Презентация Лимфогранулематоз бен лимфолейкоз кезіндегі лимфа түйіндердің ұлғаю ерекшеліктері онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Лимфогранулематоз бен лимфолейкоз кезіндегі лимфа түйіндердің ұлғаю ерекшеліктері абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 13 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Здоровье и Медицина » Лимфогранулематоз бен лимфолейкоз кезіндегі лимфа түйіндердің ұлғаю ерекшеліктері



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    13 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    1.65 MB
  • Просмотров:
    141
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Марат Оспанов атындаы Батыс
Содержание слайда: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

№2 слайд
Жоспар Лимфогранулематоз бен
Содержание слайда: Жоспар Лимфогранулематоз бен лимфолейкоз кезіндегі лимфа түйіндердің ұлғаю ерекшеліктері Лимфогранулематоз клиникасы Лимфолейкоз клиникасы Флегмона және абсцесс клиникасы ерекшеліктері

№3 слайд
Содержание слайда:

№4 слайд
Лимфогранулематозды басты
Содержание слайда: Лимфогранулематоздың басты симптомдары Лимфогранулематоздың басты симптомдары Терщендік түнгі уақытта Салмақ жоғалту Қызу көтерілу Лимфа түйіндерінің ұлғаюының әсерінен жөтел және тыныстың қиындауы

№5 слайд
Лимфолейкозды клиникалы кр н
Содержание слайда: Лимфолейкоздың клиникалық көріністері айқын байқалады. Науқастар әлсіздіктің күшеюіне, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуіне, азуына, дене қызуының жоғарылауына, түнгі уақытта терлеуіне, лимфа түйіндердің үлкеюіне шағымданады. Лимфолейкоздың клиникалық көріністері айқын байқалады. Науқастар әлсіздіктің күшеюіне, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуіне, азуына, дене қызуының жоғарылауына, түнгі уақытта терлеуіне, лимфа түйіндердің үлкеюіне шағымданады. Қарағанда лимфаденопатия байқалады және барлық топтағы шеткі лимфа түйіндердің (иек асты, мойын, бұғана үсті мен бұғана асты, шап және т.б.) үлкейгені анықталады. Олардың консистенциясы қамыр тәрізді, бір-бірімен және терімен жабыспаған, өлшемдері ноқаттан тауық жұмыртқасына дейін болуы мүмкін. Кейде (СЛЛ-ның ісіктік түрі) бір топтағы ұлғайған лимфа түйіндері конгломерат тәрізді болып көрінеді. Аурудың классикалық түрінде кеуде аралық және іш пердесі лимфа түйіндерінің ұлғаюына қарамастан ішкі мүшелердің қысылу белгілері байқалмайды. СЛЛ-ның Т-жасушалық түрінде лимфоидтық инфильтрат терінің бейспецификалық өзгерістерімен жүреді. Аурудың типтік түрінде псориаз, экзема жиі байқалады. Сонымен қатар СЛЛ-да эритродермия, белдеме ұшық (кейде жайылмалы түрде), есекжем, нейродермит, терінің микоздық зақымданулары кездесуі мүмкін. СЛЛ-да бауыр мен көкбауыр үлкейеді, бірақ олардың көлемі СМЛ кезіндегі деңгейге жетпейді. Дерттің спленомегалиялық түрінде көкбауыр біршама ұлғайып, бүкіл ішті алып жатады. Оның үлкеюі жиі инфарктпен, периспленитпен асқынуы мүмкін және ол сол жақ қабырға астының ауырсынуы, іш пердесінің үйкеліс шуымен көрінеді. Үлкейген көкбауыр қатты, беткейі тегіс болады. Спленомегалия (гиперспленизм нәтижесінде) тромбоцитопенияға, анемияға, кейде панцитопенияға алып келуі мүмкін. Сирек бауырдың лейкемиялық инфильтрациясы салдарынан гепатомегалия байқалады. Пальпацияда бауыр қыры дөңгеленген, қаттылау, беткейі тегіс болады. Жергілікті лимфа түйіндердің үлкеюіне байланысты өт жолдарының бітелуі қосылса, онда холестазды сарғаю дамуы мүмкін. Қақпа көк тамыры аймағындағы лимфа түйіндері үлкейгенде порталды гипертензия асцитпен бірге көрінеді, бірақ бұл синдромдар СЛЛ-ның ісіктік түріне ғана тән. Кейде асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы, асқазан-ішектерден қан кетулер, мальабсорбция синдромы кездесуі мүмкін. Кейін оларда фолий қышқылы мен темір жетіспеушілігі анықталады.

№6 слайд
Жалпы ан талдауы. СЛЛ-ны
Содержание слайда: Жалпы қан талдауы. СЛЛ-ның бастапқы сатысында жалпы қан талдауында орташа лейкоцитоз (15-30х109/л, кейде 50х109/л-ге дейін) және 60-80 %-ға жететін лимфоцитоз анықталады. СЛЛ кезіндегі лейкоздық лимфоциттер қалыпты лимфоциттерден ешқандай айырмашылығы жоқ, олар жетілген ұсақ жасушалар болып көрінеді. СЛЛ-ның қатерсіз түрінде лимфоцит өлшемі 10-12 мм, дөңгелек не сопақ пішінді, ядролары дөңгелек, хроматині гомогенді, жарық арықтармен бөлінген, цитоплазмасы ашық-көгілдір, кең емес. Жалпы қан талдауы. СЛЛ-ның бастапқы сатысында жалпы қан талдауында орташа лейкоцитоз (15-30х109/л, кейде 50х109/л-ге дейін) және 60-80 %-ға жететін лимфоцитоз анықталады. СЛЛ кезіндегі лейкоздық лимфоциттер қалыпты лимфоциттерден ешқандай айырмашылығы жоқ, олар жетілген ұсақ жасушалар болып көрінеді. СЛЛ-ның қатерсіз түрінде лимфоцит өлшемі 10-12 мм, дөңгелек не сопақ пішінді, ядролары дөңгелек, хроматині гомогенді, жарық арықтармен бөлінген, цитоплазмасы ашық-көгілдір, кең емес. Қанда кейде жетілмеген, көлемі үлкен, ядросы жоқ лимфоциттер немесе Ридер жасушалары (бүршік тәрізді не екі бөлшекті ядросы бар лимфоциттер) болуы мүмкін. СЛЛ-ның ерекше белгісіне Боткин-Гумпрехт жасушалары – ядросы жартылай бүлінген лимфоциттердің табылуы жатады. Олар жұғынды жасау барысында артефакт ретінде бүлінген лейколизді жасушалар. СЛЛ-ның айқын клиникалық көріністер кезеңінде әртүрлі дәрежедегі лейкоцитоз табылады, әдетте лейкоциттер саны 50х109/л-ден жоғары, 100х109/л, кейде 200х109/л дейін жетуі мүмкін. Қанда лимфоциттер санының күрт жоғарылауы тән. Егер абсолюттік лимфоциттер саны 10х109/л және одан жоғары болса, онда СЛЛ диагнозын жоғарғы айқындылықпен қойылады, ал лимфоциттер саны 5х109/л-ге дейін болса, бұл ауру туралы күмәндану керек. Лейкоцитарлы формулада лимфоциттер 80-90 % құрайды. СЛЛ-ның өршу кезеңіне қанда бірен-саран пролимфоциттер және лимфобластар пайда болады. Пролимфоциттер санының күрт көбеюі СЛЛ-ның пролимфоцитарлық түріне тән, ал айқын бластемия соңғы кезеңнің бластық кризінде байқалады. Науқастардың жартысында нормохромды нормоцитарлы анемия кездеседі, ретикулоциттер қалыпты не жоғары болуы мүмкін. Анемияның айқындық дәрежесі әртүрлі, ол аурудың ұзақтығына тікілей байланысты.

№7 слайд
Созылмалы лимфолейкоз ем
Содержание слайда: Созылмалы лимфолейкоз емі Созылмалы лимфолейкоздың арнайы химиотерапиясы žГлюкокортикоидтар. СЛЛ кезінде глюкокортикоидтармен монотерапия тек ауыр аутоиммунды асқынуларда тағайындалады, себебі ол бар иммуножетіспеушілікті күшейтеді және фатальды септикалық асқынулардың себебі болуы мүмкін. Алкилирлеуші химиотерапевттік заттар (мысалы, хлорамбуцил, циклофосфамид) үдемелі, ісікті және пролимфоцитарлы түрінде тағайындалады. Пурина аналогы(флударабин) — СЛЛ кезіндегі жоғары белсенді препарат, ауыр үдемелі және ісікті түрлеріндегі науқастарда ремиссияға әкеледі. Хлорамбуцил емі нәтижесіз болғанда тағайындалады. Препараттың айқын тиімділігі аутоиммунды феномендерде байқалады. Полихимиотерапевттік схема. Алкилирлеуші заттарға төзімділік болғанда СОР бағдарламасы бойынша препараттар комбинациясын тағайындайды- циклофосфамид, винкристин, преднизолон. Басқа полихимиотерапевттік схема — CVP (винбластин винкристинмен бірге), CHOP (COP + доксорубицин). • Емнің жаңа әдістері: ритуксимаб немесе мабтер препараты (Rituximab, Rituxan, Mabthera) IgG kappa түрі CD20 антигеніне химерлі гуманизирленген моноклональды антидене.

№8 слайд
Содержание слайда:

№9 слайд
Абсцесс - деп лпаларды
Содержание слайда: Абсцесс - деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады. Ірің жиылған жерде патогендік қабық болады да, осы қабықтың сыртына ірің шыға алмайды, жайылуына мүмкіндік жоқ. Жоғарыда айтылған шиқан, көршиқан, аурулары асқына келе абсцесс жағдайына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар кенеттен қабыну процесіне шалынған мүшенің арасында абсцесс пайда болуы ғажап емес. Мысалы, өкпеге суық тиіп, ол кенеттен қабыну процесіне шалдығып қалса, өкпе арасында абсцесс пайда болуы мүмкін. Сол сияқты жарақаттану салдарынан тері астына, ағзаларға қан құйылса және әртүрлі себептерге байланысты сол жерге микробтар түсе қалса, құйылған қан іріңдеп, бір жерге жиналып тұрып алады. Асептика заңын сақтамай, дәріні қайнатылмаған ине-щприцпен денеге енгізгенде, сол иненің ұшы жеткен жерде ірің пайда болуы мүмкін. Жарақаттану, жаралану кезінде тері бұзылып, соның астыңғы қабаттарына микробтар ену арқылы қабыну процесіне жол ашылады. Кейбір жағдайларда мал сепсис ауруына ұшырағанда қанмен бірге таратылып жатқан микробтар ағзаға қонып, сол жерлерде абсцесс пайда болуына себепші болады. Мысалы, мұндай ауруларда кенеттен өкпе абсцессі, бауыр абсцесі пайда болуы мүмкін. Абсцесс - деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады. Ірің жиылған жерде патогендік қабық болады да, осы қабықтың сыртына ірің шыға алмайды, жайылуына мүмкіндік жоқ. Жоғарыда айтылған шиқан, көршиқан, аурулары асқына келе абсцесс жағдайына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар кенеттен қабыну процесіне шалынған мүшенің арасында абсцесс пайда болуы ғажап емес. Мысалы, өкпеге суық тиіп, ол кенеттен қабыну процесіне шалдығып қалса, өкпе арасында абсцесс пайда болуы мүмкін. Сол сияқты жарақаттану салдарынан тері астына, ағзаларға қан құйылса және әртүрлі себептерге байланысты сол жерге микробтар түсе қалса, құйылған қан іріңдеп, бір жерге жиналып тұрып алады. Асептика заңын сақтамай, дәріні қайнатылмаған ине-щприцпен денеге енгізгенде, сол иненің ұшы жеткен жерде ірің пайда болуы мүмкін. Жарақаттану, жаралану кезінде тері бұзылып, соның астыңғы қабаттарына микробтар ену арқылы қабыну процесіне жол ашылады. Кейбір жағдайларда мал сепсис ауруына ұшырағанда қанмен бірге таратылып жатқан микробтар ағзаға қонып, сол жерлерде абсцесс пайда болуына себепші болады. Мысалы, мұндай ауруларда кенеттен өкпе абсцессі, бауыр абсцесі пайда болуы мүмкін. Этиологиясы. Стрептакокк, стафилакокк. Клиникасы. Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады.

№10 слайд
Флегмона стафилакокпен
Содержание слайда: Флегмона стафилакокпен шақырылатын көбінесе, тері астындағы, алақан, табан, мойын, жамбас қуысында, т.б. жерлерде орналасқан майлы және дәнекер тіндерді зақымдайды. Ауырсыну, ісіну, домбығу, қызару болады. Флегмона стафилакокпен шақырылатын көбінесе, тері астындағы, алақан, табан, мойын, жамбас қуысында, т.б. жерлерде орналасқан майлы және дәнекер тіндерді зақымдайды. Ауырсыну, ісіну, домбығу, қызару болады.

№11 слайд
Абсцесс
Содержание слайда: Абсцесс

№12 слайд
Лимфогранулематоз Лимфолейкоз
Содержание слайда: Лимфогранулематоз Лимфолейкоз

№13 слайд
Пайдаланылан дебиет А. .
Содержание слайда: Пайдаланылған әдебиет А. Қ. Дүйсенова. «Жүқпалы аурулар». Алматы, 2014. Скрипкин Ю.К., Кубанова А.А., Акимов В.Г. Тері және венерологиялык аурулар : окулык / казак тіліне аударған және жауапты редакторы Б. Түсіпкалиев. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2015.

Скачать все slide презентации Лимфогранулематоз бен лимфолейкоз кезіндегі лимфа түйіндердің ұлғаю ерекшеліктері одним архивом:
Похожие презентации