Презентация Нарықтық экономика жағдайында компанияның ішкі аудитін ұйымдастыру онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Нарықтық экономика жағдайында компанияның ішкі аудитін ұйымдастыру абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 18 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Экономика и Финансы » Нарықтық экономика жағдайында компанияның ішкі аудитін ұйымдастыру



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    18 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    1.07 MB
  • Просмотров:
    94
  • Скачиваний:
    3
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
НАРЫТЫ ЭКОНОМИКА ЖАДАЙЫНДА
Содержание слайда: НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КОМПАНИЯНЫҢ ІШКІ АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ Орындаған: Диқанбай А.Қ. Тексерген: Баканова М.М.

№2 слайд
Жоспар . К р спе . Аудитт
Содержание слайда: Жоспар 1. Кіріспе 2. Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері 3. Аудит функциялары мен объектілері, пәні 4. Аудит постулаттары 5. Аудиттің негізгі қағидалары 6. Ішкі аудит 7. Ішкі аудиттің міндеттері мен функциялары 8. Қорытынды 9. Пайдаланылған әдебиеттер

№3 слайд
К р спе аз рг тада шк аудит
Содержание слайда: Кіріспе Қазіргі таңда ішкі аудитің қажеттілігі бұрынғыдан да артып отыр, өйткені, Қазақстандағы кәсіпорындардың экономикалық жағдайының дамуы олардың өзара бәсекелестігінің артуына және мемлекетіміздің халықаралық есеп және аудит стандартына өтуімен тікелей байланысты. Жалпы ішкі аудиттің қазіргі жағдайы даму жолында болғандықтан, алдағы кезеңдерде осы проблеманы шешіп, алдағы уақытта жоғары деңгейдегі кәсіпорындардың және басқа да субьектілердің ішкі бақылау жүйесін қамту жалпы қызмет түрін жақсартып, еліміздің экономикасына да оң әсерін тигізеді деп түсінемін. Біздің білуімізше әр кезең, ай сайын бақыланып отыратын нысанның жұмысы адал әрі экономикалық жағынан тиімді жүргізіледі. Егер осы ішкі аудит саласы бойынша толықтырулар мен жаңа жақтар қарастырылатын болса көптеген компаниялар өз жұмысының дұрыс та әділетті жүргізілуін қамтамасыз ете алады, ал сонымен қатар ол еліміздегі компаниялардың, кәсіпорындардың қарқынды дамып жетістікке жетіп мемлекетіміздің деңгейін бір шама көтереді. Бұл ғылыми еңбекте ішкі аудиттің теориялық негіздері, тарихи даму кезеңдері, оның тәжірибелік ұйымдастыру жолдары қарастырылған және технологиялық жүргізілу бағыттары да көрсетілген. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті субьектілердің экономикалық проц естерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді. Бизнестің кәсіби ішкі аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Ішкі аудитті жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты.

№4 слайд
Аудитт пайда болуы жне оны
Содержание слайда: Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет. Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық – жұмыс барысына тиісті информацияны тексеруші тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған. Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастан арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған. Аудит Қазақстан республикасында жаңадан пайда бола бастады. 1990 жылы алғашқы аудиторлық фирма ҚР министрлер Кеңесінің 15.02.1990 жылғы №60 қаулысына байланысты ҚР Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан –аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 жылдан бастап ол өз бетінше ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады. Аудиторлық жұмыстың әрі қарай дамуына 18.10.1993 жылы шыққан «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заңы әсерін тигізді.

№5 слайд
Аудит функциялары мен объект
Содержание слайда: Аудит функциялары мен объектілері, пәні Аудит дегеніміз – ол, кәсіпорынның табыстылық есебін тексеріп, онда көрсетілген шаруашылық табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын анықтап, сонымен қатар бухгалтерлік есебін, қаржысын, салық заңдарын, банк және әлеуметтік есеп процесін келісім-шарт бойынша кәсіпкер ретінде тексеріп арнайы төлем арқылы қызмет көрсету. Аудит – ол табыстылық отчетін немесе соған қатысты объектілер туралы информацияларды арнайы қорытынды жасау үшін дербес тексеру жүргізу Аудит – ол шаруашылық, табыстылық операцияларының заңдылығын тексеріп, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі мен отчетының дұрытығын анықтап, арнай толем арқылы бақылау тексеру, түсініктеме беру, сараптау қызметін көрсету. Аудит пәні және объектілері олардың алдына қойылған мақсаттар және міндеттер арқылы анықталады. Аудит пәні дегеніміз шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, т.б. кәсіпорындардың жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объетивті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.

№6 слайд
Аудит постулаттары р трл
Содержание слайда: Аудит постулаттары Әр түрлі ғалымдар мен маман - практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады: 1. Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін. 2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы. 3. Верификацияның (қандай да бір нәрсенің дұрыстығын тексеру) мүмкіндігі. 4. Есептеме дұрыс жасалмаған. 5. Егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттігімен реттемеленеді. 6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес. 7. Аудитордың пікірі оның мүдделеріне тәуелді. 8. Есеп беру мәліметтерінің обьективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорциональды. 9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі және әрдайым ақпараттылығы аз болады. 10. Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі бір деңгейде иландырады. 11. Бұрынғы (алдыңғы) ақпараттың құндылығы. 12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау

№7 слайд
Аудиторлы ызмет аудитт нег зг
Содержание слайда: Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі: Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі:

№8 слайд
ылыми аудит . ылыми аудитт бл
Содержание слайда: Ғылыми аудит 1. Ғылыми аудиттің бұл методологиясы ақиқат шындықты объективті неғұрлым толық бейнелейтін экономикалық теория мен диалектикалық тәсілге сүйенуі тиіс. Аудит нарықты экономика жағдайында әрекет жасаушы талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс. Ғылыми басқару тұрғысынан алғанда аудиторлық қызмет көрсетуінде ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтері де болады, өйткені ол ақиқат болып саналатын кейбір ғылыми жайларды шаруашылықты басқару тәжірибесінде қалай іске асыруға болатынын тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да аудитор есебінде көбінесе белгілі бір білім және дағдыны иемденетін ғылым әрекет етеді.

№9 слайд
Жйел л к, бт нд к жне
Содержание слайда: Жүйелілік, бүтіндік және комплекстік, Бақылаудың белгілі бір бөлімге жұмылдырылуы Жүйелілік, бүтіндік және комплекстік. Жүйелілік пен бүтінділік аудиторлық тексеру барысында зерттеу объектісін жекеше емес, керісінше жан-жақты өзара байланыста қарастыруды талап етеді. Аудит объектісі бүтіндей бір жүйе ретінде қарастырылады, мұның өзі тереңірек танып-білуді қамтамасыз етеді. Комплекстік шаруашылық субъектінің әрекетінің көрсеткіштерін, құбылыстарды өзара тәуелділікте қарау, аудиторлық процедуралардың жүйелік реттерін сақтай отырып, әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуін талап етеді. Бақылаудың белгілі бір бөлімге жұмылдырылуы. Аудиторлық тексеруде көп жағдайда кәсіпорын қызметінің барлық жағын, оған әсер ететін факторлар мен байланыстарын түгелдей зерттеу ақылға қонымсыз, әрі өте қиын. Сондықтан да бақылауды кәсіпорын қызметінің белгілі бір учаскесіне жұмылдыру қағидасының маңызды методологиялық мәні бар.

№10 слайд
Объективт л к, Адалды аудит
Содержание слайда: Объективтілік, Адалдық аудит Объективтілік. Объективтілік- бұл берілген іске ғана қатысты фактілерді назарға алатын ойлау түрі. Аудитор өз жүмысында шыншыл, адал әрі тура, ойын ашық айтатын болуы тиіс. Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есеп беруінің дұрыстығы жайлы өз пікірін көрсететін қорытындысында аудитор оның қаржы жағдайын дәл көрсетуі тиіс. Шаруашылық субъектінің әрекетінің нәтижесін дәл, объективті бағалау-информацияны пайдаланушылардың дұрыс шаруашылық щешімдерін қабылдау үшін қажетті алғы шарт. Объективтілік-интеллектуалдық шыншылдықты көрсетеді, жай ғана жалпы мағынадағы шыншылдық емес, іске бүтіндей адал, әрі объектквті қарау. Өйткені сыртқы аудиторлар ешкімте тәуелсіз емес. Адалдық. Аудитор өзі шындығына сенбейтін нәрсені растауға тиіс емес және ешқандай азғыруларғы ермеуі тиіс, көрсе қызарлыққа, пайда табуға, өз мүддесін ойлауға тиісті емес.

№11 слайд
Туелс зд к, оперативт л к,
Содержание слайда: Тәуелсіздік, оперативтілік, Құпиялылық немесе конфиденциялдық аудит Тәуелсіздік. Аудиторлар қаржылық есептер мен өзге информацияларды ешқандай алдын-ала пайымдаусыз зерттеп, қаржылық информацияларды ұсынушылар мен оны қолданушыларға әділ болуы тиіс. Аудитор статусын қоғамдық мойыңдау - оның тәуелсіздігін мойындауға нетізделген. Құпиялылық немесе конфиденциялдық. Аудитор өзінің жұмыс барысында алған информацияны үшінші бір жаққа ерекше рұқсатсыз немесе мұндай заңды немесе мамандық міндеті болмаса беруіне болмайды. Оперативтілік. Бұл қағида тапсырманы тез, анық әрі тиімді орындауын білдіреді. Аудиттің оперативтілігі аудиторлық процедуралардың өз уақытысында жүргізіліп және тапсырыс берушіге дер кезінде зерттеу нәтижелерін беруінде қорытындыланады. Осы нәтижелердің негізінде тиісті қаржылық, басқарушылық, өндірістік және өзге де шаруашылық шешімдер қабылданады.

№12 слайд
Профессионалды, шеберл л к, б
Содержание слайда: Профессионалдық, шеберлілік, білушілік және ұқыптылық аудиті Аудит тиісті дайындық тәжірибесі бар және жіті білікті адамдармен, профессионалдықпен жүргізілуі тиіс. Профессионал аудитор тексеретін кәсіпорындарды, онда қабылдаған ішкі бақылау тәсілдерін зерттеуін, кәсіпорынның бухталтерлік проблемалары жайлы кез-келген информацияны алуын күтпеген жағдайларда тез әрекет етуін, зерттеуді бұзушылық бар екеніне (немесе жоқ екеніне) толық көзі жеткенше жүргізуін талап етеді. Ал бұл үшін ол жетік білікті маман болуы тиіс. Жетік білікті аудитордың аудит теориясы мен практакасын білетіндігімен, дайындық тәжірибе мен мамандық дәрежесінің белгілі деңгейде екендігімен, бухталтерлік және аудит сұрақтары бойынша халықаралық және үлттық стандарттар мен нормативтердің даму бағытын, сондай-ақ заң органдарымен белгіленген белгілі реттеуші талаптарды түсінетінімен шамаланады. Шеберлілік - қандай да бір нәрсені жақсы істей алу қабілеті Аудитор болғысы келген талапкер шеберліліктің жоспарлау, аудиторлық тесттерді өңдеу және компыотермен зерттеу жүргізу секілді элементтерін оқиды. Ұқыптылық – абайлылық сақтық секілді түсініледі: аудитор жұмысында сақ болуы тиіс, яғни ол өзі сенімділігіне көзі жетпейінше түсініктемелерді дұрыс деп санауына болмайды, ұқыпылық деп сондай-ақ орындалатын жұмысқа мұқият, әділ ниетпен қарауы түсініледі. Аудитор өзінің жұмысын дұрыс жоспарлап, содан кейін оның орындалуының дұрыстығын қамтамасыз етеді, яғни тесттерді толық көлемде орындалып және олардың нәтижелері бойынша адекватты қорытынды шығуын қамтамасыз етеді.

№13 слайд
Есеп беруш л к, Дайындау, п к
Содержание слайда: Есеп берушілік, Дайындау, пікір, Коммуникация аудиттері Есеп берушілік. Аудитор көп жағдайларда акционерлердің мүддесін, сонымен бір уақытта шаруашылық процесінің өзге де қатынасушыларының мүдделерін ескере отырып қимыл жасауы тиіс. Дайындау, пікір. Аудитор оның профессионалдық пікірлерін қолдануы тиіс. Коммуникация. Аудитор өз пікірін білдіру үшін мәселені толық түсінуге қажеттілердің барлығын ашуы тиіс. Көпшіліктің мүддесі үшін аудиторлар, егер оларға кәсіпорын сақтауға тиіс болған ережені, заңды бұзғаны немесе алдау фактісі белгілі болса тиісті деңгейдегі басшыларға мәлімдеме жасауы мүмкін.

№14 слайд
шк аудит шк аудит кс порына
Содержание слайда: Ішкі аудит Ішкі аудит – кәсіпорынға қызмет көрсету аясында жүргізілетін ішкі бақылау жүйесін талдау үшін менеджмент арқылы анықталатын қызмет. Ішкі аудиттің қарастырылатын мәліметтері жалпы кәсіпорын жұмысының дамуына оның жетілуіне септігі өте зор, өйткені ішкі аудит ол ішкі бақылау яғни, өндірістің және де басқа да сату-сатып алу процестерінің қадағалануын тексерістік процедуралар көмегімен қарастырылу жағы кеңінен жазылып көрсетіледі. Ішкі аудиттің көмегімен бақылау және талдау іске асырылады, сонымен қатар жүйелерді жақсартуға, жетілдіруге ұсыныстар беріледі. Ішкі аудит субъектінің ішінде жүргізілетін жұмыстарға тәуелсіз түрде баға беру, оларға қызмет көрсету болып табылады. Ішкі аудиттің мақсаты субъектінің экономикалық саясатын дұрыс жүргізілуіне, ішкі бақылаудың дұрыстығына, барлық бөлімдері мен бөлімшелерінде жұмыстың орындалуына эксперттік түрде баға беру. Жалпы алғанда ішкі аудиттің орындалатын жұмыстарының саны өте көп. Бухгалтерлік құжаттардың дұрыс орындалуы мен барын тексерумен қатар, ішкі аудит әкімшілік тәртіптің сақталуын, бұйрықтар мен үкімінің орындалуын тексереді және тауарлы материалды құндылықтарды, негізгі құралдарды түгендеу жұмысын ұйымдастырады т. с. с. Ішкі аудиттің міндеті мен мақсаты және орындалатын жұмысы субъекті бастығының талабына сай жүргізіледі. Сонымен қатар субъекті бастығының ұсынысы бойынша ішкі аудиттің жұмысы ұйымдастырылады.

№15 слайд
шк аудитт м ндеттер мен
Содержание слайда: Ішкі аудиттің міндеттері мен функциялары Қызметтің негізгі міндеттері: 1) ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау; 2) тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау; 3) бухгалтерлік есеп жүйесінің әділдігін, толықтығын, шынайылығын және қаржылық есептіліктің сенімділігін бағалау; 4) Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын бағалау, осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің дұрыстығын бағалау (комплаенс-бақылау); 5) Қоғам ресурстарының қолданылуының және Қоғам мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуде қолданылатын әдістердің (тәсілдердің) қолданылуының ұтымдылығы мен тиімділігін бағалау; 6) Қоғамдағы корпоративтік басқару үдерісінің жетілдірілуін бағалау; 7) Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарының ішкі аудит қызметтерін әдіснамалық қамтамасыз ету.

№16 слайд
ызмет з не жктелген м
Содержание слайда: Қызмет өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды орындайды: Қызмет өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды орындайды: 1) Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің дұрыстығы мен тиімділігіне бағалау жүргізеді; 2) Қоғамдағы тәуекелдерді бағалау әдіснамасы мен тәуекелдерді басқару рәсімдерінің қолданылу толықтығына және олардың тиімділігіне бағалау жүргізеді; 3) Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық келісімдердің, Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарының орындалуына, сондай-ақ уәкілетті және қадағалаушы органдардың тапсырмаларының, Қоғам органдары шешімдерінің орындалуына тексеру жүргізеді және осы талаптарды орындау мақсатында құрылған жүйелерді бағалайды; 4) Қоғам бөлімшелері Қоғамның стратегиялық мақсаттары шеңберінде алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданатын шараларының дұрыстығына бағалау жүргізеді; 5) қабылданған корпоративтік басқару қағидаттарының, Қоғамдағы тиісті әдеп стандарттары мен құндылықтарының енгізілуі мен орындалуына бағалау жүргізеді; 6) Қоғамның тиісті органдары мен бөлімшелерінің тәуекелдермен және ішкі бақылаумен байланысты мәселелер бойынша ақпарат алуының тиімділігіне бағалау жүргізеді; 7) Қоғамның сыртқы аудитор ұсыныстарын орындауына мониторинг жүргізеді; 8) белгіленген тәртіппен берілген Қызметтің ұсыныстарының орындалуын соңынан бақылайды; 9) корпоративтік басқаруға, ішкі бақылауға және тәуекелдерді басқаруға қатысты Қоғамның ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысады; 10) Директорлар кеңесіне, Басқармаға, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес/тәуелді ұйымдарына ішкі бақылау және ішкі аудит жүйелерін ұйымдастыру жөнінде кеңес береді; 11) Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарының ішкі аудит қызметтерінің, Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдары болмаған жағдайда, Директорлар кеңесінің және/немесе Аудит жөніндегі комитеттерінің қызметін қадағалайды және олардың қызметін бағалауға қатысады; 12) сыртқы аудит жүргізетін Қоғам аудитіне жәрдемдеседі; 13) еншілес/тәуелді ұйымдардың ішкі аудит қызметтері қызметкерлерін кәсіби оқытуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға бағытталған ұсыныстар береді; 14) айрықша жағдайларда, Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша, Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарында ішкі аудит қызметі болмаған жағдайда оларда ішкі аудит жүргізеді; 15) өз құзыреті шегінде Қызметке жүктелген өзге функцияларды жүзеге асырады.

№17 слайд
Содержание слайда:

№18 слайд
Содержание слайда:

Скачать все slide презентации Нарықтық экономика жағдайында компанияның ішкі аудитін ұйымдастыру одним архивом:
Похожие презентации