеттің аумағында алынған дәлелдемелердің жол берілетіндігі 563-бап. Шет мемлекеттің аумағында алынған дәлелдемелердің жол берілетіндігі       Шет мемлекеттің аумағында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды (тапсырмаларды, өтінішхаттарды) орындау барысында оның лауазымды адамдары алған немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе өзара түсіністік қағидаты негізінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуға (тапсырмаларға, өтінішхаттарға) қосымша ретінде Қазақстан Республикасына жіберілген, белгіленген тәртіппен куәландырылған және берілген дәлелдемелер, егер оларды алу кезінде әділ сот ісін жүргізу қағидаттары, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары бұзылмаса, жол берілетін дәлелдемелер деп танылады.

№10 слайд
Содержание слайда:

№11 слайд
-бап. ыты кмек крсету туралы
Содержание слайда: 565-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) мазмұны мен нысаны 565-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) мазмұны мен нысаны       1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта):       1) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) берiп отырған органның атауы;       2) сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) жiберiлiп отырған органның атауы мен мекенжайы;       3) тиісті халықаралық шартқа немесе өзара түсіністік қағидаттарын сақтауға сілтеме;       4) құқықтық көмек сұратылып отырған қылмыстық істің атауы;       5) қылмыстық іс жүргізу нысанасы болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарының толық мәтіні жазылған оның құқықтық саралануы, қажет болған кезде – iс-әрекетпен келтiрiлген залалдың мөлшерi туралы деректер;

№12 слайд
Содержание слайда:

№13 слайд
-бап. ыты кмек крсету туралы
Содержание слайда: 566-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау 566-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау  1. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау нәтижелері бойынша:       1) оның орындалуын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, прокуратураға немесе сотқа тапсыруға;       2) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) шет мемлекеттің процестік заңнамасының нормаларын қолдана отырып орындау мүмкіндігіне;       3) егер бұл Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық іс жүргізуге кедергі келтіретін болса, сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындауды кейінге қалдыруға;       4) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан осы Кодекстің 569-бабында көзделген негіздер бойынша бас тартуға;

№14 слайд
егер срау салуды орындауды
Содержание слайда: 5) егер сұрау салуды орындаудың шығыстары қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зияннан айқын түрде асатын немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына айқын жауап бермейтін болса, егер бұл Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ережелеріне қайшы келмесе, осы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау мүмкіндігіне қатысты шешім қабылдайды. 5) егер сұрау салуды орындаудың шығыстары қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зияннан айқын түрде асатын немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына айқын жауап бермейтін болса, егер бұл Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ережелеріне қайшы келмесе, осы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау мүмкіндігіне қатысты шешім қабылдайды.       2. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органына жібереді. Халықаралық шартта көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының орталық органы құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде сұрау салушы тараптың құзыретті органы өкілінің қатысуына қатысты шешімді де қабылдайды.       3. Тиісті прокурор өз өкілеттіктерінің шегінде құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) тиісінше, толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге қатысты нұсқау беруге құқылы. Прокурордың берген нұсқаулары Қазақстан Республикасының тиісті құзыретті органының орындауы үшін міндетті болып табылады.

№15 слайд
-бап. ыты кмек крсету туралы
Содержание слайда: 567-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау нәтижелері туралы хабар 567-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау нәтижелері туралы хабар       1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) қанағаттандырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау нәтижесінде алынған материалдардың сұрау салушы тарапқа берілуін қамтамасыз етуге міндетті.       2. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тарапқа бас тарту себептерін, сондай-ақ сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) қайтадан қаралуы мүмкін шарттарды хабарлайды және сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қайтарады.       3. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тарту немесе оны орындауды кейінге қалдыру үшін негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тараппен белгілі бір шектеулерде сұрау салуды орындау тәртібін келісе алады. Егер сұрау салушы тарап белгілі бір шарттармен келіссе, сұрау салушы тарап осы шарттарды орындағаннан кейін сұрау салу қанағаттандырылады.

№16 слайд
-бап. пиялы . азастан
Содержание слайда: 568-бап. Құпиялық       1. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тараптың өтінуі бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) алу фактісінің, оның мазмұнының және оны орындау нәтижесінде алынған мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қолдануға құқылы.       2. Қажет болған кезде сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау нәтижесінде алынған құпия мәліметтерді сақтау шарттары мен мерзімдері келісіледі.       3. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына материалдарды беру кезінде осы Кодекске және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осындай материалдарды пайдалануға қатысты шектеулерді белгілей алады.       4. Егер құқықтық көмек туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) Қазақстан Республикасында орындау нәтижесінде мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтер алынса, бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының немесе оларды Қазақстан Республикасына берген өзге де мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмейтін жағдайда, құпия ақпаратты өзара қорғау туралы шарт болған кезде ғана және оларда көзделген талаптар мен қағидаларға сәйкес сұрау салушы тарапқа берілуі мүмкін.

№17 слайд
-бап. ыты кмек крсету туралы
Содержание слайда: 569-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан бас тарту 569-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан бас тарту       1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, сұрау салушы тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкін.       2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болмаған кезде, егер:       1) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін болса немесе Қазақстан Республикасының егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өзге де мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болса;       2) сұрау салушы тарап осы саладағы өзара түсіністікті қамтамасыз етпесе;       3) сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайтын іс-әрекетке қатысты болса;       4) сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) адамды оның шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, нанымы, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қудалау, соттау немесе жазалау мақсатында жіберілді деп есептеуге негіздер жеткілікті болса, сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан бас тартылуға тиіс.

№18 слайд
Содержание слайда:

Скачать все slide презентации Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық одним архивом:
Похожие презентации