Презентация Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру. Лекция 10 онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру. Лекция 10 абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 14 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Менеджмент » Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру. Лекция 10



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    14 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    119.19 kB
  • Просмотров:
    122
  • Скачиваний:
    1
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
ТАЫРЫП . Мемлекетт к басару
Содержание слайда: ТАҚЫРЫП 10. Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру Дәріс жоспары (1 сағат) 1. Басқарушылық қызмет стилінің түсінігі, элементтері 2. Мемлекеттік басқарудағы демократия және бюрократия 3. Мемлекеттік басқарудағы ұйымдастырушылық пен жауапкершілік дәрежесі – оның тиімділігінің көрсеткіші

№2 слайд
Сра . Басарушылы ызмет стил н
Содержание слайда: Сұрақ 1. Басқарушылық қызмет стилінің түсінігі, элементтері Басқару стилі – жетекшінің бағыныштыларына ықпал ету тәсілдері, әдістері мен формаларының тұрақты жүйесі. Негізін қалаушылардың бірі – Ф.Тейлор (1856–1915).

№3 слайд
Басару стил н анытау ш н
Содержание слайда: Басқару стилін анықтау үшін әдетте 2 айнымалы, 2 өлшем қолданылады: іс-қимыл қарқыны және жағдайлылық деңгейі Іс-қимыл тәсілдемесі зерттеушілермен жетекшінің жеке қасиеттерін емес, оның іс-әрекетінің үлгілеріне қатысты қорытындыларға негізделген

№4 слайд
Кесте Басару стильдер н
Содержание слайда: Кесте 1 – Басқару стильдерінің классикалық жіктемесі

№5 слайд
Басару стил н эволюциясы ХХ
Содержание слайда: Басқару стилінің эволюциясы ХХ ғасырдың 70 жылдарында бүкіл әлемде ескі басқару әдістерін қайта қарап, жаңа әдістерді қалыптастыру үдерісі орын алды, ол халықаралық бәсекенің күшеюі және нарыққа «шығыс жолбарыстарының» енуімен байланысты болды. Қазіргі уақытта, әсіресе ірі корпорацияларда (Америка мен Еуропада) «жасырын» стиль қалыптасты. Жоғарғы басқару буыны неғұрлым жауапты шешім қабылдап, тұтас корпорация өмірін анықтайды, бірақ ол тк қатарлы қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар төменгі және орта буын жетекшілеріне де белгілі емес; Бұл офис архитектурасында да көрініс тапты – жекелеген кіру орны (жоғарғы басқарма үшін), жекелеген лифт, толық оқшауланған этаж.

№6 слайд
Мемлекетт к басару стил н
Содержание слайда: Мемлекеттік басқару стилінің элементтері мен формалары: Мемлекеттік басқару стилінің элементтері: а) мемлекеттік билік органдарының нысаналы, функционалды және ұйымдық сипаттамалары. Олар органдардың мемлекеттік басқару жүйесінің иерархиясындағы орны мен құқықтық мәртебесін анықтайды; б) басқару органдары іс-әрекетінің құқықтық бекітілген жжәне тәжірибеде қолданылатын формалары, әдістері мен процедуралары; в) лауазымды тұлғалардың нақты көрініс табатын жалпымәдени, кәсіби және тұлғалық қасиеттері. Олардың көмегімен басқарудың әлеуметтік-психологиялық тетіктері қалыптасады

№7 слайд
Сра . Мемлекетт к басарудаы
Содержание слайда: Сұрақ 2. Мемлекеттік басқарудағы демократия және бюрократия Бюрократия (фр. bureau — кеңсе және грек. κράτος — үстемдігі, билік); Бюрократия – вертикалды иерархияға негізделген және алдына қойылған міндеттерді неғұрлым тиімді тәсілмен шешуге арналған басқару жүйесі. Бюрократизм – халықтан алшақтатылған аппарат билігі. «Бюрократия» және «бюрократизм» терминдері тиімсіз, шамадан тыс ресми басқару жүйесін сипаттауда қолданылады. Бюрократтардың басты ресурсы — билік және оны асыра пайдалану, лауазымнан пайда алу мүмкіндігі.

№8 слайд
Мемлекетт к басарудаы
Содержание слайда: Мемлекеттік басқарудағы бюрократия тәсілдемелері мен белгілері: Бюрократияны анықтауға қатысты 4 тәсілдеме: Әрекет ету формасы және биліктің сипаты; Мемлекеттік және жеке секторда басқарушылық тиімділікті арттыруға мүмкіндік беретін ұйымның күрделі, иерархиялық құрылымы; Үкіметтің саяси немесе сайлаулы құрылымына енбейтін және мемлекеттік машинаны күнделікті басқаруды жүзеге асыратын бөлігі; Мемлекеттік шенеуніктер іс-әрекетін жағымсыз бағалау, юасқарушылық аппаратқа тән әлеуметтік ауру.

№9 слайд
Содержание слайда:

№10 слайд
Бюрократияны нег зг
Содержание слайда: Бюрократияның негізгі тұжырымдамалары. Бюрократияның негізгі тұжырымдамалары. М.Вебердің «Оңтайлы бюрократия теориясы»: Вебер бюрократияның техникалық тұрғыдан жоғары тиімділікке қол жеткізеді деген, осы тұрғыдан ол ресми тұрғыдан адамдарды басқарудың барлық құралдарының ең тиімдісі болып табылады; Вебер құқықтық және оңтайлы билікке негізделген идеалды бюрократия типіне ХХ ғ. Басында Батыс Еуропа мен АҚШ-ғы мемлекеттік және жеке ұйымдар жатқызылған; Веберу бойынша бюрократиялық басқарудың маңызды сипатты белгілері болып табылады: Регламенттілік – ұйым функциялары нормативтік актілер көмегімен нақты анықталған, ал ұйымішілік құрылғы ережелермен реттелетін шешімдермен қамтамасыз етіледі; Иерархиялылық – әр лауазымды тұлға субординациялық еңбек бөлінісінің ішінде нақты біліктілікке ие және жоғарғы лауазымды тұлғалар алдында өз іс-әрекеті үшін жауапты; Басқару құралдарын иеленуден алшақ болу – басқару функцияларын атқару үшін қолданылатын құралдар жеке әкімшілердің жекеменшігін емес, ұйымның (мемлекет) меншігін құрайды, сәйкесінше, лауазымды тұлға өзіне лауазымын иемдене алмайды және ол сатыла, сыйлана немесе мұрагерлік бойынша беріле алмайды; Тұрақтылық – тұрақты жалақысы бар жалдау бойынша лауазым (болашақта қызмет бойынша өсу, ал отставкаға кеткеннен кейін – кепілдендірілген зейнетақы болады); Тәжірибелік және тұлғасыздық – лауазымды тұлғалар өзінің кәсіптік қасиеттері негізінде тағайындалады.

№11 слайд
К.Маркст бюрократия теориясы
Содержание слайда: 2) К.Маркстің бюрократия теориясы 2) К.Маркстің бюрократия теориясы Бюрократияның кластық сипатын Карл Маркс атап өткен (1818-1883 жж.). Ол бюрократияны ұйымдағы билік пен үстемдікті жүзеге асыратын артықшылығы бар қызметшілер табы ретінде сипаттайды. Бюрократияны түсінудің басты құраушысы – мәртебені сезіну, билік етуші элитаға жатындығы. Бюрократияның маңызды сипатты белгілері: иерархиялылық, институттар мен топтар арасындағы қатынастардың қатаң регламенттелуі, ақпаратты берудегі көпсатылылық, авторитарлы сана. «Бюрократия өзін мемлекеттің түпкілікті мақсаты деп есептейді, – деген К. Маркс. Мемлекеттік міндеттер кеңсе міндеттеріне, ал кеңсе міндеттері мемлекеттік міндеттерге айналады». Осылайша, Маркстің пікірінше бюрократия - үстемдік етуші класс мүдделерін қолдайтын паразит-ұйым. Сонымен, маркстік идеологияда басты назар бюрократияны тәртіп пен тұрақтылықты қажет ететін қарапайым адамдар масасынан алшақтатуға аударылады.

№12 слайд
Азиатты бюрократия модел
Содержание слайда: 3) Азиатты бюрократия моделі 3) Азиатты бюрократия моделі Осман империясына қатысты ХІХ ғ. бірінші жартысына дейін мемлекеттік қызмет үшін негізгі кадрларды 3 негізгі мекемелер жабдықтады: Сарай мектептері (эндерун мектеплери), Янычарлар ошақтары; медресе. Азиаттық (шығыс) мемлекеттілігі табииғи қатынастар жүйесі ретінде қарастырылса, ал еуропалық – осындай қатынастарды бұзуға негізделеді; Азиаттық басқару формасында мемлекет қоғамнан мықтырақ болады, себебі ұжымдық еңбекті мемлекеттік қызметшілер басқарады. Мемлекет барлық басқарушы функцияларды өз қолына алды. «Шығыс формасындағы» бюрократия әкімшілік басқаруға жол бермейді.

№13 слайд
Бюрократияны кр н стер к мш л
Содержание слайда: Бюрократияның көріністері: Әкімшілік теория мен тәжірибеде бюрократизмнің 2 типі болады - шынайы және своекорыстный. Олар басқару формасы мен типінен тәуелсіз түрде әр мемлекетте орын алады.

№14 слайд
Бюрократия б рнеше тс лдермен
Содержание слайда: Бюрократия бірнеше тәсілдермен қалыптаса алады: 1. Бюрократиялық құрылым көрнекі көшбасшы маңайында шоғырланады. Оның мәні – жарық тұлға маңайында біріктірілген адамдар тобы біртіндеп бюрократиялық құрылымға айналады. Оған мысал – В.И.Ленинмен большвиктер партиясы ретінде құрылған бюрократия. 2. Бюрократиялық құрылым адамдар тобы маңайында туындайды. Мұндай жағдайда ол ең басынан бастап белгілі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін құрылады. Мысалы, корпорацияны құру барысында (акционерлік қоғам) капиал иелері фирманы басқару үшін кәсіби басқарушыларды жалдайды. Осылайша, мемлекеттік және корпоративті бюрократиялық жүйелер қалыптасады. 3. Бюрократиялық құрылымның қайнар көзі – әрекет етуші бюрократиялық ұйым, мұнда жаңа құрылым әрекет етуші жүйелерден бөлініп қарастырылады. Осылайша, жаңа бөлім немесе департамент құрылғанда мұндай жағдай орын алады. 4. Бюрократияны құру көзі – айрықша «саяси кәсіпкерлік». Бұл белгілі көзқарастарды ұстанатын адамдар тобының бюрократиялық жүйені құрауы барысында орын алады (оның мүшелері мамандық ретінде саяси іс-әрекетпен айналысады).

Скачать все slide презентации Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру. Лекция 10 одним архивом: