Презентация Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері онлайн

На нашем сайте вы можете скачать и просмотреть онлайн доклад-презентацию на тему Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері абсолютно бесплатно. Урок-презентация на эту тему содержит всего 18 слайдов. Все материалы созданы в программе PowerPoint и имеют формат ppt или же pptx. Материалы и темы для презентаций взяты из открытых источников и загружены их авторами, за качество и достоверность информации в них администрация сайта не отвечает, все права принадлежат их создателям. Если вы нашли то, что искали, отблагодарите авторов - поделитесь ссылкой в социальных сетях, а наш сайт добавьте в закладки.
Презентации » Математика » Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері



Оцените!
Оцените презентацию от 1 до 5 баллов!
  • Тип файла:
    ppt / pptx (powerpoint)
  • Всего слайдов:
    18 слайдов
  • Для класса:
    1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11
  • Размер файла:
    255.69 kB
  • Просмотров:
    93
  • Скачиваний:
    0
  • Автор:
    неизвестен



Слайды и текст к этой презентации:

№1 слайд
Оу масаты . . . . параллель
Содержание слайда: Оқу мақсаты: 11.3.2.4. параллель және перпендикуляр жазықтықтардың белгілері мен қасиеттерін біледі және қолданады;

№2 слайд
Ек жазытыты ке ст кте зара
Содержание слайда: Екі жазықтықтың кеңістікте өзара орналасуларының екі жағдайы болуы мүмкін: 1. Екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар. Сонда екі жазықтықтың қиылысуы аксиомасы бойынша олардың ортақ түзуі бар. Мұндай жазықтықтар қиылысушы деп аталады. 2. Екі жазықтықтың ортақ нүктесі жоқ.

№3 слайд
Содержание слайда:

№4 слайд
Жазытытарды параллельд к белг
Содержание слайда: Жазықтықтардың параллельдік белгілері. 1. Егер бір жазықтықтың қиылысатын екі түзуінің әрқайсысы басқа жазықтыққа параллель болса, онда бұл жазықтықтар параллель. 2. Егер бір жазықтықта жатқан қиылысатын екі түзу екінші жазықтықта жатқан екі түзуге сәйкесінше параллель болса, онда ол екі жазықтық параллель болады.

№5 слайд
Параллель жазытытарды
Содержание слайда: Параллель жазықтықтардың қасиеттері. 1. Егер параллель екі жазықтықты үшінші жазықтық қиятын болса, онда қиылысу түзулері параллель болады. 2. Егер түзу параллель жазықтықтардың біреуін қиятын болса, онда ол екінші жазықтықты да қияды. 3. Егер жазықтық параллель жазықтықтардың біреуін қиятын болса, онда ол екінші жазықтықты да қияды. 4. Берілген жазықтықта жатпайтын нүкте арқылы оған параллель жазықтық жүргізуге болады және ол тек біреу ғана. 5. Үшінші бір жазықтыққа параллель екі жазықтық өзара параллель. 6. Параллель жазықтықтардың арасындағы параллель түзулердің кесінділері тең болады. 7. Егер түзу екі параллель жазықтықтардың біріне перпендикуляр болса, онда ол екінші жазықтыққа да перпендикуляр болады.

№6 слайд
Тапсырма . ABCDA B C D
Содержание слайда: Тапсырма 1. ABCDA1B1C1D1 кубында A1D1 қырының ортасы К нүктесі арқылы A1C1D жазықтығына параллель қима жүргізу керек.

№7 слайд
Тапсырма . РABCDE бесбрышты
Содержание слайда: Тапсырма 2. РABCDE бесбұрышты пирамидасының ABCDE табанының ішкі М нүктесі арқылы РАВ жағына параллель өтетін α қимасын салыңыз.

№8 слайд
А дегей . В нктес АЕС шбрыш
Содержание слайда: А деңгейі. В нүктесі АЕС үшбұрыш жазықтығында жатпайды, М, К және Р нүктелері – сәйкесінше АВ, ВС және ВЕ кесінділерінің орталары. а) МКР және АЕС жазықтықтары параллель екенін дәлелдеңіз. б) АЕС үшбұрышының ауданы 48 см2 болса, МКР үшбұрышының ауданын табыңыз.

№9 слайд
В дегей .ABCDA B C D
Содержание слайда: В деңгейі.ABCDA1B1C1D1 параллелепипедінде A1DB жазықтығы D1CB1 жазықтығына параллель екенін дәлелдеңіз.

№10 слайд
С дегей .DF тзу , жне
Содержание слайда: С деңгейі.DF түзуі α, β және γ жазықтықтарын сәйкесінше D, E және F нүктелерінде қияды және DF=3, EF=9. EG түзуі α және γ жазықтықтарын сәйкесінше G және H нүктелерінде қиып өтеді және EG=12. GH ұзындығын табыңыз.

№11 слайд
Содержание слайда:

№12 слайд
Жазытытарды перпендикулярлы
Содержание слайда: Жазықтықтардың перпендикулярлық белгілері. Егер екі жазықтықтың біреуі екіншісіне перпендикуляр түзу арқылы өтетін болса, онда бұл жазықтықтар перпендикуляр болады. Салдар: 1. Егер жазықтықтың басқа жазықтыққа перпендикуляр ең болмағанда бір түзуі бар болса, онда ол жазықтықтар өзара перпендикуляр. 2. Егер жазықтық берілген екі жазықтықтың қиылысу түзуіне перпендикуляр болса, онда бұл жазықтық берілген екі жазықтықтардың әрқайсысына перпендикуляр болады.

№13 слайд
Перпендикуляр жазытытарды
Содержание слайда: Перпендикуляр жазықтықтардың қасиеттері: 1. Егер түзу өзара перпендикуляр екі жазықтықтың бірінде жатса және олардың қиылысу түзуіне перпендикуляр болса, онда бұл түзу басқа жазықтыққа да перпендикуляр. 2. Егер өзара перпендикуляр екі жазықтықтың біреуіне тиісті нүкте арқылы өтетін түзу екінші жазықтыққа перпендикуляр болса, онда ол бірінші жазықтықта жатады. 3. Егер үшінші жазықтыққа перпендикуляр екі жазықтық қиылысатын болса, онда олардың қиылысу түзуі үшінші жазықтыққа перпендикуляр болады.

№14 слайд
Бер лген жазытыа
Содержание слайда: Берілген жазықтыққа перпендикуляр түзуді осы жазықтыққа нормаль деп атайды. Қиылысушы екі жазықтықтың арасындағы бұрыштың шамасы осы жазықтықтардың нормальдары арасындағы бұрышқа тең.

№15 слайд
А дегей .АВС шбрышыны АВ жне
Содержание слайда: А деңгейі.АВС үшбұрышының АВ және ВС қабырғалары орталары арқылы осы қабырғаларға перпендикуляр α және β жазықтықтары жүргізілген. М нүктесі α және β жазықтықтарының қиылысу түзуіне тиісті. М нүктесі АВС үшбұрышының төбелерінен бірдей қашықтықта екенін дәлелдеңіз.

№16 слайд
В дегей .РАВС дрыс тетраэдр
Содержание слайда: В деңгейі.РАВС дұрыс тетраэдрінде К нүктесі – ВС қабырғасының ортасы, D нүктесі – АР қабырғасының ортасы. Келесі жазықтықтардың өзара перпендикуляр екенін дәлелдеңіз: а) АКР және ВСР; б) АКР және ВСD.

№17 слайд
Содержание слайда:

№18 слайд
Содержание слайда:

Скачать все slide презентации Параллель және перпендикулярлы жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері одним архивом: