Презентация Психотехникалық жаттығулар мен әлеуметтік- психологиялық тренингтер психологияны оқыту формасы ретінде онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Психотехникалық жаттығулар мен әлеуметтік- психологиялық тренингтер психологияны оқыту формасы ретінде абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 27 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Здоровье и Медицина » Психотехникалық жаттығулар мен әлеуметтік- психологиялық тренингтер психологияны оқыту формасы ретінде



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    27 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    112.83 kB
  • Просмотров:
    91
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Психотехникалы жаттыулар мен
Содержание слайда: Психотехникалық жаттығулар мен әлеуметтік- психологиялық тренингтер психологияны оқыту формасы ретінде Психотехникалық жаттығулар мен әлеуметтік- психологиялық тренингтер психологияны оқыту формасы ретінде

№2 слайд
Жоспар . Психотехникалы
Содержание слайда: Жоспар 1. Психотехникалық жаттығуларды психологияны оқытуда қолданудың ерекшелігі 2. Тренингтер психологияны оқыту формасы ретінде 3.Әлеуметтік- психологиялық тренингтер, олаардың ерекшеліктері

№3 слайд
Пайдаланан дебиеттер т з м
Содержание слайда: Пайдаланған әдебиеттер тізімі Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1.Гинецинский В.И. Введение в методику преподавания психологии: Курс лекций. – Л., 1983.-254с. 2.Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. –М., 1989.-77с. 3. Карандашев В.Н. Методика преподавания психологии. – СПб., 2005.-250с. 4.Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. –Москва «Владос», 2001.-390с. 5.Нечаев А.П. Как преподавать психологию. – СПб., 1991.-244с. 6.Бархаев Б.П. Методическое обеспечение преподавания психологии. – М., 2000.-180с. 7.Игры – обучение, тренинг, досуг / Под ред. В.В.Петрусинского // В четырех книгах. – М.: Новая школа, 1994.-174с. 8.Бадмаев Б.Ц. Психология: как ее изучить и усвоить. – М.: Владос, 1997.-210с. 9.Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. – Алматы «Қазақ университеті», 2004.-180с.    

№4 слайд
Психотехника психологиялы тс
Содержание слайда: Психотехника психологиялық тәсілдер мен құралдар жүйесі ретінде практикалық психологияның негізін құрайды. Психотехника психологиялық тәсілдер мен құралдар жүйесі ретінде практикалық психологияның негізін құрайды. Оның міндеті әр түрлі психологиялық мәселелерді шешу, өзін өзі дамыту мен өз мүмкіндіктерін ашу барысында өзінің ішкі әлемін меңгере алуы.

№5 слайд
Психотехниалы жмыстарды
Содержание слайда: Психотехниалық жұмыстардың формалары алуан түрлі– бұл жекелеген сабақтар мен сабақтың әр кезеңіндегі жаттығулары. Психотехниалық жұмыстардың формалары алуан түрлі– бұл жекелеген сабақтар мен сабақтың әр кезеңіндегі жаттығулары. Психотехникалық жаттығулар тұлға аралық қарым қатынасты тиімділігін қамтамасыз етеді. Психотехникалық жаттығулар оқушылардың пәнге деген құндылық -мотивациялық қатынасын қалыптастырады.

№6 слайд
Психотехникалы жаттыулар зей
Содержание слайда: Психотехникалық жаттығулар зейінді дамытады. Психотехникалық жаттығулар зейінді дамытады. Психотехникалық жаттығулар есте сақтауды дамытады Психотехникалық жаттығулар қиялды дамытады Психотехникалық жаттығулар тұлғаның өзін өзі реттеуі мен өзін бақылауын дамытады. Психотехникалық жаттығулар өзін өзі босаңсыту құралы болып табылады.

№7 слайд
Тренинг бл, тланы арым-атынас
Содержание слайда: Тренинг – бұл, тұлғаның қарым-қатынас стилінің үйлесімділігіне, оны өзгертуге және басқалармен қарым-қатынастағы қарама-қайшылықтарын, тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге бағытталған эмоционалдық  тұрғыдан қанық, жарқын өткізілетін сабақ. Тренинг – бұл, тұлғаның қарым-қатынас стилінің үйлесімділігіне, оны өзгертуге және басқалармен қарым-қатынастағы қарама-қайшылықтарын, тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге бағытталған эмоционалдық  тұрғыдан қанық, жарқын өткізілетін сабақ.

№8 слайд
Тренинг жеке адама басаларды,
Содержание слайда: Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектесіп, оны түсінуге, өз ойын ашық айтуға, ішкі күйзелісін жеңуге, оны басқамен бөлісуге, өзіне деген сенімділігін арттырып, өзін-өзі түсінуге, өз бойындағы басқада қасиеттерді көруге мүмкіндік береді және тұлғаның өзін-өзі бақылауына, байқағыштыққа баулиды. Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектесіп, оны түсінуге, өз ойын ашық айтуға, ішкі күйзелісін жеңуге, оны басқамен бөлісуге, өзіне деген сенімділігін арттырып, өзін-өзі түсінуге, өз бойындағы басқада қасиеттерді көруге мүмкіндік береді және тұлғаның өзін-өзі бақылауына, байқағыштыққа баулиды.

№9 слайд
Тренинг термин н ылыми
Содержание слайда: Тренинг терминін ғылыми қолданысқа М.Форверг енгізді. Ол тренингті оқытудың бір формасы ретінде ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, балалар мен ата-аналарының арасындағы қарым-қатынасты реттеуге пайдаланған. Тренинг терминін ғылыми қолданысқа М.Форверг енгізді. Ол тренингті оқытудың бір формасы ретінде ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, балалар мен ата-аналарының арасындағы қарым-қатынасты реттеуге пайдаланған.

№10 слайд
Ю.Н.Емельянов тренингке
Содержание слайда: Ю.Н.Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді.  Ю.Н.Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді. 

№11 слайд
Ресейл к психолог
Содержание слайда: Ресейлік психолог Л.А.Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», ретінде қарастырады. Ресейлік психолог Л.А.Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», ретінде қарастырады.

№12 слайд
Тренингт к топтарды жет л п,
Содержание слайда: Тренингтік топтардың жетіліп, дамуы К.Левин есімімен тығыз байланысты. К.Левин жеке адамдарды топ арқылы өзгертудің мүмкіндігінің үстемділігін ескере отырып, оған психологиялық әсер етудің тәжірибелерін өз еңбектерінде қарастырған. Тренингтік топтардың жетіліп, дамуы К.Левин есімімен тығыз байланысты. К.Левин жеке адамдарды топ арқылы өзгертудің мүмкіндігінің үстемділігін ескере отырып, оған психологиялық әсер етудің тәжірибелерін өз еңбектерінде қарастырған.

№13 слайд
Л.А.Петровская, А.Г.Ковалев,
Содержание слайда: Л.А.Петровская, А.Г.Ковалев, Т.С.Яценко және басқалардың еңбектерінде басты тренингтік әдістерге топтық пікірталастар мен рольдік ойындарды жатқызады. Ю.Н.Емельянов психофизикалық жаттығуларға вербалды емес өзара әрекеттесуді жатқызса, И.В.Вачков басты тренингтік әдістерге медиативтік және суггестивтік техникаларды жатқызады. Л.А.Петровская, А.Г.Ковалев, Т.С.Яценко және басқалардың еңбектерінде басты тренингтік әдістерге топтық пікірталастар мен рольдік ойындарды жатқызады. Ю.Н.Емельянов психофизикалық жаттығуларға вербалды емес өзара әрекеттесуді жатқызса, И.В.Вачков басты тренингтік әдістерге медиативтік және суггестивтік техникаларды жатқызады.

№14 слайд
И.В. Вачков леуметт
Содержание слайда: И.В. Вачков әлеуметтік-психологиялық тренингтерде топтық пікірталас тікелей қарым-қатынас процесінде топ мүшелерінің көзқарасын, бағыт-бағдарын, позициясын  анықтауға, зерттеуге мүмкіндік беретіндігін атап көрсеткен.  И.В. Вачков әлеуметтік-психологиялық тренингтерде топтық пікірталас тікелей қарым-қатынас процесінде топ мүшелерінің көзқарасын, бағыт-бағдарын, позициясын  анықтауға, зерттеуге мүмкіндік беретіндігін атап көрсеткен. 

№15 слайд
Тренингтер тмендег дей
Содержание слайда: Тренингтер төмендегідей бағыттарда қарастырылады: Тренингтер төмендегідей бағыттарда қарастырылады: -   өзін-өзі реттеу дағыларын дамытуға бағытталған тренингтер; -  оқыту тренингі -  өзін тану   тренингі; -   әлеуметтік психологиялық тренингтер   және т.б.

№16 слайд
з н-з реттеу дадыларын
Содержание слайда: Өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтерге  жатады:    түрлі нұсқадағы аутогенді жаттығулар, биологиялық кері байланыс тренингі. Оқыту тренингі. Оқыту тренингтері бірінші кезекте кәсіпке қажетті дағыдаларды жетілдірудегі маңызды фактор болып табылатын қарым-қатынас тиімділігіне бағытталған топтар жиынтығынан тұрады.

№17 слайд
з н таныту тренинг . Бл м
Содержание слайда: Өзін таныту тренингі. Бұл мінез-құлықтық психотерапия әдістерінің бірі, өзіне деген сенімділікті арттыру тренингтеріне жақын келеді Өзін таныту тренингі. Бұл мінез-құлықтық психотерапия әдістерінің бірі, өзіне деген сенімділікті арттыру тренингтеріне жақын келеді Әлеуметтік–психологиялық тренинг – қарым-қатынас жасау құзырлығын дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағытталған және тәжірибелік психология аймағында кеңінен қолданылады. 

№18 слайд
леуметт к психологиялы
Содержание слайда: Әлеуметтік–психологиялық тренингтің мақсаты келесі міндеттер арқылы нақтыланады: Әлеуметтік–психологиялық тренингтің мақсаты келесі міндеттер арқылы нақтыланады: 1)  психологиялық білімді игеру; 2)  қарым-қатынас жасауға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру; 3)  сәтті қарым-қатынас жасауға қажетті дағдыларды қалыптастыру, дамыту, түзету; 4)  басқаны және өзін тану қабілетін дамыту; 5)  тұлғаға қарым-қатынас жасау жүйесін дамыту.

№19 слайд
леуметт к психологиялы
Содержание слайда: Әлеуметтік–психологиялық тренинг қатысушылардың ашық кері байланысқа түсе алатындай бойында сенімділікті ұялатуға бағытталады. Топта сенімділікті ұялату сабақты ерекше формада өткізуді талап етеді. Тренинг алға қойған мақсатына жету үшін жүргізуші топтың жоғары деңгейде дамыту шарттарын белгілеуі тиіс. Әлеуметтік–психологиялық тренинг қатысушылардың ашық кері байланысқа түсе алатындай бойында сенімділікті ұялатуға бағытталады. Топта сенімділікті ұялату сабақты ерекше формада өткізуді талап етеді. Тренинг алға қойған мақсатына жету үшін жүргізуші топтың жоғары деңгейде дамыту шарттарын белгілеуі тиіс.

№20 слайд
Сабатарды йымдастыру келес
Содержание слайда: Сабақтарды ұйымдастыру келесі қағидаларға сүйенеді: Сабақтарды ұйымдастыру келесі қағидаларға сүйенеді: 1)  қатысушылардың белсенділік қағидасы – сабақ барысында топ мүшелері әрдайым түрлі әрекеттерге қатысады: қатысушылардың өздері ұсынған жағдаяттарды рөлдерге бөліп орындау және оны талқылау; 2)  зерттеушілік позициясы қағидасы – тренинг барысында топпен жұмыс жасауда жағдаяттар ұсынып, адамдар арасындағы өзара әрекеттестікті және қарым-қатынастың психологияда белгілі заңдылықтарына сәйкес оны шешу жолдарын өзбеттерінше іздестіру; 3)  серіктестік қатынас қағидасы – тұлғаның құндылығын, ойын, қызығушылығын мойындау, шешім қабылдауда қатысушылардың қызығушылығын мүмкіндігінше ескеру.

№21 слайд
Жоарыда аталан тренинг трлер
Содержание слайда: Жоғарыда аталған тренинг түрлеріне  ортақ ережелер бар.Тренинг ережесі - қатысушылар өзара жасайтын келісімдер. Жоғарыда аталған тренинг түрлеріне  ортақ ережелер бар.Тренинг ережесі - қатысушылар өзара жасайтын келісімдер. 1)   Осы тренингте ынтымақтастықты қалайша жүргіземіз? Бұл ережелердің кейбірі тренинг өткізу тәжірибесіне және оқыту теорияларының принциптеріне негізделеді. 2)   "Біз" орнына "Мен". Бірінші жақта сөйлеу: "Мен .... деп санаймын", "Мен .... келіспеймін". 3)   Жеке жауапкершілік. Өз ісіне, таңдауына жауапкершілік. 4)   Өз пікірін айту. Өзінің жеке қабылдауы туралы айту. 5)   Жалпылаудан аулақ болу. Өз тәжірибесіне сүйену, жалпыламау. 6)   Өз интерпретациясын тексеру.  Өз интерпретациясын бақылап отыру. 7)    Кедергілер туралы белгі беру. Тренинг кезіндегі пайда болған қиындықтар туралы айтып отыру.

№22 слайд
Тренингт жоспарлауды ек тр
Содержание слайда: Тренингті жоспарлаудың екі түрі бар: схемалық Тренингті жоспарлаудың екі түрі бар: схемалық нақтылай. cхемалық жоспарлау - алдымен тренингке әсер ететін барлық факторлар туралы мәлімет жинақтау. Бұл мәліметтер төмендегі сұрақтардың көмегімен жүйеленеді: Кім? Не? Неге? Не үшін? Қашан? Қайда? Ненің көмегімен? Нені? Қалай? Не үйренеміз?

№23 слайд
Бл сраты одан р жет лд ру ш н
Содержание слайда: Бұл сұрақты одан әрі жетілдіру үшін сұрақтарды нақтылай түсеміз: Бұл сұрақты одан әрі жетілдіру үшін сұрақтарды нақтылай түсеміз: Кім? Тренингке кімдер қатысады? Қатысушылар туралы Сізде қандай мәліметтер бар (жасы, лауазымы, аймақ)? Қатысушылар тренингтен не күтеді? Не? Тренинг тақырыбы нені білдіреді? Бұл тренинг туралы қатысушылардың ұғымы? Олардың тақырыпқа қатынасы? Неге? Бұл тақырып неге таңдап алынды? Білім беру саясатының жалпы міндеттерімен байланысы? Не үшін? Тренинг тақырыбының қатысушылардың практикалық әрекетіне қатысы? Оларға бұл тақырып не үшін керек?

№24 слайд
ашан? Тренинг ашан болады?
Содержание слайда: Қашан? Тренинг қашан болады? Қашан? Тренинг қашан болады? Сіз үшін немесе қатысушылар үшін тренингтің өткізілу уақытының ерекше маңызы бар ма? Қайда? Тренинг қайда өткізіледі? Қатысушыларға тренинг өтетін жер таныс па? Тренинг өткізілетін бөлме қандай? Бөлменің сыртқы түрін өзгерте аласыз бы? Ненің көмегімен? Сізде қандай оқу жағдаяттары бар? Нені? Қалай дайындау керек? Қалай? Сіз жұмысыңызда қандай әдістер қолданасыз? Тренингті жалғыз немесе командамен өткізесіз бе?

№25 слайд
Бл тек кейб р сратар ана. Т з
Содержание слайда:  Бұл тек кейбір сұрақтар ғана. Тізімді өзіңіз де оңай жалғастыра аласыз. Осы сұрақтармен айналыса отырып, тренингтің нақты дидактикасын жасайсыз.  Бұл тек кейбір сұрақтар ғана. Тізімді өзіңіз де оңай жалғастыра аласыз. Осы сұрақтармен айналыса отырып, тренингтің нақты дидактикасын жасайсыз. Әрбір сұраққа екі көзқараста жауап беру керек: 1. Тренингке қатысушылардың көзқарасы.Тренингке қатысушылардың роліне кіріп көріңіз. Қандай сезімді бастан кешірдіңіз? 2. Тренинг жетекшісінің көзқарасы. Осы сұрақтарға өзіңіздің қатысыңыз қандай? Сізде қандай сезімдер туғызады?

№26 слайд
Схемалы жоспарлау дайын болан
Содержание слайда: Схемалық жоспарлау дайын болған кезде нақтылап жоспарлауға кірісе аласыз. Схемалық жоспарлау дайын болған кезде нақтылап жоспарлауға кірісе аласыз. Тренингтің жекелеген бөліктері бойынша (оқу блоктары) әзірлікті мына жоспарлар бойынша жүргізуге болады: Тақырыбы. Осы бөліктің тақырыбының атауы? Оқу мақсаты. Тренинг бөлігінің мақсаты? Әдісі. Қандай әдістерді қолданасыз? Оқу жадығаттарын. Қандай оқу жадығаттарын қолданғыңыз келеді? Уақыты. Оқу блогы қанша уақытқа созылады? Неғұрлым нақтырақ жоспарлағыңыз келсе, осы сұрақтарға соғұрлым дәлірек жауап беруіңіз керек. Тақырыптар мен оқу мақсаттарын, әдістерді таңдауды, уақыт аралықтарын анықтауды барынша нақтылай анықтаңыз.

№27 слайд
Сез м жаттыуы Сез м жаттыуы
Содержание слайда: «Сезім» жаттығуы «Сезім» жаттығуы Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсу барысында көңіл – күйді, эмоцияны сезіне білуді үйрету. Жаттықтырушы: қазіргі көңіл – күйлерін фломастермен қағаз бетіне эмоцияларды бейнелей отырып көрсетулерін тапсыру. Нұсқау: сіздің алдыңызда түрлі сезімдер келтірілген. Сөйлемді аяқтаңыз: • Менің алдымнан шыға келсе, онда мен ... сезінемін. Кішкентай баланы көргенде, мен ... сезінемін. Танымайтын адамды көргенде, мен ... сезінемін. Бірге оқыған сыныптастарымды көргенде, мен ... сезінемін. • Менің танысым тоқтай қалып, қалтасына қарады, мен ... сезінемін. • Мен біреумен сәлемдескенім, бөтен болып шықты, мен ... сезінемін. • Мен ескі махаббатымды көрдім, мен . сезінемін.

Скачать все slide презентации Психотехникалық жаттығулар мен әлеуметтік- психологиялық тренингтер психологияны оқыту формасы ретінде одним архивом:
Похожие презентации