Презентация Жоғарғы жиілікті разрядты зерттеудің маңыздылығы. Айнымалы электр өрісіндегі разрядтардың түрлері онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Жоғарғы жиілікті разрядты зерттеудің маңыздылығы. Айнымалы электр өрісіндегі разрядтардың түрлері абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 10 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Физика » Жоғарғы жиілікті разрядты зерттеудің маңыздылығы. Айнымалы электр өрісіндегі разрядтардың түрлері



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    10 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    452.46 kB
  • Просмотров:
    140
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Жоары жи л кт разрядты
Содержание слайда: Жоғарғы жиілікті разрядты зерттеудің маңыздылығы. Айнымалы электр өрісіндегі разрядтардың түрлері. Орындаған: Адамбек Гүлбаршын

№2 слайд
Электр разрядтары р трл
Содержание слайда: Электр разрядтары Әр түрлі факторлар әсерінен газ молекулалары мен атомдары оң және теріс зарядталған бөлшектерге ылдырайды, яғни газ иондалады. Иондардың пайда болу процесі газдың иондалуы деп аталады. Иондалу кезінде кейбір молекулалар электрондарынан айрылып, оң ионға, ал босап шыққан электрон теріс еркін заряд тасушыға айналады. Алайда, көбінесе, бұл электрондар бейтарап молекулаға «жабысып» теріс зарядталған иондар түзеді. Егер иондалу тек сыртқы ионизатордың әсерімен ғана жүзеге асырылса, ал өріс кернеулігі өте аз және разрядтық аралықтың көлденеңі тым үлкен (зарядтың еркін жол ұзындығы мен электродтар арасындағы қашықтықпен салыстырғанда) болса, онда зарядтар негізінен көлемдік рекомбинация процесінің әсерінен бейтараптанады. Бұл жағдайда зарядтартың пайда болу және бейтараптану процестерінің тепе-теңдік шарты мынадай болады: N=αn²V, мұндағы α – рекомбинация коэффициенті, V – разрядтық аралықтың көлемі, N – сыртқы ионизатр әсерінен уақыт бірлігі ішінде пайда болатын қос зарядтар саны, n – заряд концентрациясы. Бұл жағдайда заряд концентрациясы тұрақты болып қала береді.

№3 слайд
Олар з кезег мен р стен
Содержание слайда: Олар өз кезегімен өрістен энергия алады да, әрқайсысы тағы да жолында кездескен атомбы иондайды. Бұл процесс осылайша жалғаса береді. Сөйтіп, зарядталған бөлшектер саны шапшаң артып, электрондар «тасқыны» пайда болады. Мұндай процесс электрондық соққымен иондалу деп аталады. Алайда электрондық соққымен иондалу дербес разрядты қамтамасыз ете алмайды. Өйткені өрістің әсерінен анодқа қарай қозғалған электрондар жұмыстан шығып қалады. Мұндайда дербес разрядты қолдауға екінші реттік процестер қатысады. Электрондар бейтарап атомдармен соқтығысып, оларды иондаған кезде пайда болған оң иондар өріс әсерінен мол кинетикалық энергия алып, катодты атқылайды да, одан электрондарды жұлып шығарады. Бұл процесс екінші реттік электрондық эмиссия деп аталады. Газдағы дербес разряд катодты қыздыру арқылы электрондар шығаруға негізделген термоэлектрондық эмиссия процесінің нәтижесінде де пайда болады.  Олар өз кезегімен өрістен энергия алады да, әрқайсысы тағы да жолында кездескен атомбы иондайды. Бұл процесс осылайша жалғаса береді. Сөйтіп, зарядталған бөлшектер саны шапшаң артып, электрондар «тасқыны» пайда болады. Мұндай процесс электрондық соққымен иондалу деп аталады. Алайда электрондық соққымен иондалу дербес разрядты қамтамасыз ете алмайды. Өйткені өрістің әсерінен анодқа қарай қозғалған электрондар жұмыстан шығып қалады. Мұндайда дербес разрядты қолдауға екінші реттік процестер қатысады. Электрондар бейтарап атомдармен соқтығысып, оларды иондаған кезде пайда болған оң иондар өріс әсерінен мол кинетикалық энергия алып, катодты атқылайды да, одан электрондарды жұлып шығарады. Бұл процесс екінші реттік электрондық эмиссия деп аталады. Газдағы дербес разряд катодты қыздыру арқылы электрондар шығаруға негізделген термоэлектрондық эмиссия процесінің нәтижесінде де пайда болады. 

№4 слайд
Разрядтарды трлер Дербес
Содержание слайда: Разрядтардың түрлері Дербес разрядтардың көптеген түрлері бар. Разрядтардың бұл түрлері, ең алдымен, ток жүру нәтижесінде бейтараптанған зарядтарды толықтырып отыратын катодтағы эмиссиялық процестермен анықталады. Электр разрядының сипаты газ қысымына, электр өрісінің кернеулігіне және ток тығыздығына тәуелді. Токтың тығыздығы аз болғанда (газ мейлінше сиретілгенде) электрондардың катодтан разрядтық аралыққа шығуы оң иондардың катодты атқылауы, фото-эффект құбылысы және метасбильді атомдардың әсері арқылы жүзеге асады. Мұндай разряд солғын разряд деп аталады. Шоқтанушы разряд - 104 Па-ға тең және одан төмен қысымда пайда болады. Оң жарқырау облысында газ плазма түрінде болады; кернеу – жүздеген және мыңдаған вольт.

№5 слайд
Тыныш жне шынды разряд Тыныш
Содержание слайда: Тыныш және ұшқындық разряд Тыныш разряд - 105 Па қысымда және электродтар арасындағы потенциал айырымының салыстырмалы жоғары мәндерінде пайда болады; қалдық иондану әсерінен газдың өткізгіштігіне негізделген. Ұшқындық разряд – тәж разрядынан ток күшін көбейткенде түзіледі; разряд процесінде разряд аралық радиустың өзгеруінен үздікті жүзеге асады.

№6 слайд
Доалы разряд Катодтаы ток
Содержание слайда: Доғалық разряд Катодтағы ток тығыздығының артуы нәтижесінде разрядтың негізгі сипаттамаларын күрт өзгертетін доғалық разряд пайда болады Доғалық разряд – шоқтанушы разрядқа қарағанда жоғары ток тығыздығында пайда болады; электродтардың булануынан спектрде электрод металының сызықтары басым болады; газ плазма түрінде; потенциалдар айырымы үлкен емес (ондаған вольт).

№7 слайд
Тажды разряд Разрядты ерекше
Содержание слайда: Тажды разряд Разрядтың ерекше бір түрі – тажды разряд. Бұл разряд бір немесе екі электрод та өте үшкір болып келгенде байқалады. Мұндай жағдайда өрістің біртекті болмауы электродтар арасындағы кеңістіктің әр бөлігіндегі иондалудың әр түрлі болуына әкеп соғады, яғни бір аймақта иондалу күштірек болса, ал оның басқа бір бөлігінде электр өрісі тек зарядтарды ғана тасылдайды.

№8 слайд
Жоары жи л кт разрядты
Содержание слайда: Жоғарғы жиілікті разрядты зерттеудің маңыздылығы Қазіргі кезде тозаңды плазманы зерттеу ғылымның қарқымды дамып келе жатқан саласы болып табылады, сонымен ғалымдардың қызығушылығын арттыруда. Еске ала отырсақ, тозаңды плазма дегеніміз, қарапайым плазма, тек оған микронды өлшемді конденсирленген заттар енгізілген немесе пайда бол ған, осы өлшемдерге байланысты макробөлшектер (тозаңдар) өте үлкен 10^3 ÷10^5 дейінгі қарапайым зарядқа ие бола алады.

№9 слайд
Таырыпты зект л г соы тж
Содержание слайда: Тақырыптың өзектілігі соңғы тәжірибелік мәліметтерге қарасақ плазмадағы тозаң энергияны ғаламдық ұстап тұруға әсерін тигізуі мүмкін. Плазманы қолданудың жаңалығы оны жоғары технологиялы композиттік материалдарды өндіруде қолданылуы болып табылады, мысалы плазма ортасында алынған наножабыны бар ірі емес сфералық бөлшектер. Тозаңды бөлшектерден қажетті қасиеттері бар біртекті ұнтақтың пайда болуын зерттеу үшін және оны тұрақты өндіру үшін ыңғайлы шарттар мен өндіру уақытын табу керек.

№10 слайд
Назарыыза рахмет!
Содержание слайда: Назарыңызға рахмет!

Скачать все slide презентации Жоғарғы жиілікті разрядты зерттеудің маңыздылығы. Айнымалы электр өрісіндегі разрядтардың түрлері одним архивом: