Презентация Компьютердің негізгі құрылғылары онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Компьютердің негізгі құрылғылары абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 13 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Технология » Компьютердің негізгі құрылғылары



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    13 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    409.33 kB
  • Просмотров:
    214
  • Скачиваний:
    4
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Компьютерд нег зг рылылары
Содержание слайда: Компьютердің негізгі құрылғылары Орындаған: м-16-1 тобының студенті Файзоллаева Наздана Тексерген: информатика пәнінің мұғалімі Елибаева – Мухтар. А. М.

№2 слайд
Жоспар Компьютер. Компьютерд
Содержание слайда: Жоспар Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғылары Монитор және оның түрлері Пернетақта. Пернетақта пернелерінің қызметіне қарай бөлінуі Тышқан. Оның түрлері, меңзері, нұсқаушысы Жүйелік блок. Түрлері. Атқаратын қызметтері Қолданылған әдебиеттер

№3 слайд
Содержание слайда:

№4 слайд
Монитор Дисплей монитор
Содержание слайда: Монитор Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды. Мониторлар міндетіне байланысты реттеудің, түр-түсті түзетудің және тағы басқа түрлі құралдармен жабдықталады. Түрлі мониторлардың ажыратылымдығы да әр түрлі, енгізілетін кескіндердегі нүктелер саны көлденеңі мен тігінен – ең үлкен кәсіби мониторларда 640-480 нүктеден 1600-1280 нүктеге дейін барады. Ажыратылымдық неғұрлым жоғары болса, бейне беттегі кескін соғұрлым айқын болады.

№5 слайд
Содержание слайда:

№6 слайд
Пернетата пернелер атаратын
Содержание слайда: Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қарай келесі топқа бөлінеді • Енгізу пернелері(алфабиттік-цифрлық) - мұнда қарапайым баспа машинасында болатын пернелер жинақталады, яғни әріптік, сандық және символдық пернелер. • Басқару пернелері – бұл пернелер жеке түрінде немесе басқа пернелермен бірге басыла отырып нақты әрекеттерді орындайды. Көбінесе CTRL, ALT, Windows белгісі бар перне и ESC қолданылады.. • Функционалдық пернелер – арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Олар F1, F2, F3 және ары қарай F12 дейінгі пернелер тізбегінен тұрады. Түрлі бағдарламаларға қатысты бұл пернелердің қызметтері әр түрлі болып келеді. • Орын ауыстыру пернелері - бұл пернелер құжаттарда, веб-беттерде және тексті түзетуде орын ауыстыру үшін қолданылады. Оларға бағыттауыш пернелер,сондай-ақ, HOME, END, PAGE UP, PAGE DOWN, DELETE және INSERT пернелері жатады. • Сандық пернетақта – бұл пернетақта сандарды тез енгізу үшін өте ыңғайлы. Ондағы пернелер қарапайым калькулятор немесе есептеу машинасына сәйкес топталып жинақталған.

№7 слайд
Пернетата Пернетата
Содержание слайда: Пернетақта Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады

№8 слайд
Тышан Тышан, кейде т нту р
Содержание слайда: Тышқан Тышқан, кейде тінтуір – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

№9 слайд
Мазмны Тр Айналдырыш тышан
Содержание слайда: Мазмұны Түрі Айналдырғыш тышқан немесе дөңгелекшелі тышқан, оның, яғни тінтуірдің сол жақ пернесі және тінтуірдіӊ оӊ жақ пернесі арасында дөңгелекшесі бар. Ол бейнебет құрамын біртіндеп қарап шығуға мүмкіндік береді. Оптикалық тышқан – меңзейтін құрылғының соңғы жаңа түрі, онда жұмыршақтың орнына жарық шығаратын элемент орнатылған. Ол жарық шығаратын элемент шағылыстыратын жарық ағынының өзгеруіне жауап ретінде жылжуды тіркеп отырады. Меңзері тышқан меңзері (Курсор мыши; mouse cursor) — тышқан арқылы дисплей экраны бойынша орын ауыстыратын графикалық символ. Нұсқағышы Тінтуір нұсқағышы (Указатель мыши; mouse pointer) — егер тышқан компьютерге қосылса және тышқан драйвері жүктелсе, онда тышқан нұсқағышы өрқашан экранда тұрады. Мөтіндік режімде нұсқағыш кәдімгі тіктөртбүрыш пішінінде болады.Графикалық режімде нұсқағыштың стандартты пішіні солға қарай жоғары бағытгалған жебелікке ұқсас, алайда көбінесе орындайтын операциясына карай нұсқағыш басқа пішінді: кос жебелікті, кресті, жақтауды жөне т.б. қабылдайды. Уақыт көбірек жүмсалатын операцияларда нұсқағыш құмсағатқа айналады. Бүл өрекетімен программа "шамалы күтіңіз, ақпаратты енгізу әзірге мүмкін емес" дегенді хабарлайды; тышқан нұсқағышын мәтіндік меңзерден ажырата білу керек

№10 слайд
Жйел к блок Жйел к блок -
Содержание слайда: Жүйелік блок Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

№11 слайд
Содержание слайда:

№12 слайд
Содержание слайда:

№13 слайд
олданылан дебиет Интернет жел
Содержание слайда: Қолданылған әдебиет: Интернет желісі “Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет”

Скачать все slide презентации Компьютердің негізгі құрылғылары одним архивом: